2020 жыл 13 шілде - ҚР Жалпыұлттық аза тұту күні

Алмалы ауылдық округі әкімі Э.Тазабековтің 2019 жылдың қорытындысы бойынша есебі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы қоғамды толғандырған мәселелердің бәріне жауап берді.
Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды.
Негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болды.
Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.

Алмалы ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық саласы тұрақты дамуда. Атқарылған жұмыстар Елбасының жыл сайынғы Жолдауы, еліміздің стратегиялық және өңірдің «Даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында ауылда ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге Алмалы ауылдық округінде мемлекеттік қызметкерлер саны  - 6 штаттық кесте бойынша 13  штат бірлігі бар. Штат санын қалыптастыру жұмыстары заң шеңберінде жүргізілуде.

Алмалы ауылдық округі халқының  даму потенциалы орташа,  3 ұлт өкілін құраған 2861 халық, 4 елді мекенде тіршілік жасауда. Ауылдық округінің жалпы жер көлемі 38 392 га. Округтің  әлеуметтік экономикалық дамуына бүгінгі күнге ауыл округіндегі 18 жеке кәсіпкерлер өз үлестерін қосуда. Ауыл округі тұрғындарына 3 орта мектеп, 1 негізгі орта мектеп, 1 дәрігерлік  емхана, 3 медициналық тірек, 1 өрт сөндіру бөлімі және 4 мемлекеттік мектепке дейінгі шағын орталық қызмет көрсетуде.

Слайд №1

қ/с

Елді мекендер атауы

Отбасы саны

Халық саны

1

Бәйдібек ата

250

1573

2

Жарықбас

109

657

3

Алмалы

104

616

4

Байжансай

7

15

 

Барлығы:

470

2861

          

Қаржының орындалуы туралы

Алмалы ауылдық округіне бөлінген  бюджеттік қаржы  өз мақсатында жаратылды

Слайд №2

Р/с

2019 жылдың 12 айына  қаралған қаржы млн. теңге

12 айда игерілгені млн. теңге

Орындалуы

%

1

38 млн 334 мың теңге

 38 млн 331,6 мың теңге

99,9 %

 

Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Алмалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылды.

Мекеме қызметкерлерінің айлық жалақысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 26 қаңтар №6 санды Жарлығының Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы есебінен қамтылған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы «Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне мемлекеттік мекемелерді ұстау үшін бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес;

2019 жылдың жылдық қорытындысымен жергілікті бюджеттен 38 334,0 мың теңге қаржы қаралды.

38 331,6  мың теңге қаржы игеріліп, 2,4 мың теңге үнемделген қаржы қалды. Оның ішінде:

Еңбек ақы, зейнетақы қорына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға және басқа да шығыстарға төлеуге – 16 850,0 мың теңге,

Салық және өзгеде бюджет төлемдеріне – 1 136,6 мың теңге,

Қатты отын бензин жанар майға – 419,0 мың теңге

Кеңсе заттарына – 285,0 мың теңге, 

Іс-сапар шығындарына – 785,0 мың теңге,

Коммуналдық қызметтерге, электр энергиясы көше жарықтандыру бойынша төлемдер – 588,0 мың теңге,

Байланыс қызметтеріне – 1 134,0 мың теңге және өзгеде төлемдерге – 1 735,0 мың теңге.

Модульдік конструкция - 6 160,0 мың теңге,

Түркістан қаласы Кентау тас жолы бойынан ағаш егуге - 6 136,0 мың теңге,

Ағаш отырғызу баннерелер жасату және басқа да шығыстарға - 868,0 мың теңге,

Елтаңба рәміздер тулар алуға - 216,0 мың теңге,

Видеоконференция алуға компьютерге - 250,0 мың теңге, оның жұмыстарына сүйемелдеуіне – 1 017,0 мың теңге,

Полигон құжатына - 450,0 мың теңге,

Жыл басында қар тазалау жұмыстарына - 83,0 мың теңге,

Күл қоқыс тазалау жұмыстарына –  219,0 мың теңге,  

 

Жергілікті бюджетке түсетін алымдар мен салықтың есебі  мына төмендегіше болды.

