Ағыбет ауылдық округі әкімі Н.Байғазиевтың 2019 жылдың қорытындысы бойынша есебі

 

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диолог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауында биік мақсатқа жетудің нақты жолы мен басымдықтары айқындалып, барлық деңгейдегі әкімдерге, атқарушы билік органдарына аса маңызды міндеттер жүктелді.                    Әкімдік жұмысындағы басты бағыттар: кедейшілік деңгейін азайту, халықты жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық және мәдениет ошақтарының қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасау, шағын бизнес субьектілерінің жұмысын кеңейту және ауыл шаруашылық өнімдерін дамыту жаңа жұмыс орындарын ашу, бюджет қаржыларының дұрыс орындалуын қадағалау және ауылға инвестиция тарту болып табылады.  

Осыған орай, 2019 жылдың негізгі көрсеткіштері мен алда тұрған міндеттерге тоқталуға рұқсат етсеңіздер.

 

БЮДЖЕТ САЛАСЫ

Жыл басында ішкі кірістерді ұлғайту бойынша арнайы іс – шара жоспары әзірленіп, нәтижесінде  2019 жылы   салықтың 5 түрінен кіріс жоспары  2 млн 579 мың тенгені құрап, жоспар 106,8 пайызға артығымен орындалды, бюджеттің шығыс бөлігі 100,0 пайызды құрады. Сондай – ақ, салықтық емес түсімдерден 101 мың теңге өндірілді.                                                                                                                 (101202 – Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы жоспар 390 мың, орындалуы , 419 мың,  104102 – Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық жоспар 42 мың, орындалуы 44 мың, 104302 – Жеке тұлғалардан алынатын жер салығы жоспары – 590 мың, орындалуы – 622 мың,  104401 – Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық жоспар – 21 мың, орындалуы – 25 мың, 104402 – Жеке тұлғалардың көлігіне салынатын салық – 1 млн 435 мың, орындалуы – 1 млн 545 мың 206115 – Жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары жоспары – 101 мың, орындалуы – 101 мың)

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауылдық округі экономикасының негізін ауыл  шаруашылығы саласы құрайды. Округте ауыл шаруашылғы саласында  62 шаруа қожалығы және 22 ӨК –тер жұмыс жасауда.  Округте 2019 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы  егістік 13252 га жерден,  нақты 11574 гектар егістік жерлер игерілді. Шаруалардың ауыл шаруашылғы мақсатындағы егістік жер телімдерін электронды картаға енгізу жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілуде.

2020 жылдың 1 қаңтар айындағы мәлімет бойынша Ағыбет ауылдық округінде 2524 бас мүйізді ірі қара, 17730 бас қой-ешкі, 1059 бас жылқы өсірілуде. Округте жыл санап мал басының өсіп отырғаны байқалады.                      «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Ағыбет ауылдық округіне  2 бас асыл тұқымды бұқа, 60  аналық бас сиыр  алу межеленіп, одан нақты 6 бас асыл тұқымды бұқа, 174 бас аналық сиыр алынды, тапсырманың  орындалуы 290,0 пайызды құрап отыр.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша  300  бас аналық қой алу межеленіп, одан нақты 300 бас  аналық  қой алынды, тапсырма 100,0 пайызға орындалды.

 «Құлан» бағдарламасы бойынша меже 30 бас болса, орындалуы 25 бас болып 83 пайызға орындалды.

Әлеуметтік сала бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру барысында Ағыбет ауылдық округі бойынша бір қатар жұмыстар атқарылды.             

Бағдарламаның 1- ші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуға округтен 6 азамат жіберу жоспарланса, 9 азамат қысқа мерзімді кәсіби оқуды аяқтап 8 азамат жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның 2 - ші бағыты бойынша округтің 2 тұрғыны  ауыл шаруашылығы мақсатында 4,5 млн тенге көлемінде несие алып жұмыс жүргізуде орындалуы 100 пайыз.

Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша жастар тағылымдамасынан 11 жас маманды  өткізу жоспарланса, 16 жас маман жастар тағлымдамасына қатысып іс – тәжірибен өткізілді.

Оның ішінде жастар тағлымдамасынан өткен 2 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты.     

Бағдарламаның 3 – ші  бағыты  ақылы қоғамдық жұмыстарға 16 азаматты тарту жоспарланса, 18 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып орындалуы 101,4 пайызды құрап отыр.

