×
Полная версия сайта

Официальный интернет-ресурс

Бәйдібек
ауданы әкімдігі

Ашық әкімдік Конкурстар АҚ "БЖЗҚ" Материалдар Сұрақтар Ақпараттық хабарлама Нормативтік құқықтық актілер Әкім аппараты Басшылық Құрылым Бәйдібек ауданы әкімінің аппарат басшысы, бөлім бастығы Мемлекеттік қызметтің имиджі Кадрмен қамтамасыз ету Конкурстар Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілген кандидиттар Ауданның бірыңғай конкурстық комиссиясының оң қорытыныдысын алғандар Халықпен жұмыс Азаматтарды қабылдау кестесі Бөлімдер Ауылдық округтер Мемлекеттік қызмет Инфографика Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Мемлекет қызметтер тізімі Мемлекеттік сатып алу Өңір туралы Бәйдібек ауданының есептері 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Жаңалықтар Хабарландырулар Өңірдің даму бағдарламалары Eлді мекендердің бас жоспарлары Үй іргелік жер телімін алу үшін кезекте тұрған азаматтардың тізімі Мәслиxат Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімі Аудандағы білім саласының есебі Аудандағы мектептер Аудандағы балабақшалар Жоспар Аудан бюджетінің атқарылуының есебі Кәсіпқой емес медиаторлар Ауыл шаруашылығының субсидиясы №312 қаулы 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы Автомобиль жолдары Аудан әкімінің баяндамалары Аудан әкімінің және ауылдық округтері әкімдерінің жергілікті тұрғындарға есеп беру кездесулерінің кестесі Бюджет Рухани жаңғыру

Аудандағы білім саласының есебі

Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Құлымбеттің білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіндегі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы баяндамасы



Құрметті Бахтбек Төленұлы!

Қадірлі тамыз кеңесінің қонақтары мен әріптестер!

Енді санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталмақ. Сондықтан, ең алдымен Өздеріңізді – ұлағатты ұстаздар қауымын келе жатқан Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекетіміздің егемендігін еселеп, келешегін кемел етер жас ұрпаққа білім мен ұлттық рухын көтеріп, тәрбие беру ісіне шын ниетімен қызмет ететін ұлағатты ұстаздармен білім саласындағы үлкен өзгерістер кезеңін талдап, алдағы оқу жылындағы мақсат-міндеттерді айқындайтын, тамыз кеңесіне қош келдіңіздер!

Мемлекет болашағының кепілі - жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екендігі туралы қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», - деп атап айтқан болатын.

Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында - «Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғандығын және Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясын жүзеге асыра отырып, 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында реформаларды жүргізу, еліміздің Үшінші жаңғыруы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілгендігін» тілге тиек етіп, адам капиталын арттыру мен жаңа технологияларды енгізу және әлеуметтік мәселелер бойынша нақты тапсырмаларды іске асыру мақсатын айқындап берді.

«Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» - деп Елбасымыз айтқандай бұл бағыттағы тапсырмаларды табысты орындайтынымызға үлкен сенім артылуда. Өйткені, ел дамуының ХХІ ғасырдағы стратегиялық өсу нүктесіне айналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген шаралар құрметті де, абыройлы мамандық иелері - ұстаздардың ерен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асырылып келеді. Бұл – баршамызға мол міндеттер мен зор жауапкершілікті жүктейді.

Осыған орай, биылғы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің негізгі тақырыбын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» деп алып, алдымыздағы жаңа оқу жылына ұстанар бағыт-бағдарды анықтау мақсатында, ел келешегінің қайнар бастауы: мектептің, ұстаздардың, оқушылардың жай күйіне талдау жасай отырып, алдағы өзекті мәселелерді сөз еткелі отырмыз.

Білім саласындағы басты мақсат – сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту мен білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ту еткен мемлекетіміз, білім саласын өз қамқорлығынан тыс қалдырған емес.

Оның дәлелі, 2018 жылы білім саласын дамытуға 5 млр 815млн 673 мың теңге қаралып, бір оқушыға шаққанда кететін шығын (359 мың 194 теңгеге) 2017 жылмен (345 мың 992 теңгеге) салыстырғанда 10 пайызға артып, қаралған қаржылар жылдан-жылға еселенуде.

