2020 жыл 13 шілде - ҚР Жалпыұлттық аза тұту күні

Сұрақтар

07 Шілде 2020

Жақында Норвегияның зейнетақы қоры туралы мақала оқыдым, олардың Қорында жұмсауға үлгере алмай жатқан орасан зор сома жиналып қалған екен, ал біздің БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері неге сонша аз?

07 Шілде 2020

«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы салына ма? Егер салынатын болса, мөлшері қандай?

07 Шілде 2020

Төтенше жағдай кезеңінде мен 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны екі рет алдым, бұл менің зейнетақы шотыма қандай да бір әсерін тигізе ала ма?

07 Шілде 2020

Жақында мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аудара алатынымды білдім. Ол үшін менің шотымда қаншалықты сома болуы керек және қаражатымды сақтандыру ұйымына аударған немесе БЖЗҚ-да қалдырған жағдайда қандай төлем алатынымды білсем бола ма?

07 Шілде 2020

Мен БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алғанмын және екі-үш күн сайын жеке зейнетақы шотымнан үзінді көшірмемді қарап, тексеріп отырамын. Байқағаным, сома үнемі өзгеріп отырады, оның тек көбейіп қана қоймай, кеміп отыратын кездері де болады. Неге олай болатынын түсіндіріп беріңіздерші?

15 Мамыр 2020

Зейнетақы жинақтарымыздың жағдайы қандай?

15 Мамыр 2020

Мен абайсызда БЖТ-ны басқа айға төлеп жіберіппін, төлемді қалай қайтарып алуға болады?

15 Мамыр 2020

Мен жақында босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шығуға дайындалып жүрмін. Жұмысымды тоқтататындықтан зейнетақы жинақтарымның жай-күйі не болмақ?

15 Мамыр 2020

Жақында БЖЗҚ салымшыларына есептелетін инвестициялық табыс көбею жағына қарай да, азаю жағына қарай да өзгеріп отыратындығы туралы оқыған едім. Сұрайын дегенім, біздің ақшамызды кім инвестициялайды, БЖЗҚ ма, әлде Ұлттық банк пе? Бүкіл қаржыға алтын сатып алып, оның құны өскенше жай ғана күтіп отыруға бола ма?

15 Мамыр 2020

Бес жыл бұрын БЖЗҚ-да маған шот ашылды. Өкінішке орай, соңғы уақытта менің ресми жұмысым болмай ешқандай аударым жасай алмадым. Менің зейнетақы жинағым күйіп кетті ме?

15 Мамыр 2020

Келесі жылы менің әкем зейнеткерлікке шығады. Жақында біз үзінді көшірмені қараған едік, онда шамамен 900 000 теңгедей шағын қаржы жиналып тұр екен. Осы соманы толық бере аласыздар ма?

03 Наурыз 2020

Мен ұзақ уақыт бойы базарда бейресми жұмыс істедім және жалақымды «қолма-қол» алып отырдым. Әрине, менде зейнетақы шарты да, шотым да болған жоқ. Ал қазір мен бір компанияға жұмысқа тұрдым, бірақ маған БЖЗҚ-да шарт жасау қажеттілігі жоқ деген хабарлама берді. Неліктен?

03 Наурыз 2020

Жақында маған инфаркт дертіне шалдыққаннан кейін екінші топ мүгедектігі берілді. Менің барлық жинақтарымды емделу үшін бірден бірақ беруі мүмкін бе?

03 Наурыз 2020

Менің тәтем шалғай ауылда тұрады, онда сіздердің филиалдарыңыз жоқ, аудан орталығына бару өте алыс, оған қалай кеңес алуға болады?

03 Наурыз 2020

Біз отбасымызбен, міне, бес жыл бойы Ресейде өмір сүріп жатырмыз. Мен анамды өзімнің қасыма алдырғым келеді, себебі, ол зейнетке шыққанда материалдық тұрғыдан қиналып қала ма деп алаңдаймыз. Бірақ ол жақсы зейнетақы алу үшін жинақтары мен еңбек өтілі жеткілікті деп санайды. Зейнетақы жасына жетуге оған бір-ақ жыл қалды, сол үшін де біз анамызға төленетін болашақ төлемдердің өлшемін шамамен есептеп көргіміз келеді, оны қалай істеуге болады?

03 Наурыз 2020

Мемлекеттік кепілдікті қазіргі уақытта қалай ресімдеуге болады, қайда өтініш жасау керек?

04 Ақпан 2020

Биыл 25 ақпанда менің анам 59 жасқа толады. Ол зейнеткерлікке шығуға дайындалып жатыр. Бұл үшін құжаттарды қайда тапсыру керек?

04 Ақпан 2020

Мен 25 жыл бойы кенші болып еңбек еттім. 55 жасымда зейнеткерлікке шықсам деп едім. Аннуитетті пайдалана отырып, мерзімінен бұрын зейнетке шығудың жолын айтып берсеңіз екен.

04 Ақпан 2020

Мен зейнетақы шотымнан үзінді көшірмені БЖЗҚ сайтының жеке кабинетінен алып тұратынмын. Бірақ соңғы бірнеше айда жеке кабинетке кірмеген соң, паролімді ұмытып қалдым. Не істеймін, тағы да Қордың бөлімшесіне баруым керек пе?

04 Ақпан 2020

2005-2006 жылдары менің жұмыс берушім зейнетақы қорына жарна ретінде менің жалақымның көлеміне сәйкес келмейтін ең аз соманы аударып отырған екен. Бұл туралы менің бұрынғы әріптесім айтты. Менің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып келе жатқаныма 15 жылдан асты. Осы жылдар бойынша толық үзінді көшірмені қалай алуға болады?