2019 жылдың есептік кезеңінде Ағыбет ауылдық округі бойынша Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 73 отбасы өтініш білдірген. Аталған отбасылардың арасында 64 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 9 отбасының табысы асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылды.   

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Ауылдық округ бойынша екі жалпы орта мектеп, бір негізгі, бір бастауыш мектеп жұмыс істейді. 2017 жылы аудандық бюджет есебінен Жаңаталап негізгі мектебінің құрылысы басталып 2019 жылы қыркүйек айында 100 орындық типтік мектеп пайдалануға берілді. Округтегі 4 мектептің 3 – еуі типтік қазіргі заман талаптарына сай. Жұлдыз елді мекеніндегі С.Сейфулин атындағы бастауыш мектеп ғимараты ескі типте.                                   

Білім саласында 123 мұғалім еңбек етеді,  мектеп қабырғасында 2019 - 2020 жылғы оқу жылында 565 бала білім алуда. Білім алумен барлық мектеп жасындағы балалар қамтылған.  Сондай – ақ «Нұрсая» «Айсана» бөбекжай – балабақшаларында мектеп жасына дейінгі 110 бала тәрбиеленуде.                                                        2019 жылғы мектеп бітірушілер Ұлттық біріңғай тест тапсыруда, аудан көлемінде алдыңғы қатардан көріне білді, атап айтқанда Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебін 2018 – 2019 оқу жылында 17 оқушы бітірсе, 17 оқушы Ұлттық біріңғай тестке қатысып орташа бал 81,6 пайызды құрады. Сондай –ақ мектеп бітірген 17 оқушының 13 оқушысы мемлекеттік грант иегері болды. Майбұлақ жалпы орта мектебін 11 оқушы бітіріп, 10 оқушы Ұлттық біріңғай тестке қатысып орташа бал 64,3 пайызды құрады. 2 оқушы алтын белгі иегері атанды.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Округ тұрғындарына 1 ауылдық емхана, 3- медициналық тірек қызмет көрсетеді.  Жанында аудандық ауруханаға қарасты Майбұлақ кезек күттірмейтін жедел жәрдем бекеті орналасқан, 1 жедел жәрдем көлігімен қамтылған. 2018 жылы Жаңаталап елді мекенінде, 2019 жылы Алғабас елді мекенінде жаңа медициналық тірек ғимараты құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.

 

Мәдениет саласы бойынша

Мәдениет саласында округ тұрғындарына 2018 жылы жаңадан пайдалануға берілген 150 орындық мәдениет үйі және 7 мың кітап қоры бар  1 кітапхана қызмет көрсетеді. Сондай – ақ, мектеп және ауыл жастарын спортқа баулу мақсатында мектептердегі спорт залдарында жүйелі түрде жаттығулар мен жарыстар өтіп тұрады.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылып жүрген «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды және неке мен отбасының жағымды образын қалыптастыру отбасы мәртебесін көтеру мақсатында Мемлекет басшысының өкімімен бекітілген болатын.

2019 жылы Ағыбет ауылдық округінің төбе биі Еркебаев Алмырза қариямыздың отбасы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына қатысып Бәйдібек ауданының «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының бас жүлдегері, Түркістан облысы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының бас жүлделерін иеленіп, Түркістан облысы атынан Республикалық «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына қатысып байқаудың марапатына ие болды.

 

Жол мәселесі

Округке қарасты елді мекендерге баратын жолдар мен ауыл ішіндегі көшелер мемлекеттік бағдарламалар аясында жөнделіп дұрыс жолға қойылып келеді.  Округте ұзындығы 20,4 км құрайтын 13 ішкі көшелер бар, қазіргі таңда олардың 12,9 км  құрайтын 9 көшесі асфальттанған. Ұзындығы 7,4 км құрайтын 4 көшеге тас төселінген. Аталған 4 көшеніңде құжаттары дайындалып аудандық тұрғын үй және автомобиль жолдары бөліміне асфальт салу жөнінде ұсыныс берілген. (Көктөбе, Желтоқсан, Қожабекбұлағы, ҮлкенШаян, Талдыбұлақ көшесі соңы, Майбұлақ көшесі соңы)

Округтегі  автомобиль өтетін көпірлердің жағдайына келер болсақ 2018 жылы Жұлдыз елді мекеніндегі Майбұлақ өзені үстіндегі, 2019 жылы Алғабас – Жұлдыз елді мекендерін жалғап жатқан ҮлкенШаян өзені үстіндегі көпірлердің қайтадан жаңа құрылыстары облыстық бюджет есебінен жүргізіліп пайдалануға берілді.  Округте апатты жағдайлардағы көпірлер жоқ.