Бұл – еліміздің әл-ауқатының жақсаруы мен Елбасының тікелей қамқорлығының нәтижесі деп білемін.



Құрметті көпшілік!

Сапалы білімнің негізін қалау жаңа үлгідегі жабдықтармен жабдықталған білім нысандары мен кәсіби білікті мамансыз мүмкін еместігі баршамызға мәлім.

Аудандағы 12114 оқушы оқитын 49 білім беру мекемесінің 37-і типтік үлгіде салынса, ыңғайластырылған жайда орналасқан 12 білім нысандарының саны жылдан-жылға қысқарып, әр бір жаңа оқу жылында оқушылардың заманауи мектептерде білім алуына зор мүмкіндіктер жасалынуда.

Жалпы ауданда апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын білім мекемелері жоқ.

Дегенімен, қазіргі таңда ыңғайластырылған жайда орналасқан 12 (26,5,%) білім мекемелерінің ішінде 2017 жылы облыстық бюджеттен 150 орындық О.Орманов, Б.Момышұлы, «Ақтау», Ж.Жүнісбеков, жергілікті бюджеттен 100 – орындық С.Жиренов, "Жаңаталап“ мектептерінің өтпелі құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа құрылысы аяқталатын 5 мектеп (О.Орманов, Б.Момышұлы, Ақтау, Ж.Жүнісбеков, С.Жиренов мектептері) жаңа оқу жылының қарсаңында ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен қаралған 77 млн 635 мың 803 теңгеге Л.Өтешов (22 млн 811 мың 120 теңге) және «Ақтас» (22 млн 454 мың 683 теңге) мектептерінің сыртқы қабырғаларын жылу ұстағыш материалдармен қаптау және әрлеу, 44 білім мекемесіне қажетті (цемент, әк, сыр бояулар, құрылыс тақтайлары) заттар алынып (32 млн 370 мың теңге), ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Қысқы маусымға дайындық барысында жеке автономды қазандықтармен жылытылатын 44 білім беру мекемелеріне 100 пайыз сығымдау жұмыстары жүргізіліп, актілері рәсімделсе, табиғи газбен жылытуға 6 білім нысандарына («Тасқұдық», Жамбыл, Алтынсарин, Ш.Уалиханов, «Боралдай», О.Орманов) жергілікті бюджет есебінен қаралған 25 млн 509 теңгеге жылыту қазандықтары орнатылса, білім мекемелеріне қажетті 7769 тонна қатты отынға жергілікті бюджет есебінен 77 млн 602 мың теңге қаралып, толығымен тасымалданды.

Білім мекемелерін жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы республикалық бюджеттен қаралған қаржы есебінен 157 дана мультимедиялық жиынтықтар (66,5 млн теңге), 7 мектеп (Әуезов, Ерубаев, Абай, Жамбыл, Әбдіжаппаров, Шаян лицей, Бөген,) роботехникалық кабинет жабдықтарымен (41 млн теңге) қамтамасыз етілсе, 2018 жылға жергілікті бюджет есебінен 24 млн 304 мың теңгеге алынған 49 мультимедиялық жабдықтар үлестірілсе, 23 млн 798 мың теңгеге білім мекемелерін Wi-Fi құрылғыларымен толықтай қамтамасыз ету мақсатында ашық конкурс өткізу жұмыстары жүргізілуде.



Құрметті Бахтбек Төленұлы!

Бұл жанашырлық іс – аудандағы білім ордаларының материалдық базасын нығайтуға қосылған зор үлес болғандығын айта кетіп, Сізге, баршамыздың атымыздан шынайы алғысымызды білдіреміз.



Құрметті әріптестер!

Мектепке дейінгі сапалы білім мен баланың қабілеттерін толықтай дамыту қоғам үшін маңызды, өйткені бала – еліміздің болашағы және оның гүлденуінің негізі болып табылады.

