×
Полная версия сайта

Официальный интернет-ресурс

Бәйдібек
ауданы әкімдігі

Ашық әкімдік Конкурстар АҚ "БЖЗҚ" Материалдар Сұрақтар Ақпараттық хабарлама Нормативтік құқықтық актілер Әкім аппараты Басшылық Құрылым Бәйдібек ауданы әкімінің аппарат басшысы, бөлім бастығы Мемлекеттік қызметтің имиджі Кадрмен қамтамасыз ету Конкурстар Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілген кандидиттар Ауданның бірыңғай конкурстық комиссиясының оң қорытыныдысын алғандар Халықпен жұмыс Азаматтарды қабылдау кестесі Бөлімдер Ауылдық округтер Мемлекеттік қызмет Инфографика Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Мемлекет қызметтер тізімі Мемлекеттік сатып алу Өңір туралы Бәйдібек ауданының есептері 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Жаңалықтар Хабарландырулар Өңірдің даму бағдарламалары Eлді мекендердің бас жоспарлары Үй іргелік жер телімін алу үшін кезекте тұрған азаматтардың тізімі Мәслиxат Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімі Аудандағы білім саласының есебі Аудандағы мектептер Аудандағы балабақшалар Жоспар Аудан бюджетінің атқарылуының есебі Кәсіпқой емес медиаторлар Ауыл шаруашылығының субсидиясы №312 қаулы 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы Автомобиль жолдары Аудан әкімінің баяндамалары Аудан әкімінің және ауылдық округтері әкімдерінің жергілікті тұрғындарға есеп беру кездесулерінің кестесі Бюджет Рухани жаңғыру

Бәйдібек ауданы әкімінің ШЕШІМІ

Шаян ауылы
03» қазан 2018 жыл

 

Бәйдібек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының                  23 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының  2 тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Бәйдібек ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

l. Ауданда дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін қосымшаға сәйкес сайлау учаскелері құрылып, олардың орталықтары мен шекаралары белгіленсін.

2. Бәйдібек ауданы әкімінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 4 «Бәйдібек ауданының аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2591 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 11 наурыздағы «Алғабас» газетінде, 2014 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Ресупликасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда ресми жариялауға жолданылуын;

4) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрлыбековке жүктелсін.

 

                           

Аудан әкімі                                                            Б.Танагузов

                                                                            

Бәйдібек ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

 

№ 142 сайлау учаскесі

Орталығы: Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектеп (Ағыбет ауылдық округі, Ағыбет ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 35 үй). Шекарасы: Ағыбет ауылы.

№ 143 сайлау учаскесі

Орталығы: «Майбұлақ» жалпы орта мектебі (Ағыбет ауылдық округі, Алғабас ауылы, Қаратау көшесі, 81 үй). Шекарасы: Алғабас ауылы.

№ 144 сайлау учаскесі

Орталығы: С.Сейфуллин атындағы бастауыш мектеп (Ағыбет ауылдық округі, Жұлдыз ауылы, Майбұлақ көшесі, 13 үй). Шекарасы: Жұлдыз ауылы.

№ 145 сайлау учаскесі

Орталығы: «Жаңаталап» негізгі орта мектебі (Ағыбет ауылдық округі, Жаңаталап ауылы, Жаңаталап көшесі, н/ү). Шекарасы: Жаңаталап ауылы.

№ 146 сайлау учаскесі

Орталығы: Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп (Ақбастау ауылдық округі, Ақбастау ауылы, Ө.Оспанов көшесі, н/ү). Шекарасы: Ақбастау ауылы.

№ 147 сайлау учаскесі

Орталығы: Ж.Жүнісбеков атындағы негізгі орта мектеп (Ақбастау ауылдық округі, Тұрақты ауылы, Ақжол көшесі, н/ү). Шекарасы: Тұрақты ауылы.

№ 148 сайлау учаскесі

Орталығы: Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектеп (Ақбастау ауылдық округі, Кеңес ауылы, Қ.Бегманов көшесі, н/ү). Шекарасы: Кеңес ауылы.

№ 149 сайлау учаскесі

Орталығы: «Жолғабас» негізгі орта мектебі (Ақбастау ауылдық округі, Жолғабас ауылы, Көкмешіт көшесі, н/ү). Шекарасы: Жолғабас ауылы.

№ 150 сайлау учаскесі

Орталығы: Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп (Алғабас ауылдық округі, Шақпақ ауылы, Ильясұлы көшесі, 8 үй). Шекарасы: Шақпақ, Үсіктас ауылдары.

№ 151 сайлау учаскесі

Орталығы: «Тұрмыс-1» жалпы орта мектебі (Алғабас ауылдық округі, Қазата ауылы, Қ.Шалтаев көшесі, 2 үй). Шекарасы: Қазата ауылы.

