×
Полная версия сайта

Официальный интернет-ресурс

Бәйдібек
ауданы әкімдігі

Ашық әкімдік Конкурстар АҚ "БЖЗҚ" Материалдар Сұрақтар Ақпараттық хабарлама Нормативтік құқықтық актілер Әкім аппараты Басшылық Құрылым Бәйдібек ауданы әкімінің аппарат басшысы, бөлім бастығы Мемлекеттік қызметтің имиджі Кадрмен қамтамасыз ету Конкурстар Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілген кандидиттар Ауданның бірыңғай конкурстық комиссиясының оң қорытыныдысын алғандар Халықпен жұмыс Азаматтарды қабылдау кестесі Бөлімдер Ауылдық округтер Мемлекеттік қызмет Инфографика Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Мемлекет қызметтер тізімі Мемлекеттік сатып алу Өңір туралы Бәйдібек ауданының есептері 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Жаңалықтар Хабарландырулар Өңірдің даму бағдарламалары Eлді мекендердің бас жоспарлары Үй іргелік жер телімін алу үшін кезекте тұрған азаматтардың тізімі Мәслиxат Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімі Аудандағы білім саласының есебі Аудандағы мектептер Аудандағы балабақшалар Жоспар Аудан бюджетінің атқарылуының есебі Кәсіпқой емес медиаторлар Ауыл шаруашылығының субсидиясы №312 қаулы 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы Автомобиль жолдары Аудан әкімінің баяндамалары Аудан әкімінің және ауылдық округтері әкімдерінің жергілікті тұрғындарға есеп беру кездесулерінің кестесі Бюджет Рухани жаңғыру

Аудан әкімінің баяндамалары




Аудан әкімі Б.Танагузовтың «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылдыңқорытындысы мен алда атқарылатын негізгі міндеттері туралы» есебі

Құрметті ауыл тұрғындары!

Өткен жыл облысымыз үшін де, ауданымыз үшін де жаңа жетістіктер мен әлеуметтік жаңару жолында алға қарай қадам жасаған қарқынды өсу, өркендеу мезгілі болды.

Елбасының жарлығымен облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығы мен түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің жүрегі болған Түркістан қаласына ауысты. Сонымен қатар,киелі Бәйдібек ауданымыздың 90 жылдық торқалы мерейтойы аталып өтті.

Өткен жылы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аттыЖолдауынан туындағанміндеттерді жүзеге асыру мақсатында ауданымызда бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды.Аудандағыауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру,  мәдениет, спорт және басқа да салаларда оң өзгерістер орын алып, жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеді.

Нәтижесінде 2018 жыл қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 45 млрд теңгені құрап, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 835мың теңгені құрады. Оның ішінде өнеркәсіп өнімі көлемінің үлесі 9,2 пайызды, ауыл шаруашылық өнімі көлемінің үлесі 42,0 пайызды құрады.

 

Бюджет

Аудан бюджетінің кіріс бөлігі 13,4млрд  теңгеге орындалып, 100,6 пайызға немесе жоспарлы түсімнен 79,1 млн теңгеге артығымен орындалды.

Жергілікті бюджет түсімдері нақты 882,6 млн теңгеге, яғни 109,4 пайызға немесе 76 млн теңгеге артығымен орындалды.

Ауылдық округ бюджеті кіріс бөлігі нақты 796 млн теңге болып, жоспарлы түсімнен 6 млн теңге артығымен түсіп, жоспар 101 пайызға орындалды.

 Өзіндік кірістер түсімдері нақты 83,5 млн теңгеге, яғни жоспар 108 пайызға орындалып,  6 млн теңге артығымен түскен.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары 13,3 млрд теңге болса, нақты  игерілгені 13,28 млрд теңгені құрады.Жоспар 99,9 пайызға орындалып, 7 млн теңге игерілмеді.

