Бала туғанда және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыларды рәсімдеу

22 Мамыр 2020

Бөлісу

Жүкті болу - әйел өміріндегі ең керемет кезеңдердің бірі. ❤️ Мұндай кезде айел адамға ерекше қамқорлық керек. Бүгін біз #қысқанұсқа айдарында бала тууға байланысты жәрдемақыларды еgov.kz электронды үкімет порталында оңай түрде онлайн рәсімдеу жолдарымен бөліспекпіз.


✅Ең алдымен порталда авторизациядан өтіп, «Отбасы» бөлімінен өзіңізге керекті қызметті табыңыз
✅«Онлайн сұрау» батырмасын басып, толтырылған өтінімге ЭЦҚ-ңызбен қол қойыңыз
✅Өтінімде «Қазпошта» немесе «Халық банкі» АҚ-ларынан ашылған жеке шотыңыздың (IBAN) нөмірін көрсету қажет
📌Ескерту: жеке шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс
✅Жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама 7 жұмыс күні ішінде жеке кабинетінізге «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне келіп түседі

📌Қажетті құжаттар:
✅Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты
✅Жаңа туған баланың және балалардың туу туралы куәліктері
✅Балаға қамқоршылық белгіленген жағдайда – қамқоршылық белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат
✅Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік
✅Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда – сенімхат ұсынады

‼️Онлайн-қызмет тек 2007 жылғы 13 тамыздан бастап баланың туу туралы жазба актісі жазылған, сондай-ақ 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некеге тұрған азаматтар үшін қолжетімді.