№ 152 сайлау учаскесі

Орталығы: Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп (Алғабас ауылдық округі, Таңатар ауылы, Ж.Қауымбаев көшесі, 45 үй). Шекарасы: Таңатар ауылы.

№ 153 сайлау учаскесі

Орталығы: Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп (Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылы, Алмалы көшесі, 6 үй). Шекарасы: Алмалы ауылы.

№ 154 сайлау учаскесі

Орталығы: Л.Өтешов атындағы негізгі орта мектеп (Алмалы ауылдық округі, Жарықбас ауылы, Ж.Дауталиев көшесі, 13 үй). Шекарасы: Жарықбас, Байжансай ауылдары.

№ 155 сайлау учаскесі

Орталығы: «Алмалы» жалпы орта мектебі (Алмалы ауылдық округі, Бәйдібек ата ауылы, Е.Шөкеев көшесі, 12/1 үй). Шекарасы: Бәйдібек ата ауылы.

№ 156 сайлау учаскесі

Орталығы: Қаратау мәдениет үйі (Боралдай ауылдық округі, Боралдай ауылы, О.Мамеков көшесі, 15 үй). Шекарасы: Боралдай ауылы.

№ 157 сайлау учаскесі

Орталығы: «Боралдай» жалпы орта мектебі (Боралдай ауылдық округі, Жоғарғы Боралдай ауылы, Төлеби көшесі, 45 үй). Шекарасы: Жоғарғы Боралдай ауылы.

№ 158 сайлау учаскесі

Орталығы: О.Тайманов атындағы жалпы орта мектеп (Боралдай ауылдық округі, О.Тайманов ауылы, Астана көшесі, 31 үй). Шекарасы: О.Тайманов ауылы.

№ 159 сайлау учаскесі

Орталығы: «Төменгі Боралдай» негізгі орта мектебі (Боралдай ауылдық округі, Ақжар ауылы, Бейбітшілік көшесі, 7 үй). Шекарасы: Ақжар ауылы.

№ 160 сайлау учаскесі

Орталығы: Н.Арапов атындағы жалпы орта мектеп (Боралдай ауылдық округі, Қаратас ауылы, № 1 көше, 56 үй). Шекарасы: Қаратас ауылы.

№ 161 сайлау учаскесі

Орталығы: «Теректі» жалпы орта мектебі (Боралдай ауылдық округі, Теректі ауылы, Қостұра көшесі, 55 үй). Шекарасы: Теректі ауылы.

№ 162 сайлау учаскесі

Орталығы: «Комсомол» жалпы орта мектебі (Боралдай ауылдық округі, Жыланды ауылы, № 1 көше, 28/2 үй). Шекарасы: Жыланды ауылы.

№ 163 сайлау учаскесі

Орталығы: Б.Момышұлы атындағы негізгі орта мектеп (Боралдай ауылдық округі, Түйетас ауылы, Жібек жолы көшесі, 33 үй). Шекарасы: Түйетас ауылы.

№ 164 сайлау учаскесі

Орталығы: Домалақ ана атындағы жалпы орта мектеп (Боралдай ауылдық округі, Амансай ауылы, Б.Өтембаев көшесі, 57 үй). Шекарасы: Амансай ауылы.

№ 165 сайлау учаскесі

Орталығы: Қ.Өтемісұлы атындағы негізгі орта мектеп (Боралдай ауылдық округі, Талап ауылы, № 1 көше, 89/1 үй). Шекарасы: Талап ауылы.

№ 166 сайлау учаскесі

Орталығы: «Сарыбұлақ» негізгі орта мектебі (Боралдай ауылдық округі, Сарыбұлақ ауылы, № 1 көше, 24/1 үй). Шекарасы: Сарыбұлақ ауылы.

№ 167 сайлау учаскесі

Орталығы: «Ақтас» жалпы орта мектебі (Борлысай ауылдық округі, Ақтас ауылы, О.Сеңгірбайұлы көшесі, 17/1 үй). Шекарасы: Ақтас, Шұқыршақ ауылдары.

168 сайлау учаскесі

Орталығы: «Борлысай» жалпы орта мектебі (Борлысай ауылдық округі, Қошқарата ауылы, Ә.Бектібаев көшесі, 9/2 үй). Шекарасы: Қошқарата ауылы.

169 сайлау учаскесі

Орталығы: «Кеңсай» жалпы орта мектебі (Борлысай ауылдық округі, Кеңсай ауылы, Х.Бозжігітова көшесі, 51/1 үй). Шекарасы: Кеңсай ауылы

№ 170 сайлау учаскесі

Орталығы: Абай атындағы жалпы орта мектеп (Бөген ауылдық округі, Шалдар ауылы, Б.Бахтиярұлы көшесі, 3 үй). Шекарасы: Шалдар, Бекбау ауылдары.