Ауыл округі бойынша 2019 жылдың 12 айына бюджет кірісіне жоспарланған жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуы:

Слайд №3

қ/с

Cалық түрі

 Жоспары (мың теңге)

 

12 айда нақты орындалғаны (мың теңге)

Орындалуы %

Айырмасы

1

101202 төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

734,0

740,0

101%

+6,0

 

2

104402 жеке тұлғалардың көлігіне салынатын салық

47,0

47,0

100%

-

3

104302 елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда жер салығы

767,0

879,0

114%

+112,0

4

104102елді мекендердегі жеке тұлғалардың мүлік салығы

1559,0

1700,0

109%

+141,0

5

Жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары

20,0

20,0

100%

-

 

Барлығы:

3127,0

3386,0

108%

+259,0

 

Көркейту көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары

Ауыл округінде орналасқан 4 елді мекен бойынша 30 рет сенбіліктер өткізіліп 16,4 км  көше бойлары,  2 400 ш.м   спорт алаңдары, 81 640 ш.м  үй іргелік аулалар тазаланып 80 тонна күл қоқыстар шығарылды. Бұл жұмыстарға мекемелерден  121 адам қатыстырылды.

Округ аумағындағы 15 көрнекі үгіт құралдары орнатылған. Мереке күндеріне орай жаңартып ауыстырып отыру  жұмыстары жүргізіліп отырады. Көгалдандыру бойынша  «Қ. Сатбаев» жалпы орта мектебі, «Л. Өтешов» негізгі орта мектебі, Алмалы жалпы орта мектебі, Ақтау жалпы орта мектебі,  Бәйдібек ата елді мекеніндегі Мәдениет үйіне барлығы 250 түп шырша ағаштарының көшеттері Ақтау жалпы орта мектебіне  300 түп қара тал ағаштары егу үшін үлестіріліп берілді.  Ауыл тұрғындарының ұйымшылдығының арқасында Бәйдібек ата елді мекені Е. Шөкеев көшесінің аяқ жағы жолдың екі бетіне 1600 түп бақша ағаштары егіліп, көркейту жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Кәсіпкерлік саласы бойынша

Округте 01.01.2019 жылы аудандық Кірістер басқармасында Алмалы ауыл округінен тіркелген кәсіпкерлер саны  29 болса, бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлердің 18 жұмыс істейді. Ауыл әкімдігінде шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында бірқатар ұйымдастыру шаралары іске асырылуда.  Округ бойынша 6 адам (М. Жамаубаев,С. Шынғысбаев, Н. Қойлыбаев, Н. Досыбаев, Ә. Жаппаров, А. Тұрманбек) түрлі кәсіптер бойынша білім алып, жұмыстармен қамтылған.

2019 жылы кәсіпкерлікті дамыту бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек мемлекеттік бағдарламасы» аясында Алмалы елді мекенінің тұрғыны Н. Көшкінбаев 2млн теңге несие алды.   Бәйдібек ата ауылының тұрғындары Ж. Әбілхайырова ірі қара мал басын көбейтуге 500мың, Ғ. Сабаншиева уақ мал басын көбейтуге 500мың теңге несие алып   кәсіпкерлікпен айналысуда. Жарықбас елді мекенінің тұрғыны С. Шалбарбаев ірі қара мал басын көбейтуге 3млн теңге несие алып   кәсіпкерлікпен айналысуда.

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша

Ауыл округінде халықты әлеуметтік қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып саналады. 2019 жылдың 12 ай көлемінде  табысы төмен «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша  шартты атаулы көмекке округ бойынша 127 отбасы өтініш берген болса, 90 отбасыға қаржылай әлеуметтік көмек тағайындалған.  Халықты әлеуметтік қолдау тұрақты жүргізіліп отыр, ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен округтегі әлеуметтік аз қамтамасыз етілген көп балалы және толық емес отбасыларға кәсіпкер Ж. Бекжановтың демеушілігімен 40 отбасыға  6т ұн, және 11 отбасыға 12т көмір тегін таратылып берілді. 1 жылқы малы сойылып 12 отбасыға үлестіріліп берілді. 14 қап ұн және тұрмысқа қажетті тұтынушылық азық түлікпен қамтамасыз етілді.

 

Егін шаруашылығы саласы бойынша

Округте 2019 жылы егін шаруашылығында егістік алқаптарды игеру,  ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнім көлемін ұлғайтуда бірқатар табыстарға қол жеткізілді.

Алмалы ауылдық округі  бойынша агроқұрылымдар есебіндегі жер және оған 2019 жылдың өніміне егілген дақылдардың өнімі жөнінде қорытынды мәлімет.

қ/с

Елді мекен атауы

Егістік жер (га)

Күздік бидай

Жалпы    өнім   тн

Жаздық  бидай

Жалпы    өнім   тн

Жаздық  арпа

Жалпы    өнім   тн

Мақсары га

Жалпы    өнім   тн

Оның ішінде

Ескі

Әр  гектардан   ц

Жалпы    өнім   тн

Жаңа    жоңышқа

1

 

Жарықбас

585,55

194

3072

174,93

2700

136,32

2268

 

 

29,3

25

732,5

51

2

 

Алмалы

263,89

173,45

1408

25,27

403

 

 

 

 

65,17

 

1629

 

3

 

Бәйдібек ата

2447,68

969,92

14450

 

 

365,38

5957

370

3700

699,38

 

17485

43

 

Барлығы округ бойынша

3297,12

1337

18930

200

3103

502

8225

370

3700

794

 

19847

94

 

2019 жылы барлық 3 296 га егістік жер игерілді. Округтегі жекеленген агроқұрлымдар агротехникалық шараларды тиімді және сапалы атқарудың нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдіруінде жақсы жетістіктерге жетті. «Ұзын бұлақ» өндірістік корперативінің төрағасы А.Ахатаев күздік бидай мен жаздық бидайдың әр гектарына 16 центнерден, арпаның әр гектарынан 17 центнерден, мақсарының әр гектарынан 10 центнерден өнім алып, біздің округтен шыққан аудандағы озаттар қатарынан көрінді.

 

Мал шаруашылығы саласы

Округте мал шаруашылығы саласының дамытуда атқарылар жұмыстар мен міндеттер жетерлік. Берілген тапсырмамен салыстырмалы мал басының саны мен одан алынған өнім көлемі жөніндегі №4 және 5 слайдтан көруге болады.

Слайд №8

Қ/с

Мал басы

01.01.2019ж

01.01.2020ж

%

1

Ірі қара

3015

3017

100,0%

2

Уақ мал (қой,ешкі)

16274

16279

100,0%

4

Жылқы

1358

1415

104,0%

5

Құс

6076

6090

100,2%

 

2019 жылғы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіші

Слайд №9

Қ/с

Өнімдер

тапсырма

орындалғаны

%

1

Ет

5 767  цн

5  774   цн

100,0 %

2

Сүт

16 138т

17 174т

105,0 %

3

Жұмыртқа

7141 дана

7380 дана

103,0 %

 

Мал шаруашылығы саласының өнімділігін арттыру бағытында мал тұқымын асылдандыру жұмысына көңіл бөлініп бірқатар шаралар атқарылуда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша алынатын ІҚМ басы тапсырма 60бас болса орындалуы 60бас, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын ұсақ мал басы тапсырма 260бас болса, орындалуы 260бас  «Құлан» бағдарламасы бойынша алынатын жылқы тапсырма 30бас болса, орындалуы 120басты құрап,  жоғары нәтижеге қол жеткізіп отырмыз.