 

 

Өнеркәсіп

Ауданымыздағы өнеркәсіп саласында 2018 жылғы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 4,2 млрдтеңге болып, нақты көлем индексі 104,0 пайызды құрады.2017 жылмен салыстырғанда                  1,1 млрд теңгеге артық орындалып отыр.

Индустрияландыру картасы аясында 2018 жылы аймақтық үйлестіру кеңесіне1 жоба ұсынылып, инвестициялық құны 15млрд.теңгені құрайтын «НН УА ГРУП» қорғасын мырыш кенін өндіру және өңдеу кәсіпорыны Түркістан облысының  2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына енді.Жоба аясында 100 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Ауданның табиғи ерекшелігіне сәйкес, баламалы электр энергия көздерін өндіру бойынша Оңтүстік Кореялық инвестор «KK Kiunsen» ЖШС-і ҚР Энергетика министрлігінің аукционынан 15 жылға 1 кВт электр энергиясын 19,6 теңгеден сатып алуға ұтып алып, келісім шартқа тұрды. 2018 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласында аудан әкімімен тиісті меморандумға қол қойылып, аталған серіктестік құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың наурыз айында бастауды жоспарлап отыр. Аталған «жасыл жоба» аудан әлеуетіне айтарлықтай үлес қоспақ.

Аудан бойынша 2018 жылы 3767 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп,2017 жылмен салыстырғанда 108,1 пайызға немесе 283 бірлікке өскен.

 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 7,7 млрд.теңгені құрап, 102,5 пайызға немесе 186,0 млн.теңгеге артқан. (2017 жылы 7,5 млрд.теңге).

 Экономиканың осы секторын дамыту мақсатында «Онтүстік» пен «Ырыс» серіктестігіарқылы 60 жоба                             350 млн.теңгеге қаржыланса, «Аграрлық несие корпорациясы» және «Бәйдібек несие» серіктестігі арқылы 73 жобаны                            505 млн.теңгеге қаржыландырған.

2018 жылы негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 29,4 млрдтеңгеге(жоспар 5,2 млрд теңге)жетіп, облыстың жалпы инвестициясының 10,2 пайызын құрады. Бұл салада ауданымыз Түркістан облысының аудандары мен қалалары арасында 2 орыннан көрініп отыр.

Бұл көрсеткіштің 66,8 пайызын араб инвесторларының «Интернешнл Фонд Хубара Консервейшн-Қазақстан» корпоративтік қорының қаржысы (19,6 млрдтеңге) құрап отыр.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер-меценат Оралбек Ботбайдың демеушілігімен Борлысай ауылдық округінің елді мекендері (Ақтас, Қошқара ата, Кеңсай)  мен Шаян ауылындағы М.Әуезов көшесіне жеке инвестиция есебінен жалпы құны 245 млн теңгеге ақылды жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілуде.

 

Туризм саласы

  Біз ауданның тарихи-мәдени мұрасын танымал ету мен тағылымдық туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыс атқардық. Бәйдібек ауданы аумағынан 5 туристік нысан Домалақ ана, Қос-ана, Бәйдібек ата кесенелері мен Ақмешіт әулие үңгірі және Аппақ Ишан мұражайы тіркелген. Оның ішінде облыстық туристік картаға аудан көлеміндегі екі тарихи нысан енгізілген. Олар «Ақмешіт үңгірі» және «Домалақ ана» кесенесі. Аталған 2 нысанға «Бәйдібек ауданының 2018-2020 жылдарға арналған даму концепциясы» бойынша жеке кәсіпкер қаржысы есебінен 2019 жылы 75,0 млн.теңгеге «Ақмешіт үңгірі» аумағынан келген туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ жай салу, айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстарын  жүргізуі жоспарланған (қазіргі таңда жер мәселесі бойынша сот жұмыстарының шешімін күтілуде).      Бәйдібек ата кесенесі жанынан жеке кәсіпкер есебінен (жоба құны – 45 млн) қазіргі талаптарға сай қонақ үй құрылысын жүргізілуде. Сонымен қатар, Бөген өзені бойынан «емдеу және демалыс орталығы» жобасының біршама құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда демалыс аймағы ретінде адамдарды қабылдауда.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы үшін де өткен жыл табысты болды. 2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 19,3 млрд. теңгені құрап2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 111,3 пайызға орындалып отыр.

Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі  117,7 пайызды (11,6 млрд теңге)құраса, өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 102,9 пайыз болды(7,7млрд теңге).

 

ІҚМ-ды тұқымдық түрлендіруге қатысушылардың саны артуда.Үш жақты келісім шарт бойынша 2018 жылы 600 бас аналықтарды «Сыбаға» бағдарламасы бойынша  сатып алу тапсырмасы берілсе, шаруалар өз қаржысына 1098 бас аналықтар алып жоспар 183 пайызға орындалды.

2018 жылы бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу тапсырмасы 944 басқа белгіленсе, 1558 бас өткізіліп, жоспар 165 пайызға орындалды.

Импорт арқылы 85 бас ІҚМ-ды сатып алу тапсырмасы бойынша ауданның 7 шаруашылығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС-нен 140 млн. теңге несие алып Ресей Федерациясынан 392 бас ІҚМ-ды сатып алуға келісімдер жасады. Нәтижесінде, жоспар 114 пайызға орындалды.

Соңғы жылдарды аудандағы уақ малдардың саны артып келеді. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша тапсырма 2736 бас уақ малдардың аналықтарын алу тапсырылса, шаруалар өз қаржыларына  7857 бас алып жоспар үш есеге жуық артығыменорындалды.

Ауданда аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары, яғнижануарларға сібір жарасы, аусыл, құтыру, эктима, туберкуллез және т.б ауруларға қарсы егу (вакцинация) жұмыстары мерзімінде жүргізіліп, эпизотиялық ахуал тұрақты сақталуда.

Мал өнімдерінің сапасы мен көлемін өсіріп, ауданда өндірілетін өнімнің әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экспорттық нарыққа шығу қажеттілігі туындауда.Ауданға мал шаруашылығын дамытуға инвестор тарту бойынша «Салурбей-Групп» Түрік компаниясы 3000 бас етті бағыттағы уақ малдарды өсіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде. Инвестордың келуі жергілікті тұрғындардың қолда бар малдарын шет мемлекеттерге экспорттауға жол ашады.

«Ауданның 2018-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін  дамыту» бағдарламасына сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 91,7 га болса, 2018 жылы нақты 93,4 мың га (102%) игерілді.

Бағдарламаға сәйкес ауданда 2 гектар жылыжай салыну қажет болса,  нақты 4,5 гектар орындалды. Аудан бойынша 200 га жерге тамшылатып суғару технологиясы ендірілді.

Өткен жылы Ағыбет ауылындағы ветеринариялық бекеті және мал тоғыту әуітінің  жаңа құрылсы пайдалануға берілді.

Суармалы жер көлемін 2000 гектарға ұлғайту мақсатында Бөген өзені бойынан «Сарқырама» су қойма құрылысына техникалық экономикалық негіздеме әзірленуде.

 

Құрылыс саласы

2018 жылы аудан көлемінде пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы ауданының межесі 12 240 шаршы метр болса нақты 12406 орындалып, 2017 жылмен салыстырғанда 107,7 пайыз орындалды.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемі 12,7 млрд. теңгеге межелесе, нақты 19 млрдтеңгеге орындалып, 2017 жылмен салыстырғанда 126,6пайыздықұрады.

Тұрғын үй құрылысы дамудың басым бағыттарының бірі болып қала бермек. 2018 жылы«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясындаШаян ауылындағы бір пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үй және 55 га жер теліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Одан бөлек,Шаян ауылындағы 2 қабатты 16 пәтерлі 5 үйдің құрылысы және аталған үйлердің сыртқы инженерлік жүйелері мен абаттандыру құрылысының жобалық сметалық құжаттамалары  мемлекеттік сараптамадан өтуде.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Аудандағы 52 елді мекеннің 35-не орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген (35 елді мекендегі халық саны 46 644 адамды немесе 85,1 пайызды құрайды).

2017 жылдан 2018 жылға өтпелі болып табылатын «Ақтас-Қошқарата- Кеңсай» магистралды суаққы және 3 елді мекендегі (Ақтас, Қошқарата, Кеңсай) ауыз су құбыры (403,0 млн теңге) пайдалануға беріліп отыр. Аталған елді мекендерге ауыз су босату жұмыстары 2019 жылдың алғашқы айларына жоспарланған.

2018 жылы 3 елді мекендегі (Екпінді, Бірлік, Талап) ауыз су құбырының 2019 жылға өтпелі құрылысжұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Одан бөлек, 2018 жылы 2 елді мекендегі (Алғабас, Алмалы) ауыз су құбырының құрылыстарына мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілу үстінде. Ал, Ақжар, Жаңаталап, Жұлдыз елді мекендеріндегі ауыз су құбырының құрылысын жүргізуге сәулеттік жоспарлау тапсырмалары (АПЗ) әзірленіп, облыстағы салалық басқармаға жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге бюджеттік өтінім ұсынылды.

 

 

 

Аудандық бюджет есебінен (21,0 млн теңге қаржы)Ағыбет елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне өткен жылдан өтпелі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде жергілікті халықтың өтініші бойынша ауыз су мұнарасы биік жерге қайта орналастырылды.

Сонымен қатар, ауыз су құбыры бар 8 елді мекендегі (Жоғарғы Боралдай, Боралдай, Қосбұлақ, Бестоғай, Қазата, Ақбастау, Тасқұдық, Шыбыт елді мекендері) ауыз су жүйелеріне жергілікті бюджеттен бөлінген 30,1 млн теңге қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сарқырама ауылындағы тұрғылықты халықтың сұранысына сәйкес, аудандық бюджеттен бөлінген 3,1 млн теңге қаржыға елді мекендегі ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

 

Табиғи газбен жабдықтау

2017-2018 жылдары аралығында 8 елді мекен (Ақбастау, Боралдай, Екпінді, Шалдар-Бекбау, Сарқырама, Жамбыл, Тасқұдық, Шыбыт) табиғи газбен қамтамасыз етілді(жалпы құны3,3 млрдтеңге). Ақбастау, Екпінді, Шалдар-Бекбау, Сарқырама, Жамбыл, Тасқұдық, Шыбыт елді мекендеріне 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларының ішінде №18 Шалдар АГТС-нан табиғи газ босатылады. Ал, Боралдай ауылдық округіне қарасты елді мекендер табиғи газды Сайрам ауданындағы Көмешбұлақ елді мекенінен салынып жатқан автоматтандырылған газ тарату станциясынан алады.Сондықтан,аталған станция пайдалануға берілгенненкейін Боралдай ауылы да табиғи газбен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, 2017-2018 жылдары аралығында 14 елді мекенді (Ынтымақ, Жыланды, Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ, Жиенқұм, Жүзімдік, Мыңбұлақ, Мәдениет, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Ақбұлақ) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде(облыстық бюджеттен – 85 млн теңге қаржы бөлінген).

Оның ішінде бүгінгі таңға Жүзімдік, Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Ақбұлақ елді мекендерін газдандыру бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, Мәдениет, Қосбұлақ, Бестоғайелді мекендерін газдандыру бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілу үстінде.

 

 

Жол жөндеу жұмыстары

2017-2018 жылдары аралығында 11 шақырымды құрайтын "Ақбастау-Тұрақты-Қаратас" автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 2018 жылы нысан толығымен пайдалануға берілді.

Одан бөлек, 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 80,0 млн теңге қаржыға Ақжар елді мекеніне кіре беріс 10 шақырым автожолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Нысан 2019 жылға өтпелі болып саналады.

Ал, 2019 жылы Тасқұдық автомобиль жолының 8-ші шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу (73,8 млн теңге), Шақпақ автомобиль жолының 5-ші шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу (82,9 млн теңге)және Шаян елді мекеніндегі Қадырбаев көшесіне дейінгі аралыққа көпір салу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен (100,0 млн теңге) қаржы қаралды.

Сонымен қатар, 2018 жылы облыстық және аудандық бюджеттен қаралған жалпы құны 305,8 млнтеңге қаржыға елді мекендердегі 14,5 шақырымды құрайтын 9 көше жолдары орта жөндеуден өткізілді.

 

Елді мекендерді абаттандыру

Шаян елді мекеніндегі Абай (құны 58,7 млн теңге), Қадырбаев (құны 108,8 млн теңге) көшелеріне күрделі жөндеу (абаттандыру) жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2019 жылға құрылысынқаржыландыруға облыстық салалық басқармаға ұсынылды.Сонымен қатар, 2018-2019 жылдары аралығында Мыңбұлақ елді мекенінің көшелеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптамадан өтуде.

2018 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Ақбастау ауылдық округіне қарасты Кеңес елді мекеніндегі Тұрсынбеков көшесіндегі көше жарықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары (19,7 млнтеңге) және Шаян елді мекеніндегі көше аркаларына жарықтандыру (14,8 млн теңге)жұмыстары жүргізілді. 

Ал, аудан орталығы Шаян ауылынан 2018-2019 жылдары аралығында облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілу үстінде.

 

 

2018 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 40,0 млн.теңге қаржығаелді мекендердегі электр энергиясы мүлдем тартылмаған және электр энергиясы жетіспейтін 13 елді мекендегі 16көшеге электр желілерін тарту, бағаналары мен комплектті тұтынушылар подстанцияларын орнату жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылысын қаржыландыруға облыстық бюджетке ұсынылды.

Әлеуметтік сала

Елбасының жолдауында әлеуметтік саланы дамыту мен тұрмыс сапасын арттыруға баса назар аударылды.Ең бірінші құндылық ретінде – адам, адамға жағдай жасау міндеті қойылғаны баршаға белгілі. Сондықтан да жұмыспен қамту мәселелері назардан тыс қалмай     тиісті жұмыстар атқарылуда. 2018 жылыаудандағы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз,жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайыз,  жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 77 пайыз, атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі 20,5 пайызды құрады.     

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үш бағыты бойынша белгіленген межелер толығымен орындалды.

2018 жылы бағдарламаның барлық бағыттары бойынша қамтылғандар саны 2786 адамды құрап, жылдық жоспар 109,0 пайызға орындалды.

 

Білім саласы

Елімізде білім саласындағы басты мақсат – сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатындықтан бұл салаға қаралған қаржы жылдан-жылға еселенуде.

2018 жылы білім саласын дамытуға 5,8 млрд теңге  қаралып, бір оқушыға шаққанда кететін шығын (390 мың теңгеге)2017 жылмен(5,2 млрдтеңгеге) салыстырғанда 10,9 пайызға артып отыр.

 

 

 

 

Аудандағы 49 білім беру мекемесінің 42-сі типтік үлгіде салынған. Ыңғайластырылған жайда орналасқанбілім нысандарының саны қысқарып, әр бір жаңа оқу жылында заманауи мектептер салынуда. Атап айтақанда, 2018 жылы 5 мектептің (О.Орманов, Б.Момышұлы, Ақтау, Ж.Жүнісбеков, С.Жиренов мектептері) аяқталған жаңа құрылыстары ел игілігіне пайдалануға берілсе, Жаңаталап мектебінің өтпелі құрылысы жалғасын табады.

