×
Полная версия сайта

Официальный интернет-ресурс

Бәйдібек
ауданы әкімдігі

Ашық әкімдік Конкурстар АҚ "БЖЗҚ" Материалдар Сұрақтар Ақпараттық хабарлама Нормативтік құқықтық актілер Әкім аппараты Басшылық Құрылым Бәйдібек ауданы әкімінің аппарат басшысы, бөлім бастығы Мемлекеттік қызметтің имиджі Кадрмен қамтамасыз ету Конкурстар Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілген кандидиттар Ауданның бірыңғай конкурстық комиссиясының оң қорытыныдысын алғандар Халықпен жұмыс Азаматтарды қабылдау кестесі Бөлімдер Ауылдық округтер Мемлекеттік қызмет Инфографика Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Мемлекет қызметтер тізімі Мемлекеттік сатып алу Өңір туралы Бәйдібек ауданының есептері 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Жаңалықтар Хабарландырулар Өңірдің даму бағдарламалары Eлді мекендердің бас жоспарлары Үй іргелік жер телімін алу үшін кезекте тұрған азаматтардың тізімі Мәслиxат Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімі Аудандағы білім саласының есебі Аудандағы мектептер Аудандағы балабақшалар Жоспар Аудан бюджетінің атқарылуының есебі Кәсіпқой емес медиаторлар Ауыл шаруашылығының субсидиясы №312 қаулы 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы Автомобиль жолдары Аудан әкімінің баяндамалары Аудан әкімінің және ауылдық округтері әкімдерінің жергілікті тұрғындарға есеп беру кездесулерінің кестесі Бюджет Рухани жаңғыру

Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша

11 Қазан 2019

Бөлісу

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1- қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды. 

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile  қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.

Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Сонымен бірге, азаматтардың мекенжай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат  бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сараптама жүргізіп, қазақстандықтардың жыл сайын әртүрлі ұйымдарға ұсыну үшін 20 миллионнан астам анықтаманы басып шығаратынын анықтады, олардың жартысына жуығы – мекенжай анықтамалары. Мекенжай анықтамалары негізінен жұмысқа орналасу, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, банк қызметтерін алу кезінде, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін сұратылған. Осылайша, мекенжай анықтамаларының күші жойылған кезде азаматтардың ХҚО-ға келу саны 10 миллион есе азаяды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.