2017 жылы жергілікті жердің қажеттілігіне қарай, нысаналы көрсеткішті (85,5 пайыз) орындау бағытында біршама жұмыстардың нәтижесімен, жекеменшік әріптестік бағытта «Рәзияана» (Бірлік ауылынан 60-орындық б/б), «Әуелайым» (Екпінді ауылынан 100-орындық б/б) балабақшалар ашылып, 57 мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі 1-6 жастағы балалар саны 3754-ке, қамту пайызы 85,5 пайызға жетті (15-мемлекеттік балабақшада 1446 бала, 37 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 1878 бала бар. Сондай-ақ, 5 жекеменшік балабақшада 430 бала).

Ағымдағы жылы жоспарланған межені орындау мақсатында (90,6 пайыз) бағдарламаның өзектілігі ескеріле отырып, жаңа құрылысы аяқталатын «Ақтау» (89 бала), О.Орманов (115 бала), С.Жиренов (74 бала) мектептерінің жанынан 100 баланы қамтитын шағын орталықтар ашу жоспарлануда.

Дегенімен, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 90,6 пайыз қамту межесін орындамау қауіпі бар. Себебі, ауылдық жерлерде көптеген ата-аналар бала тәрбиесін өз қолдарына алып, мектепке дейінгі ұйымдарға жібермеу жағдайлары көптеп кездесуде.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев мектепке дейінгі білім беруді жаңартуға қоғамның назарын аудара отырып, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда халықаралық тәжірибе негізінде қазіргі заманғы озық әдістемелерді енгізу керек. Олар инновациялық, ал білім беру технологиясы креативті болуы қажет» деп нықтап тапсырып отыр.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектепке дейінгі білім берудегі негізгі міндеттердің бірі бастауыш білім берудің сабақтастығын ескере отырып, проблемаларын тиімді шешуге ықпал ету болып табылатындығы. Осыған байланысты, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі 375 педагог мамандарымыздың 87,6 пайызы жоғары білімді болса, 12,3 пайызы яғни 46 педагог маман жоғары және бірінші санатты мұғалімдер.

Біліктілігі жоғары педагог мамандарымыздың іс-тәжрибелерімен бөлісу мақсатында аудан, облыс көлемінде «Аружан», «Шапағат», «Айсұлтан» балабақшаларында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, әдіс алмасу семинарлары өткізілді.

Дегенмен, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қаржысы жергілікті ауыл әкімшіліктеріне қарағандықтан мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруда қаржы жетіспеушілігі, сондай-ақ балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен нысандардың қазіргі заман талабына сәйкес келмейтіндігі, инновациялық технологияларды енгізуде жаңа заманауи құрылғылармен қаматамасыз етуде жүйеліліктің жоқтығы секілді кедергілер туындауда.



Құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары -100 нақты қадам» стратегиялық бағдарлама құжатында білім саласы бойынша негізгі басымдық ретінде12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, функционалдық сауаттылығын дамыту тұрғысында мектепстандарттарын жаңарту, табысты мектепті ынталандыру жүйесінқұруды атап көрсеткен.

Осы орайда, 2017-2018 оқу жылында 1,2,5,7 сыныптарды бітірген 4678 оқушы 12 жылдық білім берудің кезеңіне сәйкес жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу жылын сәтті аяқтаса, жаңа оқу жылының қарсаңында 3, 6 және 8 сынып оқушылары 5 күндік оқыту жүйесіне көшкелі отыр. Аталған бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын дамыта отырып, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде өз қажеттілігіне асыра білуінде. Осы бағытта оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін тынымсыз еңбектеніп, ұстаздарымыздың еңбек жолында үлкен жауапкершілік міндеттеліп отыр.

Оқушыларға білім берудің негізгі тұтқасы – оқулықтар және олармен толық қамтамасыз ету екендігі белгілі.

Жаңа оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 3, 6, 8 сынып оқушыларын оқулықтарымен толықтай қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаралған 140 млн 052 мың теңгеге 11 баспамен 101 мың 745 дана оқулықтарды алуға келісім шарттар түзіліп, тасымалдануда.