Ал, үстіміздегі жылы 150 орындық Қосбұлақ мектебі мен Амансай ауылындағы Домалақ ана мектебіне 7 сынып кабинетінің құрылысын бастауға қаржы бөлінсе, Бестоғай ауылындағы 100 орындық Досан мектебінің құрылысына қаржы бөлуге облыстық бюджетке ұсыныс берілді.

Шаян ауылындағы М.Әуезов мектебіне жапсарлас спорт залы мен Жолғабас мектебіне жапсарлас 8 сынып бөлмесінің құрылысына жобалық сметалық құжаттамалары сараптамадан өтуде.

Сонымен қатар, Л.Өтешов (20,5 млн теңге) және «Ақтас» (20,5 млн теңге) мектептерінің сыртқы қабырғаларын жылу ұстағыш материалдармен қаптау,  әрлеу жұмыстары жүргізілді.

Білім мекемелерін жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаралған қаржы есебінен 157 дана мультимедиялық жиынтықтар (66,5 млнтеңге), 7 мектеп (Әуезов, Ерубаев, Абай, Жамбыл, Әбдіжаппаров, Шаян лицей, Бөген,) роботехникалық кабинет жабдықтармен (41,0 млн теңге) қамтамасыз етілді.Аудандағы білім беру мекемелеріWi-Fi құрылғыларымен толықтай (23,8 млн теңге)жабдықталды.

Аудандағы688 мектеп бітіруші түлектердің 452-і (65,6 %)тестілеуге қатысып, орталау балы 86,2-ні құрады (2017 жылғы көрсеткіштен 17,2 балл жоғары).

11-сынып түлектерінің ішінен 47 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 7 оқушы «Үздік аттестат» иегеріне ұсынылып, білім мекемелерінде тапсырылған мемлекеттік емтихандардың қорытындысымен барлық үміткерлер «өте жақсы» деген бағаменен  11 жылдық білімнің нәтижесімен қорғаса, тестілеудің қорытындысымен  21-і 100 балдан жоғары балды иемденді.

«Балапан» бағдарламасы аясында жаңа құрылысы аяқталған 3 мектеп(«Ақтау» (25 бала), О.Орманов (25 бала), С.Жиренов (25 бала)) жанынан  75 баланы қамтитын шағын орталықтар ашылып, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көрсеткіші 93,4 пайызды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда (+2,8%),артық орындалды.

 

Денсаулық

Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша  біршама жұмыстар атқарылуда.2018 жылы 6 медициналық тірек нысанның(Алмалы, Қаратас, Жыланды, Талап, Мәдениет, Ақжар ауылдарында) модульді-каркасты құрылысы аяқталды. Ал, 2019 жылға 8 медициналық тіректің (Тұрақты, Кеңсай, Ақтау, Қосбұлақ, Кеңес, Бәйдібек ата, Алғабас, Шыбыт) нысандарының құрылысы жүргізілетін болады.Сонымен қатар, Майбұлақ және Жарықбас елдімекендерінен типтік үлгідегі дәрігерлік амбулаториялардың құрылысын жүргізуге сәулет-жоспарлау тапсырмалары әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2020 жылға жоспарланған.

2018 жылы Жамбыл дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына 28 млн. теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылғааудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары (жалпы құны 779 млн теңге) жүргізілетін болады.

 

Мәдениет және спорт

Ауданда халық шығармашылығын дамытып, ұлттық өнерімізді  насихаттауда халыққа қызмет көрсететін мәдениет үйлерінің саны артып, рет-ретіменсалынуда.

