Алғабас ауылдық округінің әкімі Қ.Төлеповтің 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы тұрған міндеттері туралы есебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 05 ақпандағы №190 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2019 жылдың ішінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы есеп бере отырып, алдағы кезеңдегі міндеттер туралы өздеріңізді хабардар ету. Сіздер тарапынан жасалған тың, жаңашыл ұсыныс-пікірлер болса алдағы жоспарлы іс-шараларға ендіру.

 

Қаржының игерілуі туралы

Округ бойынша қаралған қаржы 126 млн. 655 мың теңге қаржы бюджеттік өтінімнің әр ерекшеліктері бойынша өз мақсатында 100 пайыз игерілді.

1 слайд

01.01.2019 ж. Қаралған қаржы

31.12.2019 ж. Игерілген қаржы

Орындалу пайызы

1

126 млн. 655 мың тенге

126 млн. 655 мың тенге

100,0

Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты өзін-өзі басқару қаражатының салықтық және салықтық емес түсімдері 5 млн. 390 мың теңге болып жоспарланған. Түсім 6 млн. 049 мың 531 теңгені құрап 112,2 пайызға орындалды.   

2019 жылы  салықтың  орындалуы:                                    

 

Салық түрлері

Жылдық жоспар

/мың теңге/

Нақты орындалғаны        

Орындалу

пайызы %

1

101202 –төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

1000,0

1 074 759

107,4

2

104102 – жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

58,0

60 227

103,8

3

104302- жеке тұлғалардан алынатын жер салығы

697,0

729 666

104,6

4

104401- заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық

178,0

195 051

109,5

5

104402- жеке тұлғалардың көлігіне салынатын салық

3 401,0

3 933 828

115,6

6

Ерікті алымдар

56,0

56,0

100,0

Ж И Ы Н Ы :

5 390,0

6 049 531

112,2

 

Ауыл шаруашылығы бойынша                           

Ауыл округінің жер көлемі – 84 846 га болса, оның ішінде;

  • - егістік жер – 17 873 га
  • - суармалы жер – 2 530 га
  • - жайылымдық жер- 50 245 га
  • - шабындық – 997 га
  • - елді мекен жері- 478,30 га 
  • - бау – 24 га                                      

2019 жылы  егілген егіс көлемі:           

  • Жаңа жоңышқа – 511,8 га
  • Ескі жоңышқа – 1 186,6 га
  • Мақсары – 6 286 га
  • Арпа – 1 355 га
  • Пісте – 27,2 га
  • Көкөніс - 100 га
  • Бақша – 72,5 га
  • Жүгері – 162 га
  • Картоп – 60 га егілді

2019 жылы 3 199,68 га күздік бидай егіліп, 500 га егістік жер парға айдалды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша үш жақты тапсырмалардың орындалуы туралы айтып өтсем:

Егістік жердің игерілуі бойынша жылдық жоспар 10 998 га болса, орындалуы 11 019 га болып 100,2 пайызды құрады.

Мал бордақылау алаңдарын салу бойынша 2 болса, орындалуы 2  болып        100,0 пайызды құрады. Жанұялық сүт фермаларын салу бойынша 1 болса, орындалуы 1 болып 100,0 пайызды құрады.

Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, ет (тірі салмақта) центнер бойынша жылдық жоспар 9 748 центнер болса, орындалуы 9 898 центнер болып                 101,5 пайызды құрады. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, сүт бойынша жылдық жоспар 14 883 тн болса, орындалуы 16 325 тн болып 109,7 пайызды құрады. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, жұмыртқа жылдық жоспар 7 380 дана болса, орындалуы 7 731 центнер болып 104,8 пайызды құрады.

Жаңадан ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша жылдық жоспар           4 дана болса, орындалуы 4 дана болып 100,0 пайызға орындалды. «Ерсұлтан-Агро» ЖШС дана жаңа бельарус тракторын алып келіп жұмыс жасауда.

Алғабас ауылдық округі бойынша электронды картаға 14 049 га егістік жерлерді енгізу керек болса, 11 542 га егістік жер енгізіліп 82,2 пайызды құрады.