«Ұстаз беделі – білім сапасының негізі» - демекші аудандағы 12114 білім алушы жасөспірімдерге сапалы да саналы тәрбие беру ұлағатты ісінде қызмет жасайтын 2114 педагог мамандардың 2074 (98,1%) жоғары білімді болса, біліктілік санаттары бойынша 985 яғни 46,6 пайызы– жоғары және бірінші санатты мамандар.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2017 жылдың қорытындысымен педагогтердің жалпы санынан бірінші және жоғары санаты бар педагогтердің үлесі бойынша 52 пайызға жету межесі жоспарланған.

Дегенмен, бұл көрсеткіш бойынша ауданды төмен қарай тартып отырған мектептердің қатарынан «Қосбұлақ», «Досан», Қ.Сәтбаев атындағы мектептері көрінсе, жоғары және бірінші біліктілік санаттағы кадрлардың үлесі жоғары болғанымен «О.Тайманов, С.Ерубаев атындағы мектептерде кадрлар корпусының сапасы мен жұмыс нәтижесінде ара-алшақтық басымдау болып тұр. Сондықтан, аталған білім ұйымдарының ұжымдары алдағы уақытта жұмыстарын ширату қажеттігін ескерте келіп, назарға алынатын болады.



Құрметті ұстаздар!

«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» - деп қазақтың аса көрнекті ағартушысы Ы.Алтынсарин айтқандай, осы тұрғыдан елімізде ұстаз мәртебесін көтеруде көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда.

Оның дәлелі, жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен сынып мұғалімдерінің лауазымдық жалақысының 30 пайызға көбейгендігімен қатар, біліктілік санатын көтерудің жаңа қағидаларына сәйкес барлық талаптарды қанағаттандырған ұстаздардың айлық-жалақыларын 30-50 пайыз көлемінде 1 қыркүйектен бастап үстеме ақы төлеу көзделуде.

Аталған ережеге сәйкес біліктіліктерін көтеруге 416 педагог мамандарымыз сұраныс беріп, облыс орталығында арнайы тестілеуден өтті. ІІ кезеңге тестілеу қорытындысымен жақсы нәтиже көрсеткен 218 мамандарымыз 3 жылдық жетістіктерін саралау нәтижелерімен іс-құжаттарына сәйкес санаттары тағайындалды.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр-білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғасыры.

Осы тұрғыдан жүргізілген жұмыстардың нәтжесімен 16 білім беру мекемесіне қажетті мамандықтар бойынша 23 бос орынға (Jumys.sitcen.kz электронды порталына) конкурстар жарияланып, хабарландырулар бойынша қажетті мамандықтарға автоматты түрде сұраныстар қабылдануда.

Атқарылған жұмыстардың барлығы білім саласын оңтайландыру бағытында жүзеге асырылып жатқан игі істердің көрінісі.



Құрметті әріптестер!

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» -деп Елбасымыз айтқандай қазіргі таңда, өркениетті қоғамда «Тіл – адамзаттың баға жетпес құндылығына» айналуда.

Осы құндылықтарды дамыту тұрғысынан арнайы курстан өткен аудандағы 5 (С.Әбдіжаппаров – химия, С.Ерубаев химия-физика, Абай – биология, Қ.Байменов – физика, Шаян көпсалалы лицей – информатика) білім беру мекемесіндегі 6 педагог мамандарымыз 1 қыркүйектен бастап өз пәндері бойынша (химия, биология, физика, информатика) 8–сынып оқушыларымен үш тілде оқыту үрдісі бойынша дәріс беріу жоспарлануда.

Сонымен қатар, арнайы бағдарлама аясында 340 педагог мамандарымыз, оның ішінде тиімді оқыту бағдарламасы бойынша 199 педагог, мектептегі мұғалім көшбасшылығы бойынша 62 педагог, желілік қауымдастықтағы көшбасшылық бойынша 79 педагог мамандарымыз өз білімдерін жетілдіріп, білім беру саласында өзіндік сүбелі үлестерін қосуда.



Құрметті көпшілік!

«Тегінде адамзат баласы бір-бірінен ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын Абайдың сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Осынау қасиеттерді дамытуда білікті ұстаздарымыздың алар орыны ерекше.

Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 688 мектеп бітіруші түлектердің 452-і (65,6 %) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 86,2 орталау балменен (2017 жылғы көрсеткіштен 17,2 балл жоғары) облыс көлемінде ауданымыз алдыңғы үштіктен көрінді.

Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысымен «Жиенқұм» (116,8 балл), Ө.Жолдасбеков (108,3 балл), Комсомол (108,3 балл), «Теректі» (98,7 балл), «Қайнар» (98,3 балл) мектептері жоғары көрсеткішке қол жеткізсе, «Ақтас» (77,2 балл), О.Орманов (76,3 балл), «Борлысай» (73,7 балл), «Алмалы» (73,5 балл), С.Ерубаев (72,0 балл), О.Тайманов (64,4 балл) мектептерінің көрсеткіштері төменгі деңгейден көрінді. Соның ішінде, О.Тайманов жалпы орта мектебінің көрсеткіші соңғы үш жыл көлеміндегі тестілеудің қортындысыменде мектептер арасында соңғы орындардан көрініп отыр.

11-сынып түлектерінің ішінен 47 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 7 оқушы «Үздік аттестат» иегеріне ұсынылып, білім мекемелерінде тапсырылған мемлекеттік емтихандардың қорытындысымен барлық үміткерлеріміз «өте жақсы» деген бағаменен 11 жылдық білімнің нәтижесімен қорғаса, тестілеудің қорытындысымен 21-і 100 балдан жоғары балды иемденді. Дегенімен, «Алтын белгі» төсбелгісіне ұсынылған оқушылардың ішінде «Кеңсай» (Базарбек Гүлнәз Қайсарбекқызы-70 балл), О.Тайманов (Төреқұл Әсел Бақытқызы-75 балл), С.Ерубаев (Шардарбек Элмира Айдарбекқызы-76 балл), М.Әуезов (Зайнылабидин Манзура Алтынханқызы-77 балл) мектептерінің оқушылары салыстармалы түрде төмендеу нәтиже көрсетіп, бағалаудың қалыпты түрде жүргізілмейтіндігін дәлелдеді.



Құрметті ұстаздар!

Сіздерді алдағы уақытта осы бағытта шынайы жұмыстар жүргізуге шақырған болар едім.

Білім беру ұйымдары қызметінің сапасы, білім беру ұйымы басшыларының атқарушылық тәртібі мен жауапкершілігін арттыру үрдісі туралы объективті ақпаратты алу, білім критерийлерінің бірыңғай түсінігін және оны өлшеу әдістерін қалыптастыру, мектептегі білім сапасының мемлекеттік және әлеуметтік стандарттар талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында рейтингтік жүйе қалыптасқан. Аталған рейтингтің 14 көрсеткіштері (мекеме басшыларының сабаққа енуі, олимпиадалар мен байқаулары, арыз-шағымдар, білім сапасы, тәртіп мәселесі т.б.) бойынша жалпы балл жинақталып, қорытындыланады.

Осы негізде, оқу жылының қорытындысымен 49 білім мекемесінің оқу-тәрбие процесіне жүргізілген І және ІІ жарты жылдықтардың рейтинг нәтижесімен «Бөген», Әуезов, Шаян лицей жалпы орта мектептері және «Жаңаталап», «Жолғабас», Алтынсарин негізгі орта мектептері жоғары орыннан көрінді.

Мектеп жасындағы балаларға міндетті жалпы орта білім беруді толыққанды жүзеге асыру мәселесін шешудің бірден-бір жолы – тұрмысы төмен отбасы балаларына материалдық тұрғыдан қолдау көрсету. Осыған орай аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына «міндетті оқу қорынан» қаралған қаржы 2017 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артып, 78 млн 528 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуында ыстық тамақтың маңызды рөл атқарары сөзсіз екендігін ескере отырып, 2018 жылы аудандағы 49 білім мекемесінің 43-інде (91%) білім алатын 11035 бала 38 асхана мен 5 буфеттен тамақтануына жағдай жасалып, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мемлекет есебінен 53 млн 647 мың 529 теңге қаржыға 1207 бала (9,9%) бір мезгіл тегін байытылған ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.



Құрметті көпшілік!