 

Округтегі мал шаруашылығы саласы бойынша бағдарламалардың орындалуы жөнінде мәлімет

Қ/с

Бағдарламалар атауы

Мал басы

тапсырма (бас)

орындалғаны (бас)

%

1

«Сыбаға»

Ірі қара мал

60

60

100,0%

2

«Алтын асық»

Ұсақ  мал

260

260

100,0%

3

«Құлан»

Жылқы

30

120

400,0%

Алмалы ауылдық округі бойынша 2018-2019 жылғы мал қыстату науқанына қажеті сояулы мал азығының жеткілікті қоры жинақталды. Межелеген сояулы мал азығының жоспары 20 200 тонна болса, орындалғаны 28 710 тонна немесе 142%  процентке  орындалып отыр.

Слайд №10

қ/с

Мал азығының түрлері

Жоспар (тонна)

Нақты дайындалғаны (тонна)

Пайыз орындалуы(%)

1

Cабан

1000

1 610

161%

2

Жоңышқа

1 500

1  500

100%

3

Пішен

17  700

25  600

144,6%

 

Барлық сояулы мал азығы

20 200

28 710

142,1%

 

Ветеринария саласы бойынша

2019 жылы Сібір жарасына қарсы егу жұмыстары бойынша: МІҚ – 4650 бас, уақ мал 30 000 бас, 1500 бас жылқыға вакцина егіліп, туберкулез ауруын анықтауға 6000 бас – МІҚ тексеруден өткізілді. Құтыру ауруына қарсы егу жұмыстарына 420 бас итке, 100 бас МІҚ-ға, 520 бас уақ малға вакцина егілді.

Аусыл ауруына қарсы егу жұмыстары бойынша 5 880 бас МІҚ, 35 490 бас  уақ малға вакцина егілді. Сондай ақ аса қауіпті жұқпалы бруцеллез ауруын анықтау мақсатында жоспардағы 4 085  бас МІҚ малдар толық тексеріліп нәтижесінде «оң» белгі анықталған 2бас МІҚ санитарлық союға жіберілді. Тексеруге тиіс жоспардағы  23 778 бас уақ малдардан толық қан сынамасы алынып, нәтижесінде  15 бас уақ малдар «оң» белгі берген. Осы «оң» белгі берген малдардың барлығы санитарлық союға «Замин» ЖШС-ға өткізілді.  Бүгінгі таңға «оң» белгі берген малдардың  өтемақы қаржысы өз уақытымен төленіп отыр.

Сонымен қатар округ бойынша қаңғыбас, иесіз, бос жүрген ит, мысықтарды аулау  нәтижесі бойынша 271 қаңғыбас ит, 16 мысық ауланып жойылды.         2019 жылдың  І-ІІ кезеңінде конго қырым қанды қызбасы ауруының алдын алу және болдырмау мақсатында 4 556 бас МІҚ малдарды бүрку, 17 714 бас уақ малдарды тоғыту және 143 400 шаршы метр үй іргелік қора жайларды залалсыздандыру жұмыстары толығымен орындалды.  

 

Денсаулық сақтау саласы

Ауылдың экономикалық дамуы ондағы халықтың денсаулық жағдайына байланысты екендігі даусыз. Бүгінгі таңға ауыл округінде Жарықбас ауылдық дәрігерлік емханасы және 3 медициналық тірек халыққа қызмет көрсетіп отыр. Жарықбас емханасында 7 төсектік күндізгі орындар жұмыс істейді. 2019 жылы округ бойынша  280 адам түрлі емдер алып, 840 адамға жедел көмектер көрсетілген. Емханада 1 жоғарғы білімді дәрігер, 9 орта білімді медицина қызметкерлері және 3жедел жәрдем бөлімінде 3 фелдьшер медициналық қызмет көрсетіп отыр. Тұрғындарды медициналық сараптамадан өткізуде  2019 жылдың қорытындысымен жоспар бойынша Жүрек қан тамыр, Қант диабеті, Көз қысымы ауруларына 239 адам, флюрографиялық тексеру бойынша 1 200 адам тексеріліп, сүт безінің қатерлі ісігіне 69 адам, тік ішектің қатерлі ісігіне 107адам, жатыр мойнының қатерлі ісігіне 100адам тексеруден өтіп, диспансерлік есепке алынған. Балалар арасында 0-17жасқа дейінгі 961 адам скринингтен өтіп тексерілген. Округ бойынша 28 әйел жүктілігі бойынша есепке тіркеліп, 37 жүкті әйел босанған.