№ 171 сайлау учаскесі

Орталығы: О.Орманов атындағы жалпы орта мектеп (Бөген ауылдық округі, Сарқырама ауылы, Желтимес көшесі, 45/1 үй). Шекарасы: Сарқырама ауылы.

№ 172 сайлау учаскесі

Орталығы: Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектебі (Бөген ауылдық округі, Екпінді ауылы, Қызылсеңгір көшесі, 2 үй). Шекарасы: Екпінді ауылы.

№ 173 сайлау учаскесі

Орталығы: «Жиенқұм» жалпы орта мектебі (Бөген ауылдық округі, Жиенқұм ауылы, Сіргесалды көшесі, 12 үй). Шекарасы: Жиенқұм ауылы.

№ 174 сайлау учаскесі

Орталығы: Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп (Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Ж.Кертайұлы көшесі, 2 үй). Шекарасы: Жамбыл ауылы.

№ 175 сайлау учаскесі

Орталығы: Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп (Жамбыл ауылдық округі, Шыбыт ауылы, Б.Әшірбеков көшесі, 5 үй). Шекарасы: Шыбыт ауылы.

№ 176 сайлау учаскесі

Орталығы: «Жүзімдік» жалпы орта мектебі (Жамбыл ауылдық округі, Жүзімдік ауылы, №1 көше, 10 үй). Шекарасы: Жүзімдік ауылы.

№ 177 сайлау учаскесі

Орталығы: «Тасқұдық» негізгі орта мектебі (Жамбыл ауылдық округі, Тасқұдық ауылы, Мектеп көшесі, 12 үй). Шекарасы: Тасқұдық ауылы.

№ 178 сайлау учаскесі

Орталығы: Дәрігерлік тірек (Жамбыл ауылдық округі, Қызылжар ауылы, Жауқазын көшесі, 6 үй). Шекарасы: Қызылжар ауылы.

№ 179 сайлау учаскесі

Орталығы: Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп (Көктерек ауылдық округі, Кеңестөбе ауылы, Қарсыбай батыр көшесі, 20 үй). Шекарасы: Кеңестөбе ауылы.

№ 180 сайлау учаскесі

Орталығы: А.Нысанов атындағы негізгі орта мектеп (Көктерек ауылдық округі, Бірлік ауылы, А.Нысанов көшесі, 18/1 үй). Шекарасы: Бірлік ауылы.

№ 181 сайлау учаскесі

Орталығы: С.Жиренов атындағы негізгі орта мектеп (Көктерек ауылдық округі, Кеңесодақ ауылы, Ақөткел көшесі, 33 үй). Шекарасы: Кеңесодақ ауылы.

№ 182 сайлау учаскесі

Орталығы: «Бөген»  жалпы орта мектебі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылы, А.Ералиев көшесі, 25 үй). Шекарасы: Мыңбұлақ ауылы.

№ 183 сайлау учаскесі

Орталығы: «Қайнар» жалпы орта мектебі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Қайнарбұлақ ауылы, Қайнар көшесі, 1 үй). Шекарасы: Қайнарбұлақ ауылы.

 184 сайлау учаскесі

Орталығы: «Мыңбұлақ» жалпы орта мектебі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Мәдениет ауылы, Бірлік көшесі, 27 үй). Шекарасы: Мәдениет ауылы.

№ 185 сайлау учаскесі

Орталығы: «Досан» негізгі орта мектебі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Бестоғай ауылы, Қапшағай көшесі, 6 үй). Шекарасы: Бестоғай ауылы.

№ 186 сайлау учаскесі

Орталығы: Фельдшерлік-акушерлік тірек (Мыңбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Ақтөбе көшесі, н/ү). Шекарасы: Ақбұлақ ауылы.

№ 187 сайлау учаскесі

Орталығы: «Қосбұлақ» негізгі орта мектебі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Қосбұлақ ауылы, Көлбай би көшесі, 49 үй). Шекарасы: Қосбұлақ, Нұра ауылдары.

№ 188 сайлау учаскесі

Орталығы: «Шаян» көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 88 үй).

Шекарасы: Шаян ауылы, Шаян өзенінен Қарабастау каналының Күлтөбеге өтетін көпірден Арнасай бойымен М.Әуезов көшесінің басына дейін (Ж.Айтбекованың үйі), аумақтық инспекцияның ішіндегі үйлер қоса алғанда Ұлан, Ешенқұлов, Ақ бидай көшелерінің екі жағы М.Әуезов көшесіндегі екіқабатты 3 үйді қоса М.Әуезов көшесінің оң жағы Т.Рысқұлов көшесінің оң жағын ала отырып, Шаян өзені бойымен.