«Адамзат баласының бұл өмірде үш түрлі міндеті болады» деген сөз бар. Оның біріншісі - ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру, екіншісі - ұстаздық қылып, шәкірт баптау, үшіншісі - ілім-білім жинап, қоғамға қызмет ету. «Бұл орайда, тәлім-тәрбие - ата-анадан, оқу мен білім - ұстаздан, ал қоғамға қызмет ету - баршамызға ортақ парыз болса керек. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағлымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы қағидалар.

Білім бөлімінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен 10 демеушілер тартылып, қазіргі таңға 50 оқушыға сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу жоспарлануда. Сондай-ақ, мемлекет есебінен «міндетті оқу қорынан» қаралған 20 млн қаржыны әлеуметтік тұрмысы төмен 500 баланың ата-аналарына рәсімделген тиесілі құжаттары бойынша 40000 теңгеден жеке есепшоттарына аударылып, қаржылай көмек берілді.

Ауданда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 41 бала болса, оның 36-сы қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 5-і патронаттық тәрбиеге берілген. Бұл – Қазақстанда болашақта балалар үйлерін қалдырмай, жетім балаларды отбасында тәрбиелеу үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.

Елбасының сөзінен туындайтын жетім балаларды ақысыз тегін оқыту жөніндегі мемлекеттік шаралардың аясында оқу жылының қорытындысымен Абай, «Майбұлақ», Қ.Сыпатаев, Шаян лицей, Ш.Уалиханов, «Боралдай» мектептерінен 6 оқушы облыс әкімінің жоғары оқу орындарына тағайынған грант иегерлері атанды. Бұл да – тұл жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан қамқорлықтың шынайы көрінісі.

Тәлім-тәрбие қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғышарттары. Осыған орай жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сауықтыру орталықтарымен қамтамасыз ету басты мақсатымызға айналуда.

Ауданымызда орналасқан жазғы сауықтыру орталығына білім мекемелерінен 960 оқушы тартылып, жазғы демалыстарын қызықты өткізуге толықтай жағдай жасалынды. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларынан 240 оқушы сауықтыру орталығында тегін демалыс ұйымдастырылса, республика, облыс көлеміндегі лагерлерде ата-аналардың есебінен 189 оқушы демалыстарын өткізді.

Нысаналы көрсеткішті орындауда жауапкершілікпен қарап, жақсы нәтиже көрсеткен білім мекемелерінің қатарынан С.Ерубаев, С.Әбдіжаппаров, Есіркеп батыр, Ш.Уалиханов, Абай, «Жолғабас», «Қосбұлақ» мектептері көрінсе, өз істеріне немқұрайлықпен қарап, жұмыс өнімділігі төменгі деңгейден көрінген «Жүзімдік», «Борлысай», «Майбұлақ» мектептері анықталды.

Дегенімен, облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес мектеп жасындағы балаларды (1-10 сынып оқушылары 11427 оқушы) қала сыртындағы жазғы сауықтыру орындарымен қамту көрсеткішімізді (15 пайыз, яғни 1714 бала) орындау мүмкіндігі жоқ. Себебі, жаз маусымында ауданда орналасқан сауықтыру орталығы 1714 баланы толықтай қамтамасыз ету қуаттылығы көтермейді.



Құрметті ұстаздар!

Білім саласында бүгінгі күні алдына жаңа талап қойып,Білім беру жүйесін жаңарту шарттарын ұстанып,жаңаша ізденістермен жұмыс атқарып келе жатқан білім ұйымдарымыз бен ізденімпаз ұстаздарымыздың да жұмысын мақтаныш тұтамыз!

Аудандағы үздік ұстаздарымыз бен озық ойлы шәкірттеріміз жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада, ғылыми жобалар мен білім сайыстарының қорытындылары бойынша облыс, республика деңгейінде жеңімпаздар қатарынан көрініп, ауданымыздың мерейін үстем етуде.

