ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!

Хабарландыру

17 Шілде 2020

2020 жылдың басынан облыс аумағындағы су айдындарында 23 адам қаза болды, оның 11-і балалар.

Сонымен қатар, 12-13 шілде аралығында 3 адам суға батқан, атап айтқанда:

  1. 2020 жылғы 12 шілдеде Отырар ауданында 1967 және 1997 жылы туылған азаматтар суға батқан;
  2. 2020 жылғы 13 шілдеде Арыс қаласында 1991 жылы туылған азамат суға батқан.

Жалпы облыс аумағында орын жағдайлардың негізгі себептері:

- балалар үлкендердің қарауынсыз қалуы;

- абайсыздан суға құлау, жүзе білмеу;

- жеке құтқару құралдарын пайдаланбай балық аулау;

- тыйым салынған жерлерде шомылу және т.б.

 

ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!!!

Су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына және балалардың су айдындарында қараусыз қалуына жол бермейік, өзіміз бен балалардың өмірін бірге сақтайық.