Бөген ауылдық округі әкімі А.Нақыпбековтің 2019 жылдың қорытындысы бойынша есебі

 

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019жылғы 02 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қазақстанның бүкіл дамыған елдердің қатарына қосылып, озық мемлекетке айналуы үшін аса маңызды негізгі бағыттары айқындалып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың негізі  халық пен мемлекет мүддесіне бағыталатынына тоқталды. Мемлекеттің негізгі даму тетігі татулық пен тұрақтылық екеніне ерекше назар аударып, біздің басты ұстанымымыз бірлігімізді атап өтті.

Құрметті ауыл тұрғындары, қадірменді қонақтар!

Бөген   ауылдық округ аумағында атқарылған біршама жұмыстармен алдағы уақытта атқарылатын жоспарлармен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер Бөген ауылдық округі бойынша жалпы 2019 жылдың 1 қаңтарына   871 отбасыда  5166 тұрғын есепке алынып отыр.

р/с

Елді мекен атауы

Үй саны

Халық саны

Оның ішінде

Ер азаматтар

саны

Әйел азаматтар саны

1

Шалдар

430

2457

1198

1259

2

Екпінді

182

1168

564

604

3

Жиенқұм

139

831

395

436

4

Сарқырама

120

710

341

369

 

Әкімшілік бойынша

871

5166

2498

2668

 

Бюджеттік кіріс орындалуы

Ауыл округі  бойынша  кіріс төлемдері 2019 жылдың  қорытындысы бойынша   орындалуы  төмендегі көрсеткішті көрсетіп отыр.

р/с

Кіріс түрі

КБК

жоспар

орындалғаны

пайызы

1

Кәсіпкерлік табыс салығы

101202

1 499,000

1 500,000

100,10

2

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

104102

78,0

79,6

102,6

3

Жеке тұлғалардың жер  салығы

104302

929,0

1 030,0

110,8

4

Заңды тұлғалардың көлік салығы

104401

53,0

60,0

113,2

5

Жеке тұлғалардың көлік  салығы

104402

5 843,000

5 900,000

101,1

Салықтық емес түсімдер

6

Ерікті алымдар бойынша

 

80 000

81 500

101,8

7

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін аудандық маңызы қала кенттің, ауылдық округі әкімдері  өндіріп алынатын айыппұлдар

 

59 000

59 600

101

8

Жалпы жиылған қаржы 

 

8 541 000

8 716,700

102,5

 

Кәсіпкерлер туралы мәлімет

Жалпы 176  шаруа  қожалықтары,  19 ЖШС, 16 ӨК,   104   кәсіпкер тіркелген. 

Округ көлемінде барлық салық түрлерінен салықтар дер кезінде толығымен  жиналуы қадағаланып, Барлық түсімдер жоспарға сәйкес орындалды. 2019жылы округ аумағына ауылшаруашылы, демалыс аймағы және өзгеде 600 млн инвестиция тартылды.

Кәсіпкерлік  бағытта алынған несие туралы мәлімет.

р/с

Несие ұйымы атауы

2018жылы

 

2019жылы

Алушылар саны

Алынған несие көлемі

Алушылар саны

Алынған несие көлемі

1

Бәйдібек несие

3

14  000 000 т

4

24 000 000

2

Казагро

6

41 300 000 т

5

168,600 000

3

Созақ несие

1

12 000 000 т

-

-

 

Барлығы

10

67 300000

9

192,600 000

 

Жер түгендеу

Округінің жалпы  жер көлемі слайдта көрсетілген.

р/с

Елді мекен атауы

Жалпы жер көлемі

Елді мекен жері

Егістік жер

Суар-малы жер

Жайылым-дық жер

Бау

Шабындық

Өзге де жерлер

1

Шалдар

22387

1303

1986

571

16618

22

1003

884

2

Екпінді

17465,6

1594

2726

233

11302

54,6

1094

462

3

Жиенқұм

12370,4

685

978

347

9148

5,4

705

502

4

Сарқырама

20240

1021

3597

294

13470

0

1223

635

5

Барлығы

72463

4603

9287

1445

50538

82

4025

2483

Ауылдық  округі аумағында жер иеленушілер құжаттарын түгендеу кезінде көптеген ұсыныстар мен ескертулерге қарамастан құжаттарын электронды картаға енгізу кезінде орындалмай отырған жұмыстар бары айқындалып отыр. Осы бағытта жұмысты жандандыру қажет. 2019жылы аудан әкімдігі жанынан құрылған конкурстық комиссиясы арқылы 1624,51га егістік, 3895,82га жайылым жерлер кәсіпкерлерге берілді.