Оның дәлелі, мұғалімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып, ауданның намысын жоғарғы деңгейде қорғаған пән мұғалімдері жақсы нәтижеге қол жеткізді. Соңғы 2 жылды салыстырып қарасақ жүлдегер мұғалімдеріміздің қатары жылдан жылға артып, 2017 жылы облыстық мұғалімдер олипиадасына 9 маман І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын – 1, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 2, «Алғыс хат» – 2) марапатталса, 2018 жылы бұл көрсеткішіміздін саны 11-ге жетіп, ауданымыздың пән мұғалімдері үздік ұстаздар қатарынан көрінді (ІІ орын – 4, ІІІ орын – 5, «Алғыс хат» – 2).

Дегенімен, қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» - деп айтқандай аудан деңгейінде ешқандай жүлдеге ілінбеген мектептердің педагог қауымына берілетін бағасын пайымдауға негіз болар-ақ.

Жалпы орта білім беретін мектептердің жетістігі оқушының білімді меңгеруімен, оны ой елегінен өткізіп, теориялық білімін дәлелдей алуымен, қорытынды жасауымен жүзеге асырылады. Бұл бағытта аудан оқушылары облыстық ғылыми жарыстарда 36 оқушы жақсы жетістіктерге жетіп, 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда оқушыларымыздың жеткен жітістіктері 14,8 пайызға артып отырғандығы, облыс көлемінде II-ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Бөген», М.Әуезов, «Комсомол», Қ.Сыпатаев, «Теректі», Шаян лицей, Жамбыл, Ш.Уалиханов, С.Ерубаев, С.Әбдіжаппаров, «Жаңаталап» мектептерінің оқушылары ғылым жолындағы ізденіс жұмыстарының нәтижелерін көрсете білді.



Құрметті әріптестер!

Бұл табыстар – аяулы ұстаздарымыздың еселі еңбегінің арқасы дей отырып, алғысымды білдіремін.

Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадасының облыстық кезеңіне 33 оқушы қатысып, «Борлысай», Шаян лицей, М.Әуезов, Н.Арапов, «Ақтас», Ө.Жолдасбеков, «Сарыбұлақ», «Теректі» мектептерінің оқушылары жүлдегер атанса, 13 оқушы жақсы нәтиже көрсеткені үшін «Алғыс хатпен» марапатталып, оның ішінде 1 оқушы республикалық кезеңге қатысып, дипломмен оралды.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары олимпиадамен қатар, халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі сайыстарда жүлдегер атанып, туған жерінің атын сонау шет елде танытып жатқанын айтқым келеді.

«Бейбітшілік әлемі» халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен Біріккен Араб әмірлігі, Дубай қаласында өткен ұстаздар мен оқушылардың «Дубай-2017» халықаралық достық форумы, өнер фестиваліне ауданда Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балқыбекова Айымжан мен 11-сынып оқушысы Арапханұлы Рысбек «Дубайға келгенде» атты тақырыпта өз шығармашылығынан білімі мен өнерін көрсетіп гран приді жеңіп алды.

Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында өткен А.Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп оқудан «Абайдың асыл мұрасы» атты республикалық сайысқа «Борлысай» жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сәдуақас Нұрсара қатысып І орын, республикалық қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңінде 4 оқушы жүлдегер атанып, облыстың намысы үшін Ш.Уалиханов мектебінің 11 сынып оқушысы Бажақай Гүлжауһар «сөз шеберлері» конкурсына қатысып, республикадан ІІІ орын иегері атанды.

А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Мәдениет орталығында» «Алаш үміті» атты І халықаралық рухани жаңғыру фестиваліне М.Әуезов, Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары Қалдарбек Бекболат – М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы – дәстүрлі ән орындаушыларының конкурсында 2-орын; Арыстанбек Ұлдана – М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 7-сынып оқушысы – көркем сөз шеберлері конкурсына 3-орын; Әбдіғаппар Ақмарал – М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы – «Жас ғалым» конкурсына 3-орынды иеленді. Сонымен қатар, Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектептен Бауыржанұлы Мейрамбек – 6-сынып оқушысы эстрадалық-вокал жанры бойынша «Алаш үміті» бас жүлдесін жеңіп алса, 11-сынып оқушысы Бауыржанұлы Бекарыс 2-орынды иеленді.