№ 189 сайлау учаскесі

Орталығы: М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, М.Әуезов көшесі, 9 үй).

Шекарасы: Шаян ауылы, М.Әуезов көшесінен тік Арнасайдың бойымен ауылдың солтүстік шетін ала отырып, Ш.Байғонов көшесінің сол жағы, М.Әуезов көшесінің сол жағы Шәкәрім көшесінің қиылысына дейін, Шәкәрім көшесінің қиылысынан С.Қадырбаев көшесінің қиылысына дейін М.Әуезов көшесінің екі жағы.

№ 190 сайлау учаскесі

Орталығы: С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, Е.Шөкеев көшесі, 83 үй).

Шекарасы: Шаян ауылының солтүстік шетінен Ш.Байғонов көшесінің оңтүстік жағын ала отырып, М.Әуезов көшесімен қиылысына дейін, М.Әуезов көшесінің солтүстік жағы, Т.Рысқұлов көшесінің шығыс жағы Шаян өзеніне дейін.

№ 191 сайлау учаскесі

Орталығы: «Күлтөбе» негізгі орта мектебі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 128/1 үй).

Шекарасы: Шаян ауылы, Күлтөбе мөлтекауданы (мазарат жанындағы көпірге дейін), Ә.Жылқышиев көшесі, Б.Қарашаұлы көшесі Арнасайға дейін.

 


Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстерi

№ р/с

Автомобиль жолдардың индексі

Автомобиль жолдардың атауы

Автомобиль жолдардың мекенжайы, шақырым

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

КХВК-1

КХ 7 «Бірлік-Мыңбұлақ»-Кеңес елді мекеніне кіре беріс

0-1,5

1,5

2

КХВК-2

КХ 3 «Көксәйек-Шымкент»- Ақбастау елді мекеніне кіре беріс

0-1,5

1,5

3

КХВК-3

М 32 «Шымкент-Самара»- Жиенқұм елді мекеніне кіре беріс

0-1,2

1,2

4

КХВК-4

КХ 2 «Ұланбел-Екпінді» -Шақпақ е/м кіре беріс

0-5,2

5,2

5

КХВК-5

КХ 5 «Шаян-Шақпақ»-Жаңаталап елді мекеніне кіре беріс

0-18

18

6

КХВК-6

КХ 3 «Көксәйек-Шымкент» Жүзімдік елді мекеніне кіре беріс

0-2

2

7

КХВК-7

КХ 2 «Ұланбел-Екпінді» -Тасқұдық елді мекеніне кіре беріс

0-8

8

8

КХВК-8

КХ 3 «Көксәйек-Шымкент» Мәдениет елді мекеніне кіре беріс

0-4

4

9

КХВК-9

КХ 3 «Көксәйек-Шымкент» - Мыңбұлақ-Қосбұлақ елді мекеніне кіре беріс

0-5

5

10

КХВК-10

Мыңбұлақ-Қайнарбұлақ елді мекеніне кіре беріс

0-11,5

11,5

11

КХВК-11

Ақбастау-Тұрақты елді мекеніне кіре беріс

0-6,7

6,7

12

КХВК-12

Тұрақты-Қаратас елді мекеніне кіре беріс

0-2,9

2,9

13

КХВК-13

КХ 3 «Көксәйек-Шымкент» Қаратас елді мекеніне кіре беріс

0-9,5

1,7

14

КХВК-14

КХ 3 «Көксәйек-Шымкент»- Жоғарғы Боралдай елді мекеніне кіре беріс 

0-1,7

9,5

15

КХВК-15

Қаратас-Теректі елді мекеніне кіре беріс

0-2

2

Бәйдібек ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы:

 

80,7

 


Бәйдібек ауданы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстерiн бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                         23 қаңтардағы заңының 31 бабының 2 тармағына және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының                  3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. «Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны аумақтық әділет органдарында мемлекеттік  тіркелуін;

    2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

    3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

    4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары            Н.Айтбековке жүктелсін.

 

 

                       Аудан әкімі                                        Б.Танагузов

 



ШЕШІМ

Бәйдібек ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №03 «Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

                                

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8-тармағына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімі   ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Бәйдібек ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №03 «Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы» (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4438 тіркелген, 2018 жылғы 10 ақпанында «Шаян» газетінде және 2018 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Ресупликасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

2. «Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімді  аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу  үшін жолданылуын;

         3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

        4) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Бәйдібек  ауданы әкімдігінің инернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

 

 

      Аудан әкімі Б.Танагузов