Егін егу және жер игеру жұмыстары

Әкімшілік бойынша 2019 жылғы негізгі егілген егістіктердің орағының  есебі:

р/с

Егіс атауы

Егіс көлемі

Орылғаны 

Ц/га

Жалпы алынған өнім   тонна

1

Күздік бидай

6532

6532

18ц

11221,7тн

2

Арпа

1122

1122

13,6ц

1695,1тн

3

Мақсары

2072

2072

6,7 ц

1390,0тн

4

Жүгері

200

200

40

800,0тн

5

Мақта

74

74

26

192,4тн

6

Өзге де дақылдар

806

 

 

 

Биылғы жылы  2020 жылдың орағына 9500 га күздік бидай егілді. Бұл биылғы  жылдың орағынан 3000 га көп болып отыр. Бұл дегеніміз өткен жылдың бидай өнімінің тиімді болуы әсері болып отыр.

Сонымен қатар жыл басынан бері округ кәсіпкерлерінің сұранысымен өнімділікті және  жердің құнарлылығын арттыру мақсатында 65,5 тонна жеңілдетілген бағамен тыңайтқыш алынып себілді. 2019 жылдың көктем жаз күз айларында округ шаруаларына жеңілдетілген бағада жалпы көлемі 272 тн дизель отынын сатып алды.  Округ аумағында тамшылатып суару әдісімен 2019жылы 110 га жер телімі игерілген. Округ аумағында 1445 га суармалы жер көлемі болса оның негізгі көлемді суармалы жерлер орналасқан, Шалдар және Екпінді ауылдарына ағын су қажетті уақытта жеткізілмейді. Аудан әкімдігіне ағын су жинақтау қоймасы салуға ұсыныс берілген.

 

Мал шаруашылығы саласы

Ауыл тұрғындарының  егіспен қатар негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы. Мал саны  жылдан жылға  өсуде.

Округтегі мал саны слайдтта көрсетілген.

р/с

Елді мекен

Уақ мал

Ірі қара

Жылқы

Түйе

Үй құсы

1

Шалдар

15610

2773

1021

-

3149

2

Екпінді

20075

1436

617

-

719

3

Жиенқұм

21081

1869

568

31

642

4

Сарқырама

12492

2500

868

 

-

1485

6

Барлығы

69258

8580

3079

31

5998

Мемлекет тарапынан  малды асылдандыру бағыты бойынша асыл тұқымды  төрт түлік малдың сатып алынғанына төленетін жеңілдетілген қаражаттан округ өз үлесін алып отырды. Бұл ретте округтегі  шаруашылықтардың   мемлекет тарапынан тиісті субсидиясын  алып отырғанын айта кету керек.  

Округ аумағында мемлекеттік бағдарламалар арқылы мал басын асылдандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. слайдта көрсетілген.

Бағдарлама атауы

Жоспар

Орындалуы

Пайызы

1

«Сыбаға» ірі қара малдарды асылдандыру

60

2617

4361

2

«Құлан» жылқы малын асылдандыру

30

120

400

3

«Алтын асық» уақ  малдарды асылдандыру

310

310

100

 Ауылдық округ аумағында 30 дан астам ірілі-ұсақты мал бордақылау алаңдары күнделікті жұмыс жасап отыр.

 

Ветеринария саласы

2019 жылы жыл басынан бері 4 түлік малға  түрлі  жұқпалы  ауруларға қарсы  екпелер егіліп, ірі  қара және уақ малдар  шомылдырылып тоғытылды.

Көктем  мезгілінде  кенеге  қарсы  залалсыздандыру  жұмыстары бойынша,

округ аумағындағы  871 ауланың  мал  қораларына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Округ аумағында ірі-қара және уақ малдардан толық қан алынып, 4466-МІҚ, 68980-УАҚ  малдар лабораториялық тексеруге жіберіліп, 1 ірі қара және 17 уақ  малдан  бруцеллоз ауруы  анықталып, арнайы орынға жеткізіліп, жойылды.

Жыл басынан  бері  440 ит-мысықтар (ит 408, мысық 32)ауланып,  жойылды.

Ауылдық округ бойынша 2019 жылы 9 ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.

 

Ветеринария саласы

2019 жылы жыл басынан бері 4 түлік малға  түрлі  жұқпалы  ауруларға қарсы  екпелер егіліп, ірі  қара және уақ малдар  шомылдырылып тоғытылды.

Көктем  мезгілінде  кенеге  қарсы  залалсыздандыру  жұмыстары бойынша,

округ аумағындағы  871 ауланың  мал  қораларына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Округ аумағында ірі-қара және уақ малдардан толық қан алынып, 4466-МІҚ, 68980-УАҚ  малдар лабораториялық тексеруге жіберіліп, 1 ірі қара және 17 уақ  малдан  бруцеллоз ауруы  анықталып, арнайы орынға жеткізіліп, жойылды.

Жыл  басынан  бері  440 ит-мысықтар (ит 408, мысық 32)ауланып,  жойылды.

Ауылдық округ бойынша 2019 жылы 9 ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.

 

Білім беру саласы

Ауыл округі аумағында  төрт  жалпы орта мектептер бар, ондағы ұстаздар, жұмысшылар, оқушылар және шағын орталықтар туралы мәліметтер слайдта көрсетілген.

р/с

Мектеп атауы

Мұғалім саны

Білімі

Тех персонал

Оқушы саны

Оның ішінде

Шағын орталықтағы бала саны

Ондағы жұмыс-шылар саны

 

Жоғары білімдісі

Арнаулы орта білімдісі

 

Оқушы-лар

Дайындық тобы

 

1

Абай ЖОМ

103

103

-

46

653

597

56

-

-

 

2

Қ.БайменовЖОМ

40

40

-

30

279

259

20

25

4

 

3

Жиенқұм  ЖОМ

28

28

-

 

228

206

22

25

4

 

4

О.Орманов ЖОМ

43

42

1

27

178

178

19

25

5

 

 

Барлығы

214

213

1

103

1338

1240

117

75

13

 

Округ аумағындағы мектептердің 2019 жылдың оқу жылының соңындағы ұлттық бірыңғай тест қорытындысы көрсетілген

р/с

Мектеп атауы

2019 жылы мектеп бітірген бала саны

ҰБТ-ға қатыс-қаны

Пайызы

Орта бал

Шекті балдан өте алмаған бала саны

Жоғары оқу орнына түскендері

Арнаулы оқу орнына түскендер

Жұмыс жасап жүргендер

1

Абай ЖОМ

44

33

75%

94,5%

-

35

9

 

2

Қ.Байменов ЖОМ

10

4

40%

63,5%

1

5

1

1

3

Жиенқұм  ЖОМ

5

4

80%

93%

-

5

-

-

4

О.Орманов ЖОМ

13

10

77 %

65%

-

8

2

3

 

Әкімшілік бойынша

72

51

 

 

-

53

12

4

Ауылдық округі аумағындағы барлық мектептер типтік. 2019жылы округ мектептеріне табысты болды деп айта аламыз. Жалпы ҰБТ қорытындысы бойынша аудан көлемінде  1,2 орындарды Абай, Жиенқұм мектептері иеленгенін айта кету керек. Шәкірттері озық болған ұстаздарға еңбектеріне  жеміс  тілеп, мемлекет тарапынан жасалған жұмыстарды атап өтуіміз қажет. Айтар болсақ 2019жылы «Абай» ЖОМ күрделі жөндеуден өткен болса, Жиенқұм ЖОМ спорт залы жөндеуден өтті. 

 

Мектепке дейінгі білім беру

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі іспетті ауылға инвестиция құйылып,  Екпінді ауылында 2017жылы 100 балаға лайықталған Әуелайым жекенменшік балабақша жұмысын жасап отыр, онда жергілікті 25 азамат жұмыс жасайды. 2018 жылы осындай 150 орынға лайықталған жекеменшік бөбекжай-балабақшасы Шалдар ауылында  құрылысы жүргізіліп, 2019 жылы 1 ақпаннан бастап іске қосылды. Онда қазіргі таңда 33 азамат жұмыспен қамтылған. 

 

Спорт саласы

Ауыл жастарының  бос уақытын дұрыс  өткізудің  бір жолы бұл  спортпен шұғылдану.  Қазіргі  таңда 3 ауылда аудандық спорт мектебі арқылы жаттықтырушылар  жұмыс жасап тұр. 2019 жылы аталған мектептің спорт жайында демеушілер ұйымдастыруымен бірнеше мәрте облыстық, аудандық спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ауыл балалары өзге аймақтарға жарыстарға шығып шеберлігін шыңдап жүр. Мектептің алғашқы шәкірттері спортшеберлігіне кандидат атанып үлгерді.  Бұл өз кезегінде ауылымыздың балаларын спортқа деген қызығушылығын арттырып отыр. Оның дәлелі ретінде «Ұстаздар күні» қарсаңындағы Сарқырама ауылындағы демеушілер есебінен ұйымдастырылған спорт сайысын атап өтуге болады. Сонымен қатар Шалдар және Сарқырама ауылындағы ауыл жастары тарапынан құрылыс жүріп жатқан спорт алаңдарын айтуға болады.