Барлық егістік жерлер,га

Оның ішіндегі арнайы жер қорындағы жерлер,га

Конкурс арқылы берілген жерлер,га

Электронды картаға енгізілуі тиіс жерлер,га

Электронды картаға енгізілген жерлер, га

%

1

14 199

150

769,41

14 049

11 542

82,2

Ал, жалпы электронды картаға енгізілуі тиіс 49 226 га жайылым болса, қазіргі таңда 17 199 га жайылым жер картаға енгізіліп 43,5 пайызды құрап отыр. Алдағы уақыттарда бұл жұмыстар жалғасын табады.

Барлық жайылым жерлер, га

Электронды картаға енгізілуі тиіс жерлер, га

Электронды картаға енгізілген жерлер, га

 %

1

49 226

39 567

17 199.66

43,5

Мемлекеттен 7 агроқұрылым жеңілдетілген 375 тонна жанар-жағармай алды.                                      

Агро құрылым атауы

Төрағасы

Алынған жанар-жағармай, тн

1

«Шаян» ӨК

П.Шардарбеков

50

2

«Ерсұлтан-Агро» ЖШС

Е.Мырзабеков

165

3

«Райымбек» ш/ш

Қ.Айтаханов

40

4

«Қарабастау» ш/ш

Д.Нысаналин

65

5

«Қосай» ӨК

Қ.Асқаров

35

6

«Ильяс» ш/ш

Е.Абдикадыров

60

7

«Бейбітбай» ш/ш

М.Бейбітбаев

5

 

Барлығы:

375

 Мал басының ұлғаюы бойынша:  

қ/с

Мал атауы

01.01.2019 жыл

01.01.2020 жыл

Пайыз

Саны \бас\

Саны \бас\

 

1

Ірі  қара

4 100

4 118

100,4

2

Жылқы

1 465

1 495

102

3

Қой

41 077

42 028

102,3

4

Ешкі

6 331

6 343

100,1

5

Түйе

53

53

100

6

Құс

6 861

6 824

99,4

Барлық елді мекендегі мал басы түгелдей дерлік емдеуден өткен. Қазіргі таңда малда қауіпті аурулардың белгісі жоқ. Мал өлексесін тастайтын  4 өлексе тастайтын шұңқыры бар. 7 мал шомылдыратын орын бар. 

Елді мекендердегі қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысы арнайы рұқсаты бар азаматтармен келісім шарт арқылы 2019 жылы  305 ит, 16 мысық ауланып жойылды (Шақпақ елді мекенінен 150 ит, 5 мысық, Қазата елді мекенінен 92 ит,         4 мысық, Таңатар елді мекенінен 63 ит, 7 мысық).

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 60 бас болса, орындалуы    121 бас болып 201,0 пайызға орындалды. «Омар» шаруа қожалығы төрағасы Төреқұлов Әбдіразақ өз қаржысы есебінен 25 бас аналық сиыр  және 1 бас асыл тұқымды «Ақ бас», бұқа (бұқа құны 232 000) және «Нұрбақыт» шаруа қожалығы төрағасы Биболатов Мұхтар өз қаржысы есебінен 25 бас аналық сиыр және 1 бас асыл тұқымды  «Ақ бас» бұқа (бұқа құны 450 000) «Арыстанды-KZ» өз қаржысы есебінен 71 бас аналық сиыр алып өсіруде.   (1 млн. 510 мың теңге субсидия алды)

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 300 бас болса, орындалуы  12 980 бас болып 4 326 пайызға орындалды.  