2018 жылы Ағыбет ауылдық мәдениет үйінің құрылысы пайдалануға беріліп,ауданымыздағы 11 ауылдық округтер орталықтарының 10-ы типтік үлгідегі мәдениет үйлермен қамтылып отыр.Қалған 1 ауылдық округіБорлысайдан, одан бөлекАмансай елді мекенінен мәдениет үйлерінің құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылсын қаржыландыруға салалық басқармаға ұсынылды. Ал, Шаян ауылындағы мәдениет үйіне жапсарлас ғимаратының   құрылысы үстіміздегі жылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, орталықтандырылған кітапхана жүйесіне жаңа заманауи үлгідегі 100 мың кітап қорына арналған кітапхана жайының тиісті құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Өткен жылы ауданның 90 жылдығы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бағдарламасыаясында жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Орынбай Таймановтың 150 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы, Бәйдібек бабаның тарихына негізделген «Бәйдібек би» анимациялық  мультфильмнің тұсаукесері,«Үлкен Бөген» өзенінің жағалауында өткен «Қымызмұрындық» фестивалі жоғарыдеңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

Спорт саласы бойынша Біріккен Араб Әмірлігінің демеушілігімен   Шаян ауылынан  жабық теннис корты, су-спорт кешені және заманауи спорт алаңшаларының жаңа құрылысы пайдалануға берілді.

Сонымен қатар,демеушілер есебінен Шаян ауылында жабық кіші футбол, Тасқұдық елді мекенінде кіші футбол, Мыңбұлақ ауылында балалардың ойын алаңы пайдалануға берілсе, Сарқырамада спорт залдың, Кеңес елді мекенінде кіші футбол алаңының құрылыс жұмыстары демеуші есебінен  жүргізілуде.

Одан бөлек, Боралдай, Жамбыл, Шалдар, Шақпақ ауылдарына спорт залдар салуға жобалық сметалық құжаттары дайындалып, құрылысынқаржыландыруға салалық басқармаға тапсырылса, Мыңбұлақ ауылындағы спорт  зал құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Ішкі саясат және жастар мәселесі

Қазіргі таңда аудан бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақты жағдайда. Ауданда есепке алынған «Ыстық нүктелер» жоқ.

Аудан өміріне қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың депутаттық корпус қызметі белсене араласып, көптеген жұмыстар атқарып жатқанын баса айтуға тиіспіз. «Нұр Отан» партиясы мен аудандық ардагерлер ұйымы, билер алқасы, әйелдер және жастар ұйымдары түрлі мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру мен ел бірлігі, жас ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосыпқоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуда.

Өткен жылы жастар саясатын жүзеге асыруға  яғни іс шаралар ұйымдастыруға 2,6 млн теңге қаржы бөлініп, жастар арасында түрлі іс – шаралар мен акцияларөткізілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге жұмысқа тұру үшін келген жас мамандарға көтерме жәрдемақыға –13,6 млн теңге, бюджеттік несиеге – 147,8 млн теңгеәлеуметтік қолдау ұсынылды.

 

 

Қылмысқа қарсы күрес

Өткен жылы 213 қылмыстықіс қозғалып, 2017 жылмен салыстырғанда (239) 10,9 пайызға төмендеген. Тіркелген213 – қылмыстың 152-і ашылып,  ашылу көрсеткіші 71,3 пайызды құрап отыр. Оның ішінде мал ұрлығына қатысты 54 қылмыс тіркелсе, 2017 жылы 59 қылмыс тіркеліп, қылмыс саны 5-ке немесе 8,5 пайызға төмендеген.

 

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

Жалпы алғанда атқарылған жұмыстардың барлығы Елбасы Жолдауларынан бастау алатын міндеттер мен мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың нәтижелері. Еліміз әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көріну үшін ауызбірлікте еңбек етуіміз қажет.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 5 қазаны күні жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында халық табысының өсуі мен тұрмыс сапасын арттыруға ерекше басымдық бергенін білесіздер.Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс екендігі белгілі.Сондықтан да,«Ынтымақты елдің ырысы мол» демекші барлықтарыңызды аудан әлеуетінкөтеруге бірлесе атсалысуға шақырамын.

 

Назар салып, көңіл аударғандарыңызға рахмет!