ЖОБА

Бәйдібек ауданы мәслихатының Шешімі

 

Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты  қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

 

           Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының  1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы                            №145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10030 тiркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Бәйдібек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
  2. Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмге 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
  3. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 ақпандағы №12/70              

«Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №3984 болып тiркелген  және 2017 жылғы 10 наурыздағы «Шаян» газетiнде және 2017 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

  1. «Бәйдібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Сессия төрағасы:                                                 Б.Қалаубай                                         

Мәслихат хатшысы:                                           М.Нахипбеков

 

 

 

Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары

 

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектiлер

Есептiк бiрлiк

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,95

1,061

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi және сол сияқтылар

1 орын

1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi

1 орын

1

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,3992

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi

1 қызметкер

0,275

6

Емханалар

1 адам

0,275

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,0

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 орын

0,0001

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар

1 орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,2

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

14

Азық-түлiк дүкендерi

Сауда алаңы 1 м2

1,23

15

Машиналардан сату

Сауда орны 1 м2

-

16

Өнеркәсiптiк дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,9091

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,974

18

Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

19

Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

20

Тұрмыстық қызмет корсету үйi: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,5

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

23

Дәрiханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,91

24

Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,107

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,2

26

Гараж кооперативтерi

1 гаражға

-

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,2

28

Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi

Жалпы алаңы 1 м2

0,27

29

Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,06

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

32

Ауданның аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

-

33

Бау-бақша кооперативтерi

1 учаске

0,0019

 

      

Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерi

                                                                                                                               

Атауы

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1.

Тұрмыстық қатты  қалдықтарды жинау, әкету

1.1.

Жайсыз үйлер

1 адам

101

 

Жайлы үйлер

1 адам

94

1.3.

Заңды тұлғалар

1 тонна

1200

2.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму

2.1.

Жеке және заңды тұлғалар

1 тонна

1200