Мал басын түрлендіру бойынша Шақпақ елді мекенінен «Заңғар» ш/ш төрағасы Ботабеков Нұрланбек – 750 бас саулыққа 30 бас асыл тұқымды қошқар, «Ильяс» ш/ш төрағасы Абдихадыров Ерғали – 624 бас саулыққа 25 бас  асыл тұқымды қошқар, «Омар» ш/ш төрағасы Төреқұлов Әбдіразақ – 794 бас саулыққа 32 бас  асыл тұқымды қошқар, «Ақжол» ш/ш төрағасы– 600 бас саулықты қолдан ұрықтандырды, «ЖК «Адилов Кайрат Оспанович» - 795 бас саулыққа, 32 асыл тұқымды қошқар, Қазата елді мекенінен «Нұрсұлтан» ш/ш төрағасы Қақыбек – 895 бас саулыққа қолдан ұрықтандырды, ЖК «Төленов Данияр Борантайұлы» - 900 бас саулықты қолдан ұрықтандырды, Таңатар елді мекенінен ЖК «Скакова Куанхан» - 1 000 бас саулыққа, 40  асыл тұқымды қошқарлар сатып алынды.  (10 млн. 509 мың теңге субсидия алды)  

 

Әлеуметтік сала

“Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың         2017-2021 жылдарға арналған” Бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы  атқарылған жұмыстар туралы айтып өтсем.

Алғабас ауылдық округі бойынша 2019 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартсыз  және шартты ақшалай көмекті 213 отбасы  252 млн. 083 мың 763 теңге алып, алынған қаржыларына мал алып күн көріс деңгейін жақсарту мақсатында жұмыстар жасауда.

 Отбасы саны

Қаржысы, мың теңге

213

252 083,7

Қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 11 азамат жолданып, оның 16 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Бағдарламаға қатысқандар саны

Жоспар

Нақты

%

тұрақты жұмысқа орналасқандары

11

16

145,5

11

Бағдарламаның 2 - бағыты бойынша шағын несиелеуді ұйымдастыру бойынша жоспар 4 болса, 6 азамат 19 млн. теңге несие алып жаңадан 6 жұмыс орны ашылды.

шағын несиелеуді ұйымдастыру

несие алушылар тарапынан

қосымша ашылған жаңа жұмыс орны

Жоспар

нақты несиеленген, адам

%

несиеленген, мың.теңге

4

6

150

19 000,0

6

Несие алған 6 азаматтың тізімі                    

Аты-жөні

Алынған сома (мың.тг)

Қаржыландырған ұйым

Мақсаты

1

Ахметов Ержігіт

3 000,0

Ырыс МҚҰ

Мал шаруашылығы

2

Әуезұлы Бексұлтан

3 000,0

Ырыс МҚҰ

Мал шаруашылығы

3

Сәулебаева Махаббат

3 500,0

Ырыс МҚҰ

Мал шаруашылығы

4

Орынбеков Оразбек

4 000,0

Ырыс МҚҰ

Мал шаруашылығы

5

Қалымбетов Алмасхан

2 500,0

Ырыс МҚҰ

Мал шаруашылығы

6

Байзахова Нургул

3 000,0

Ырыс МҚҰ

Мал шаруашылығы

 

Барлығы:

19 000,0

 

Несие алған азаматтар үйінің ауласынан бордақылау алаңын ашып, уақ мал және ірі қара малын бордақылаумен айналысуда. Жеке азаматтар несие алып шаруашылықтарын кеңейтіп мал басының қосылуына өз үлестерін қосуда.

Бағдарламаның 3-бағыты бойынша:

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар 5 орын болса, орындалуы 5 орын болып 100 пайызды құрады.

Жастар тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар 19 орын болса, орындалуы 27 орын болып 142,1 пайызды құрады.

Ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жылдық жоспар 31 орын болса, ақылы қоғамдық жұмысқа 30 адам тартылып 96,8 пайызды құрады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданғандар

Жастар тағылымдамасынан өтуге  жолданғандар

Ақылы қоғамдық жұмысқа жолданғандар

Жоспар

Нақты

%

Жоспар

Нақты

%

Жоспар

Нақты

%

5

5

100

19

27

142,1

31

30

96,8

Бағдарламаның 3-бағыты бойынша тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолданған азаматтар жөнінде мәлімет

Жоспар

Нақты

%

121

167

138

Біріңғай жиынтық төлемдері бойынша жылдық жоспар 96 азамат болса, орындалуы 101 азамат болып 105,2 пайызға орындалды.

Жоспар

Нақты

%

96

101

105,2

1- Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған акция бойынша жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен аз қамтамасыз етілген 4 отбасы күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 12 мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Округте І-топта – 16, ІІ-топта – 74, ІІІ топта – 85 және мүмкіндігі шектеулі 16 жасқа дейінгі 33 бала, барлығы 208 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.

Округте 100 жастан асқан -  1 ана, алты ай тыл еңбеккерлері - 22, ҰОСМ жесірі - 4, Ауған соғысы ардагері - 1, Чернобыль ардагері - 1, Семей полигонынан зардап шеккендер – 2, Батыр аналар - 31,   Алтын алқа иегері - 79, Күміс алқа иегері - 118, Көп балалы ана – 155, 12 есепте тұратын жеке басты қарт бар. 10 ардагер «Ардагерле үйі» демалыс орнына, 9 ардагер «Мейір ардагерлер үйі» демалыс орнына барлығы 19 ардагер сонымен қоса 31 мүмкіндігі шектеулі азаматтар түрлі оңалту орталықтарына жолдамамен барып емделіп қайтты.   

 

Тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша

Округте Қазата, Таңатар елді мекендері ауыз сумен қамтылған. Шақпақ елді мекені жер асты су ұңғымасын қазуды толық аяқталмауына байланысты таза ауыз сумен қамтамасыз етілмей отыр. Осы жылы қазу жұмыстары толық аяқталып таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

 

Тұрғын үй инвестициясы бойынша

Тұрғын үй инвестициясын тарту бойынша жылдық жоспар 995 ш/м болса, орындалуы 1 215,3 ш/м болып 122 пайыз болып артығымен орындалды.

Жоспар ш/м

Нақты ш/м

%

995

1 215,3

122

 

Білім саласы бойынша

Алғабас ауылдық округіндегі 3 елді мекенде 3 типтік мектеп, 3 балабақша жұмыс істеп тұр. Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі бойынша:

Жалпы мектепте 95 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде:

Жоғары санатты

Бірінші санатты

Екінші санатты

1

12

33

36

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты мұғалімдердің  85 % біліктілік курстарынан өткен.

2018-2019 оқу жылында мектеп бітіруші саны  - 27 оқушы. ҰБТ- ға қатысқаны -22. Орташа балл-75,3 пайызды құрады.

2019 жылы бітірген 27 түлектің – 15-і мемлекеттік грант иегері 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.

Оның ішінде 7 оқушы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсті.               (Әби Ажар Орал қаласы, Мырзалыұлы Нұрдәулет, Тілеуберген Балгүл Семей қаласы, Бекмахан Ақнұр, Жолдасбек Аяжан, Мұстафа Назерке, Рахымбекова Альбина Қарағанды қаласы)

Ал, өткен 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші саны  - 33 оқушы. ҰБТ- ға қатысқаны -29. Орташа балл-84,0 пайызды құрады.

2018 жылы бітірген 33 түлектің – 13-і мемлекеттік грант иегері 2 оқушы «Алтын белгі» иегері атанған болатын.

Тұрмыс-1 жалпы орта мектебі бойынша:

Жалпы мектепте 49 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде:

Жоғары санатты

Бірінші санатты

Екінші санатты

1

12

15

10

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты мұғалімдердің 90 % біліктілік курстарынан өткен.

2018-2019 оқу жылында мектеп бітіруші саны -10. ҰБТ-ға қатысқаны -7. Орташа балл- 68,4 пайызды құрады.

2019 жылы бітірген 7 түлектің – 7-уі мемлекеттік грант иегері атанды.

Ал, өткен 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші саны -20. ҰБТ-ға қатысқаны -11. Орташа балл- 98,6 пайызды құрады.

2018 жылы бітірген 20 түлектің – 11-і мемлекеттік грант иегері, 1-оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.

Оның ішінде 5 оқушы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен. (М.Қозыбаев атындағы СҚО университетіне 3 оқушы, Көкшетау мемлекеттік университетіне 1 оқушы, Арқалық қаласындағы С.Торайғыров атындағы университетке 1 оқушы)

 Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі бойынша:

Жалпы мектепте 47 мұғалім жұмыс жасайды.

Жоғары санатты

Бірінші санатты

Екінші санатты

1

13

14

13

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты мұғалімдердің 90 % біліктілік курстарынан өткен.

2018-2019 оқу жылында мектеп бітіруші саны  - 11 оқушы. ҰБТ- ға қатысқаны -9. Орташа балл - 80,6 пайызды құрады.

2019 жылы бітірген 11 түлектің – 6-уы мемлекеттік грант иегері атанды.

Ал, өткен 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші саны  - 11 оқушы. ҰБТ- ға қатысқаны -10. Орташа балл - 93,7 пайызды құрады.

2018 жылы бітірген 11 түлектің – 8-і мемлекеттік грант иегері, 4-оқушы «Алтын белгі» иегері атанған болатын.

Оның ішінде 1 оқушы «Серпін» бағдарламасы бойынша Атырау қаласындағы Х.Досмұхаммедов атындағы университетке оқуға түскен.

«Айгөлек» бөбекжай балабақшасында 17 педогог қызметкер қызмет жасауда, бала саны 125 бала.

«Жансая» бөбекжай балабақшасында 8 педогог қызметкер қызмет жасауда, бала саны 50.

«Балбөбек» бөбекжай балабақшасында 10 педогог қызметкер қызмет жасауда, бала саны 60.

Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының кіші жобасы аясында Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің 90-жылдық мерейтойы өткізілді. Осы  іс-шараға байланысты арнайы жоспар жасалынып, мектеп бойынша 90 - іс шара жоспарлы түрде ғылыми-конференция  ұйымдастырылды. Мектептің 90 жылдық мерейтойы аясында мектепте  бірнеше жұмыстар атқарылды. Мектеп ауласына Ұлағатты ұстаз, мектепті басқарған басшыларға арналып «Ұстаздар аллеясы» ашылды. Ұлт көшбасшысы – Елбасына арналған бұрышты және Елбасының жазған бірнеше кітаптары мен өз қолымен жазған өмірбаянының, аттестаты, бірнеше құнды құжаттарының көшірмесі қойылған мұражай жасап берді.

 

«Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша       

Шақпақ елді мекенінің жас маман Ғ.Мұратбаев атынағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Әлімбай Ермұрат Мейрамбайұлы, аудандық ветеринариялық лабораторияда лобаранты Жаппарова Дариға Тегіскелдіқызы, аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы жас маман Шубаев Мұхтар Темірұлы бір реттік        252 500 теңгеден көтерме жәрдемақы алды. Сонымен қатар Алғабас ауруханасының аға дәрігері жас маман Қобыландыұлы Нұрсұлтан осы бағдарлама шеңберінде тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 3 млн. 607 мың теңге, Алғабас ауруханасының медбикесі Шерманова Сандуғаш 3 млн. 600 мың теңге жеңілдетілген несие алды.

 

Денсаулық саласы

Денсаулық саласы бойынша ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында  1 аурухана, 2 ФАТ жұмыс істейді.

Аурухана және оңалту орталығында жалпы 57 медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде: 2 - жоғары санатты дәрігер. 3 - жоғары санатты акушер, 1 - жоғары санатты фельдшер, 22 - орта буын қызметкелері қызмет жасауда. Аурухананың аға медбикесі Дакеева Ақмарал Тоқтасынқызы «Жылдың үздік мейірбикесі» номинациясын жеңіп алды.

2019 жылы оңалту орталығында - 171 адам, күндізгі бөлімде 224 адам ем алған.      

Ауылдық округте 2019 жылы 90 бала туылды. Баламен ана өлімі тіркелмеді. (Бұл көрсеткіш 2018 жылыда 90 бала болған).

Сонымен қатар жеке кәсіпкер Асқар Кенеханның демеушілігімен оңалту орталығынан 1 бөлмені толық заман талабына сай жабдықтап, аурухана алдынан дәрігерлер аллеясын пайдалануға берді.

