2020 жыл 13 шілде - ҚР Жалпыұлттық аза тұту күні

Басшылық

Бәйдібек ауданының әкімі

Шәріпбеков Ержігіт Шәріпбекұлы

1982 жылы Бәйдібек ауданында туған. Білімі жоғары, біліктілігі құқықтану және жергілікті мемлекеттік басқару.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдары қатарында қызмет атқарып бастаған.

2000 – 2005 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдары қатарында қызмет атқарған.

2005 – 2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «Сайрам сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассиры, директоры болып еңбек еткен.

2013 жылдан бері Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары

Бағдатбек Пердебайұлы ЖАНҒАЗИЕВ

Б.Жанғазиев 1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – Тарих және география пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын 2006 жылы Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған. 2006-2017 жылдары аралығында аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, аудан әкімінің бас инспекторы-кадрлық қызмет жетекшісі, аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың 06 қарашасынан бастап, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келді.

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары

Айкен Мәкенұлы ТЕМІР

А.Темір 1979 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы Бәйдібек аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманының міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. 2002-2015 жылдары аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобилъ жолдары бөлімінің бастығы, аудандық экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2015 жылдың 14 мамырынан бастап, - Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келеді.

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары

Нұрғали Мәметұлы АЙТЕКОВ

Н. Айтбеков1960 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес бакалавры.

Еңбек жолын 1977-2011 жылдар аралығында Бәйдібек ауданы Шаян автотранспорт кәсіпорынының жұмысшысы, Қ.Спатаев атындағы орта мектебінің мұғалімі, Қазақстан ЛКСМ аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, екінші хатшысы, Қазақстан КП аудандық комитетінің кабинет меңгерушісі, ҚазССР-і халық депутатының көмекшісі, Х/Д аудандық кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің бас референті, аудан әкімшілігі жалпы бөлімінің бастығы, аудан әкімі аппараты аумақты дамыту және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы, әкімшілік-құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, ұйымдастыру – кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы, аудан әкімі аппаратының жетекшісі, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру – инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2011 жылы 06 қыркүйектен бастап - Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келеді.

Бәйдібек АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Берік НҰРҒАЛИҰЛЫ ТҰРЛЫБЕКОВ

1987 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша Мемлекеттік және жергілікті басқару, Мемлекеттік басқару бакалавры.

Еңбек жолын 2009 жылы Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының іс тәжірибеге қатысушысы болып бастаған.

2009-2017 жылдары аралығында Бәйдібек ауданы әкімі аппараты құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, аудан әкімі аппараты құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру – бақылау бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру – инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Бәйдібек ауданы әкімі аппараты әкімшілік – жалпы бөлімшесінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың 11 қыркүйегінен бастап – Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған.