2020 жыл 13 шілде - ҚР Жалпыұлттық аза тұту күні

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 27-бабы 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17306 болып тіркелген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №256 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар  көлемдері  осы  қаулыға 1, 2  қосымшаларға  сәйкес  бекітілсін.
  2. Түркістан облысы әкімдігінің:

  1) 2018  жылғы  14 мамырдағы  №133  «Асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын дамытуға мал  шаруашылығының  өнiмдiлiгiн және өнім  сапасын  арттыруға  субсидиялар көлемдерін  бекіту туралы» (Нормативтік  құқықтық актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №4604 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 мамырда «Оңтүстік  Қазақстан»  газетінде  және 2018  жылғы 24  мамырда  Қазақстан  Республикасының  нормативтік құқықтық  актілерінің  Эталондық  банкінде  жарияланған);

  2)  2018 жылғы 20 шілдедегі №211  «Оңтүстік  Қазақстан  облысы  әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы №133 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және  өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы»  қаулысына өзгеріс  енгізу туралы»  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4696 болып тіркелген, 2018 жылғы 24  шілдеде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2018 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған)  қаулыларының  күші жойылды деп танылсын.

  1. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4) осы  қаулыны  оның ресми  жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т.Нүкеновке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

  Облыс әкімі  Ж.Түймебаев

 

 

Қ.Т.Нүкенов

Т.К.Сәрсембаев

А.Е.Тұрғымбеков

Е.Қ.Тасжүреков

Е.Ә.Садыр

А.С.Сәбитов

Ұ.Сәдібеков

А.Б.Тасыбаев

 

 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2018 жылғы «___»_____________ №_____ қаулысына


Қосымшаны жүктеу (DOCX)