 

Әскерге шақыру бойынша

Округ бойынша 2019 жылдың көктемгі және күзгі медициналық тексеруден    102 бала өту керек болса, 102 бала медициналық тексеруден өтті. 16 азамат әскер қатарына алынды. (Шақпақ - 7 бала, Қазата - 4 бала, Таңатар - 5 бала)        

Бюджет есебінен салынған объектілер.

  • Шақпақ елді мекеніндегі Жеңіс көшесі және Қазата елді мекеніндегі Ж.Мейірбекұлы және Қ.Шалтаев көшелері толық жарықтандырылды.
  • Шақпақ елді мекеніне кіреберіс көпірге 73 млн. 795 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Мәдениет саласы                       

Округте мерекелік күндерге байланысты мәдени іс - шаралар жасалып, аталып өтілді. Округте 2 кітапхана жұмыс жасайды. Шақпақ елді мекеніндегі кітапхана орталық клубтың ішінде орналасқан. Кітап қоры 7 817 кітап. 2019 жылы кітапханаға жаңа 238 кітап келген.  2019 жылы 660 оқырман оның ішінде 310 балалар өздеріне қажетті түрлі кітаптар алып оқыған. Қазата елді мекеніндегі кітапхана Тұрмыс-1 мектебінде орналасқан. Шақпақ елді мекенінде «Цирк залы» жұмыс жасауда. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауылдық әжелер алқасының төрайымы Мамырова Пернекүлдің ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты көрме ұйымдастырды.         

 

Спорт саласы

Округте № 1 аудандық балалармен жасөспірімдер спорт  мектебіне қарасты спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Теннис үйірмесі (жетекшісі Ильясов Өскен), балалар мен қыздар волейбол үйірмесі (жетекшісі Сейтимбетов Шохан), шахмат үйірмесі (жетекшісі Нұрмаханов Құрманғали).

 «Туған елге тағзым!» акциясы аясында Шақпақ елді мекені тұрғындарымен жастарының демеушілігімен жаздық кіші футбол алаңы пайдалануға берілді.            (Жалпы құны 8 млн. теңге)

            

Діни ахуал

Округте 3 мешіт тіркелген. Терроризмге қарсы іс-шара жасалынып, аудандық коммисияға мәлімет уақытылы беріліп отыр.

 

Қылмысқа қарсы күрес     

Округтегі қоғамдық ұйымдардың және аудандық құқық қорғау органдары      қызметкерлерімен бірлескен құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде қоғамдық кеңеспен кездесу жиындары өткізіліп, қылмыстың алдын-алу профилактикалық жұмыстары  жүргізілді. Алғабас ауылдық округі бойынша 2018 жылы 11 қылмыс тіркелген, ашылғаны 7 қылмыс, ашылмағаны 4 қылмыс болған. 2019 жылы

11 қылмыс тіркелген, ашылғаны 5 қылмыс, ашылмағаны  5 қылмыс, 1 қылмыс қысқартылған. 2018 жылмен салыстарғанда 2019 жылы біршама қылмыстың алдын алу шараларын ұйымдастырып елді мекен тұрғындарына малдарын қараусыз қалдырмау, малдарын падаға немесе малшыларға қосу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің арқасында қылмыс өспеген. Бұл жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын табады.

2018 жыл

2019 жыл

 

Тіркелген қылмыс

Ашылғаны

Ашылмағаны

Тіркелген қылмыс

Ашылғаны

Ашылмағаны

1

11

7

4

11

5

5

Оның ішінде:

- Шақпақ елді мекенінде 7 қылмыс орын алған, 4 қылмыс ашылған, 2 қылмыс ашылмаған. 1 қылмыс малы табылып қысқарған.

Ашылған қылмыстар: Мал ұрлығы;

Ашылмаған қылмыстар: Аккумулятор ұрлығы;

- Қазата елді мекенінде 1 қылмыс орын алған, 1 қылмыс ашылған.

Ашылған қылмыстар: Мал ұрлығы;

- Таңатар елді мекенінде 3 қылмыс орын алған, 3 қылмыста ашылмаған.