 

Денсаулық саласы

Округ аумағында 2 емхана,  аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі және 2 ФАТ халыққа қызмет көрсетеді. 2019 жылы  жедел қызмет көрсету пункті тұрақты жұмыс жасап отырды.

 

Мәдениет саласы

Әкімшілік бойынша бір  мәдениет үйі,  1 елді мекенде ауылдық клуб, екі  кітапхана тұрғындарға қызмет етеді.  Мәдениет саласының  қызметкерлерінің тарапынан 2019жылы бірнеше мәдени-танымдық іс шаралар ұйымдастырылды.

Оның куәсі ретінде Жігіт сұлтаны, Қыз сыны, Келіндер сайысы секілді іс шаралар жасөспірімдерді өнерге баулуға өз септігін тигізуде.  Сонымен қатар Бөген  ауыл  округі аумағында  Қазақстан Республикасы бекітілген мерекелік күндер жоғары  деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелік көріністер слайдта көрсетілген.

 

Санитарлық тазалық және көркейту

2019 жылы елді-мекендерді санитарлық тазалық жұмыстары бойынша  ретсіз  жатқан  күл қоқыстар  арнайы орынға шығарылды. Мәдениет үйі аумағына декоративті көшеттер  отырғызылды. Шалдар ауылына кіре беріс жол бойы қоршалып, 300 түп күзгі көшет отырғызылды. Алдағы көктем мезгілінде қоршау ішіне қосымша 300 түп көшет егу жоспарланып отыр. Барлық мекемелер алдына гүлдер отырғызылып, абаттандылыған. . Көркейту –көгалдандыру жұмыстары бойынша округ аумағында тозығы  28 дана  билбордтар мемлекет қаражаты есебінен ауыстырылып жаңаланды.

 

Жол саласы         

Шалдар ауылындағы Ж.Тастанов көшесіне 34 млн қаржы бөлініп,  2019жылы асфальттанды. Округ аумағындағы тас жолдар қажеттілігі ескеріліп барлық жолдарға ішіара тас төселіп, жөнделді.

 

Тұрғын үй саласы

Сонымен қатар жеке тұрғындардың өз күштерімен жүргізілген тұрғын үй кешені жылдық жоспар  970 шаршы метр болса, жыл қорытындысымен  981  ш/м   яғни 101,7% орындалды.

 

Газдандыру саласы

Жиенқұм ауылына газ құбырын тарту үшін 2019 жылы жобалық сметалық құжаттары әзірленіп,  қаржысы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық автомобиль жолдары бөлімі  арқылы облыстық басқармадан қаржысы сұралған.      

Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы шешімін табады деп күтілуде.  Шалдар ауылына  2019жылы алғашқы газ беру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта толық газ беріліп тұр. Екпінді және Сарқырама  ауылына кезең кезеңімен газ беріледі деп күтілуде,   тиісті орындар жұмыс жүргізіп отыр.

 

Ауыз сумен қамту саласы

Округ аумағындағы елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін біршама жұмыстар атқарылды. Екпінді ауылына ауыз су құбырын жүргізу үшін 2018жылы 150 млн қаралып 2019жылы Екпінді ауылы ауыз суы құрылысы аяқталып пайдалануға  берілді. Қазіргі таңда Сарқырама ауылындағы ауыз су құбырына күрделі жөндеуге сұраныс берілген. Алдағы уақытта өз шешімін табады деп күтілуде.  

 

Жарықтандыру саласы  

2019 жылы  Екпінді ауылы  5000 метр электр бағаналары сымдары мен бағаналары ауыстырылды. Осындай жұмыстар Сарқырама ауылындада жүргізіліп, 4600 метр электр сымдары мен бағаналары ауыстырылды. Шалдар ауылындағы Б.Бақтияров көшесі бойындағы, А.Байнеұлы көшесі бойындағы 16 лампалары ауыстырылды. Ағымдағы 2020 жылы Жиенқұм  ауылында электр бағаналарын ауыстыру жұмыстарының екінші кезеңі жоспарланған. Сарқырама ауылында 50 бағанаға демеушілер есебінен жарықтандыру құралдары орналастырып, жарықтандырылды. Бұл ретте демеуші азаматтарға алғыс айтамыз. 