 

Құрылыс саласы бойынша

2019 жылы Жарықбас елді мекеніндегі Әулиетас көшесіне аудандық бюджеттен 37 674 000 теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілген.  1,1 км жолды асфальттау жұмыстары жүргізілді. Бәйдібек ата елді мекеніне 150 орындық жаңа типтегі Ақтау негізгі орта мектебі пайдалануға берілді. Алмалы елді мекенінде жаңа медтірек ғимараты салынып, халыққа қызмет көрсету үстінде.

Округте қазіргі кезде жарамсыз 241 электр бағаналары бар, оның 125 данасы темір бетонды бағаналарға ауыстырылды.  Атап айтқанда Бәйдібек ата елді мекенінің К.Торғауытов көшесі бойына 125 дана, Жарықбас елді мекені Әулиетас, Ә. Қыдырбаев көшелері бойына 2 дана электр трансформаторлар (СИП) кабельді желіге ауыстырылды және Бәйдібек ата ауылында 4дана электр трансформатор (СИП) кабельді желіге ауыстырылып, жаңартылды. К. Торгаутов көшесі бойында орнатылған кабельді темір бетонды бағаналарды іске қосу жұмыстары қолға алынуда. Жарықбас елді мекеніндегі су құбырының электр желісі «Жаңаталап» елді мекенінің электр желісінен ажыратылып, бөлек іске қосылды.

 

Ауыл әкімі аппаратында атқарылған жұмыстар

2019 жылы ауыл әкім аппаратына жоғарғы органдар мен мекемелерден 374 кіріс хаттар түсіп, ауыл әкімдігінен жоғарғы органдар мен мекемелерге, заңды және жеке тұлғаларға 550 шығыс хаттар мен құжаттар жіберілді. 2019 жылы ауыл әкімдігіне заңды тұлғалардан  1 сұраныс  жеке тұлғалардан 44 өтініштер түсіп, барлығы мерзімінде қанағаттандырылды.

2019 жылы 132 нормативтик құқықтық акт қабылданды, оның 44-і ауыл әкімінің шешімі болса, 88-і ауыл әкімінің өкімі. Қабылданған нормативтік құқықтық  актілердің заңға сәйкестігі жөнінде прокуратура тарапынан наразылық болған жоқ. Әр тоқсан сайын Бәйдібек аудандық жалпы бөлімге өкім шешім тізбелері беріліп, арыз шағым өтініштер бойынша ай сайын салыстыру актілері жүргізілді.

2019 жылдың  қорытындысы бойынша көктем, күз айында әскер қатарына шақырылуға жататын азаматтар саны 80 болса,  олардың 80 медициналық сараптамадан өтіп,  іріктелгені (тапсырма) 11 адам,  әскер қатарына жіберілгені 11 адам болып, тапсырма 100% ке орындалды.

 

2020 жылы атқарылатын жұмыстарға тоқтала кетсек:

Алмалы елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер А. Нұрлыбаев ағымдағы жылы шлакоблок шығару цехын ашып, округтегі 6-7 жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Жарықбас елді мекеніне түсе беріс «Шыбық бел» асуының оң жақ жағалауынан 1 га жер аударылып,  көктем айларында 1500 түп қара ағаш отырғызылады деп жоспарлануда.

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ойымыз бір, тілегіміз бір, ісіміз де, күшіміз де, ынтымағымыз бен береке бірлігіміз бір жерден шығатын болса, біздің алынбайтын асуымыз, шықпайтын биігіміз қалмайды деген сенімдемін. Алдағы жылдары өңіріміз бұдан әрі көріктеніп, көркейе түсері сөзсіз. Туған жерге, өскен аулымызға деген сүйіспеншілігімізді нақты істерімізбен дәлелдейік, ауылдастар!

 

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!