Ашылмаған қылмыстар: Мал ұрлығы; тауық ұрлығы;

 

Көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмысы

Округ бойынша әр аптаның сенбісі  «сенбілік» күні болып белгіленген.  Әрбір елді мекен бойынша апталық жарияланып, әрбір елді мекенге Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары бекітілді. Елді мекендердің қас-келбетін реттеу үшін іс-шара жасалып, тұрғын үйлермен сыртқы қоршауларын ретке келтіруде біршама жұмыстар атқарылды. Елді мекеннің сыртқы келбетін ретке келтіру жұмыстары алдағы уақытта да жүргізіледі. Жол бойындағы тікенектер  шабылып, ретке келтіріліп,  күл-қоқыстар  реттелуде, арық-атыздар елді мекендер бойынша тазаланып, ағын сумен  қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың барысы туралы мәліметтер аудандық тұрғын-үй коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне апта сайын беріліп отырды.   

 

Ауыл әкімі жанындағы қоғамдық ұйымдар

Ауыл әкімі жанында ауылдың билер алқасы, ардагерлер кеңесі, әжелер алқасы, әйелдер кеңесі өз деңгейінде жұмыс жасауда. Ауылда өтетін түрлі іс-шараларға атсалысып өз үлестерін қосуда. Аудандық мәслихатың шешімімен еңбек ардагері Әлімбеков Аманбай Үсенбайұлы және Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлы «Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы» атанды. Сонымен қатар Алғабас ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Атақұлұлы Әбдірахым «Жылдың үздік ардагерлер ұйымы» номинациясын жеңіп алды.

 

Ауыл әкімінің атына түскен арыз-шағымдар

2019 жылы ауыл әкімінің атына елді мекендер бойынша жеке тұлғалармен заңды тұлғалардан 58 арыз шағым түскен.

Оның ішінде:

-  тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылық құрылысын жүргізу үшін жер телімін сұрап 37 өтініш түскен.

- құрылысы бұрын салынған тұрғын үйі орналасқан жер теліміне шешім шығару үшін 19 өтініш түскен.

- Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы атынан трансформатор орнату үшін жер теліміне шешім беру үшін 1 сұраныс түскен.

-   жеке тұлғалардан тұрмыстық жағдайға байланысты 1 өтініш түскен

- Ауыл әкімі атына түскен арыз шағымдардың 53-і толық қанағаттандырылды,           5 өтініштің мерзімдері бар.

-   Ауыл әкімшілігіне жоғары тұрған мекемелерден 407 кіріс хат келіп түскен, ал   591 шығыс хат мерзімінде тиісті мекемелерге жауап беріліп отырды.

Әкімдік бойынша 103 өкім, 63 шешім қабылданды.

 Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

-  Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу;

- Шақпақ елді мекеніндегі Б.Ержанов көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жолаяқ (тратуар) және суағар (латок) салу;

- Шақпақ елді мекеніндегі «Бозарық» каналын бетондау немесе латок орнату. Бұл канал қайта жөнделсе, 213 га суармалы жер игерілетін болады.

- Шақпақ, Қазата, Таңатар елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізу;

-  Қазата, Таңатар елді мекендерінде кітапхана, мәдениет үйлерін салу қажет;

- Шақпақ, Қазата, Таңатар елді мекендерінен қарқынды бау егуді ұйымдастыру;

- Шақпақ, Қазата, Таңатар елді мекендеріндегі тозығы жеткен электр бағаналарымен сымдарын ауыстыру;

- Мал басының барлық түрін асылдандыру бағытында жұмыстар жүргізу;

- Барлық ауылдарда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін құрама жем цехы, мал сою цехы, ет,сүт өңдейтін цехтар сонымен қатар мал бордақылау алаңдары мен сүт фермаларын ұйымдастыратын ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру;

 

Жалпы атқарылған жұмыстан атқарылатын жұмыс көп. Сол жұмыстарды орындау үшін аянбай жұмыс істейтін боламыз.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.