 

Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту саласы

“Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған” Бағдарламасы шеңберінде 2019 жылында   сәйкесінше  ауыл  округінде  инвестициялық  жоба әлеуметтік жұмысқа 12 азамат жұмысқа  қабылданды.  «Жастар  практикасы»  негізінде  16 жас маман   жұмысқа  тартылды. 2019 жылы 126 азамат жолдамамен тұрақты жұмысқа қабылданса, 3 мүгедек азамат жұмыспен қамтылып отыр. 2019жылы округ аумағынан 14 азамат қысқа мерзімді оқуға тартылды. 28 айлыққа  жұмыссыз жүрген азаматтар ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 2019жылы  239 отбасы шартты әлеуметтік жәрдемақыға құжзат тапсырып, 117млн 927мың 289 теңге алды. 12 отбасы шартсыз жәрдемақыға құжат өткізіп, 3 млн 900мың теңге алды.  Жалпы округте 254 азамат мүгедек ретінде тіркелген.  Оның ішінде 39 бала жастан мүгедек азаматтар бар.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік қажеттілікке байланысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы, 3 жәрдемдесуші-әлеуметтік қызметкерлер бекітілген.

 

Қылмыс және қылмыстың алдын алу жұмыстары

Елді  мекендердегі  қоғамдық  тәртіптің  сақталуы, бұзақылық мал ұрлығын болдырмау  күн тәртібінен  түскен емес.  Бұл жұмыста ауыл қариялары  мен билер алқасы, ерікті жасақшылар, ардагерлер кеңесінің  жұмысын атап өткен жөн.

Әйтсе де, мал ұрлығы тыйылмай отыр. 2018 жылы жалпы ұсақ-түйекті 32 қылмыс орын алса, 2019 жылдың 12 айында барлығы 16 қылмыс тіркеліп отыр. Бұл қылмыс санының өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге азайғанын білдіреді, бұл қылмыстардың  9-ы ашылды, 7 қылмыс  ашылмай отыр. Орын алып ашылмай отырған  қылмыстар негізінен   мал ұрлығы.

 

Демография саласы

Ауылдық округте   2018 жылы барлығы  36 азамат қайтыс  болса, 108  бала дүниеге келді. Бұл округ тұрғындарының  демографиялық жағдайының  өсімін көрсетеді.

 

Әскери міндеттілік туралы

Әскери  міндеттілік  жөнінде  биыл   2019 жылы көктем-күз  мезгілінде      18-27 жас аралығындағы жалпы  287 ер азамат балалар  медициналық бақылаудан өтетін жас қатарында болса, 54 бала шақырылып,   2019 жылы әскер қатарына 8 азамат алынды.

 

Ішкі құжаттар

Бөген ауыл округі әкімінің аппараттағы әрбір қызметкерге тиісті  номенклатуралық іс - құжаттар және қызмет етіп отырған салалар  бойынша  басқа да құжаттар бекітіліп  берілген.

Ауыл тұрғындарымен жыл басынан бері жалпы 31 мәрте кездесу жиындары ұйымдастырылған.

Ауыл тұрғындарының атынан 81 өтініш қабылданса, өтініштердің негізі  жер мәселесі екенін айта кетуіміз керек. Ауыл әкімшілігінде жалпы 2019жылдың 12 ай қорытындысы бойынша  96 шешім, 84 өкім шығарылды. Шығыс 552, кіріс 612 хат кіріске алынған.

Құрметті ауыл тұрғындары, Қадірменді қонақтар; Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім.   Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың  2019 жылғы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынып, осы бағытта жұмыс жасауға бағыт беріп отыр. Мемлекет басшысы бағдарламалары мен үкімет қаулыларын және облыс, аудан басшылығының тарапынан тапсырмаларды атқаруда,   әрбір округ тұрғындарының  өмір сүруіне қолайлы орта жасау барысында,  сенімдеріңізді ақтап,  аянбай еңбек етеміз деп сендіріп, біздің атқарған жұмысымыздан алда алар асуымыз көп деп сенеміз. Осы жұмыстарды атқаруға сіздердің қолдауларыңызбен, бірлесіп  атқаратын боламыз.

 

Назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет.

Бөген ауылдық округі әкімі: А.Нақыпбеков