«Жақсылар дастан айтайын» қазақ батырлары эпосы жыршылары байқауының облыстық кезеңінде Н.Арапов атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жандосұлы Елжан 1-орын, Бөген жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бимырзақызы Ұлдана 3-орын иеленді.

1 желтоқсан – Президент күніне байланысты «Елбасы – елдің тірегі» атты мектеп оқушылары арасында өткен VІ ақындар айтысы байқауының облыстық кезеңінде «Бөген» жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Аман Саят қатысып, «Диплом» иегері атанды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ҚР Президентінің қоры «Kazakh Tourism ҰК» АҚ ұйымдастыруымен «Көшбасшы жолы» атты мектеп турына Саңғылбай Ерхан – Жүзімдік ЖОМ 8-сынып оқушысы; Шалдарбек Сымбат – Майбұлақ ЖОМ 8-сынып оқушысы; Бимырзақызы Ұлдана – Бөген ЖОМ 10-сынып оқушысы; Ержан Нүрила – С.Әбдіжаппаров мектебінің 9-сынып оқушысы Алматы қаласына барып қайтты.

«Көркемсөз оқу шеберлері» атты облыстық байқауға Т.Қазақбаев атындағы ЖОМ 11-сынып оқушысы Арапханұлы Рысбек қатысып «Алғыс хат» иеленсе, «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңінде С.Әбдіжаппаров мектебінің оқушылары 1-орын, Абай ЖОМ оқушысы 3-орын алды.

«Әбіш оқулары» байқауынан І орын алған мектеп оқушылары облыстың намысын қорғап, Маңғыстау қаласында өткен республикалық байқауда ІІІ орын иеленді.

Сонымен қатар, 2017-2018 оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген облыстық іс-шараларға қатысқан ауданның оқушылары «Менің денсаулығым-менің болашағым-менің экологиям» байқауында ІІ дәрежелі (Жасыл желек 2 командасы), «Табиғатты қоршаған, адам әркез қорғаған және Сұғанақтыққа жол бермейміз» атты сайыстардаІІІ дәрежелі (С.Жиренов НОМ Пірназар Аяжан), «Өнерлі ұстаз-2017» байқауында І дәрежелі («Қайнар» жалпы орта мектебінің мұғалімі Ш.Әлжанов), «Жаңашыл мұғалім – 2017» байқауында ІІІ дәрежелі (Алтынсарин негізгі орта мектебінің мұғалімі Ж.Култаева), «Ең үздік шығармашыл ұстаз» байқауда ІІІ дәрежелі (№1 мектеп интернатының мұғалімі Я.Утелбаев) дипломдармен марапатталып, ауданымыздың абыройын асқақтатуда.

Білімді шәкірттеріміз Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген сайыста «Үздік жас оқушы» (100 мың теңге сыйақы берілді) номинациясымен (Ш.Уалиханов ат. ЖОМ оқушысы Ұласбек Гүлсая), облыстық білім басқрамасының ұйымдастыруымен «Менің тұңғыш Президентім!» атты сайыста ІІ дәрежелі (Н.Арапов жалпы орта мектебінің оқушысы Ғ.Алшора), «Ел жүрегі - Астана» тақырыбындағы байқауда ІІІ дәрежелі (Н.Арапов жалпы орта мектебі), «Өнерімді еліме арнаймын» байқауында ІІІ дәрежелі (Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің «Думан» бишілер тобы) дипломдарды иемденсе, «Туған жерге тағзым» атты облыстық өнер байқауында ауданымыз ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.



Құрметті әріптестер!

Қорыта айтқанда, міндет ауыр, мақсат айқын болып тұр. Ертеңінен үміт күткен Мәңгілік еліміздің ұрпағы білімді, білікті болуы үшін нақты жоспарлармен нақты қадамдар қажет. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімін дамытуға негізделген жаңа жүйенің берері көп-ақ. Сондықтан әр ұстаздың әзірленіп жатқан жаңа мазмұнды бағдарламаны игеру маңызды. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді» – деп Б.Момышұлы айтқандай, өзімізге сын көзбен қарай отырып жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, әр бір ісіміз табыстарға жетелей берсін.

Жаңа оқу жылын жаңа бастамалармен бастай берейік құрметті ұстаздар қауымы!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!