 

ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРУ

Округте аудандық қорғаныс істері жөніндегі медициналық комиссиядан өтуі тиіс азаматтар саны 95 болса, нақты комиссиядан  өткендер саны  95 азамат болып, аудандық комиссиядан өту көрсеткіші  100 пайызды құрады.  2019 жылы округтен 9 азамат отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына алынды.

 

Діни ахуал   

Округтегі діни экстремизмге арналған мемлекеттік бағдарламаны басшылыққа алып, округтегі діни ахуалды бір қалыпты болуына арнайы іс-шара түзіліп, аудандық комиссияға әр айдың 20-сына округ бойынша терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және жою жөнінде мәлімет беріліп тұрды. Округте діни көзқарас қалыпты.

 

Көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық

Округте абаттандыру, көгалдандыру – көркейту және санитарлық тазалық айлықтары ұйымдастырылып, іс – шараларға ауыл жастары, қоғамдық ұйымдар, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары бірлесіп атсалысты.  

Ауыл тұрғындарынан келіп түскен арыз шағымдар туралы. Есепті мерзім ішінде ауылдық округі әкімінің атына келген жеке және заңды тұлғалар тарапынан 28 өтініштер тіркелді, оның ішінде 18 – і құрылысы бұрын салынған тұрғын үйілері орналасқан жер телімдеріне шешім беруді өтінген, 6 азамат жеке тұрғын үй және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімін сұраған. 4 өтініш басқа мәселелер бойынша жүгінген. Өтініштері толық қанағаттандырылды.

Ағыбет ауылдық округінде 2020 жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталсам.

2020 жылы Ағыбет, Алғабас елді мекендерінің газ құбырының жобалық сметалық құжаттарын дайындауға  36 млн 417 мың (Ағыбет елді мекенінің газ құбырына жобалық сметалық құжаттарын жасау үшін 18 млн 94 мың, Алғабас елді мекенінің газ құбырына жобалық сметалық құжаттарын жасау үшін 18 млн 417 мың тенге) тенге аудандық бюджет есебінен бөлініп отыр. Жұлдыз, Жаңаталап елді мекендерінің газ құбырының жобалық сметалық құжаттарын дайындауға 2021 жылдың бюджетіне енгізу үшін ұсыныстар айтылып, жұмыстар жүргізілетін болады. Ағыбет ауылдық округіне қарасты Жаңаталап, Жұлдыз елді мекендерінің оңтайландырылған бас жоспарын бекіту үшін аудан бюджетінен қаржысы қаралып 2020 жылы бекітілетін болады. 

Алғабас елді мекеніндегі ауыз су жүйесі құрылысы 2019 жылы күз айын басталған болатын аталған құрылыс 2020 жылы толық  аяқталып пайдалануға беріледі.

Жұлдыз елді мекенінде спорт алаңшасы құрылысы ауыл жастарының демеушілігі есебінен 2019 жылы басталған, аталған спорт алаңшасының құрылысы биылғы жылы аяқталып пайдалануға беріліді деп жоспарлануда.

Сонымен, қатар Ағыбет елді мекенінде спорт алаңшасын демеушілер есебінен құрылысын жүргізу биылғы жылға жоспарлануда.  Аталған құрылыс бойынша демеушілермен ауыл жастарымен кездесіп  ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы Ағыбет ауылдық округі Ағыбет елді мекеніндегі Талдыбұлақ, Жетіотау, Т.Рысқұлов, Б.Майлин көшелері, Алғабас елді мекеніндегі Қаратау көшесіне аяқ жолдар мен көше жарықтарын орнату үшін жобалық сметалық құжаттары жасалып аудан бюджетінен қаржы бөлу туралы ұсыныс енгізілетін болады.

2020 жылы Ағыбет елді мекеніндегі Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты аудан бюджеті есебінен 96 млн теңгеге шатыры ауыстырылып, сыртқы қабырғасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Округ көлемінде атқарылып жатқан барлық игі істерде түрлі салада еңбек ететін тұрғындардың ортақ мақсат жолындағы еселі еңбектері зор. Еңбастысы қол жеткен жетістіктерді тұрақтандырып, экономикада, әлеуметтік – мәдени салаларда белгіленген шараларды нақты іске асыру міндеті тұр. Ағыбет ауылдық округі тұрғындарының әлеуметтік – мәселелерін шешуде ауыл әкімі аппараты қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, барлық мүмкіншіліктерді пайдаланатын боламыз.