Ақбастау ауылдық округі әкімі Н. Сүгірбаевтың 2019 жылдың қорытындысы бойынша есебі

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2 қыркүйек 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі » атты  Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 5 негізгі басымдықты айқындап берді. Оның ішінде қазіргі заманғы тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлер -қуатты ел бар.                   Осы негізгі басымдықтар аясында Президент қалалар мен ауылдарды дамытудың негізі ретінде микро және шағын бизнес өкілдерін салықтан босатуды, бұл барлық кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау  өйткені шағын және орта бизнес ел экономикасының тұтқасы екенін, оны дамыту халықтың өзін өзі жұмыспен қамтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық базасын арттырып, экономиканы өркендетуге мүмкіндік бары айтылды. Сонымен қатар тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту, оларды жұмыспен қамту, жерлерді тиімді игеру шетелдіктерге сатпау және оған жол бермеу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.Осы бағыттардан  туындаған міндеттер мен жолдау аясында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, облыс, аудан әкімдерінің берген тапсырмаларын орындау барысында Ақбастау ауылдық округінде де бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда

 

БЮДЖЕТ САЛАСЫ

Жыл басында  ішкі кірістерді ұлғайту бойынша арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, нәтижесінде жергілікті салықтың кіріс түсімдері 9.518.496 теңге болып, 105,0  пайызға  орындалды,  бюджеттің шығыс бөлігі    100,0 пайызды құрады.

Салық түсімдерінің орындалуы (мың.тг)

қ/с

Салық түрлері

Жылдық

жоспар

(мың теңге)

Нақты

  орындалғаны

(мың теңге)

 %

1

Мүлік салығы

94.000

97.862

104.0

2

Жер салығы

833.000

  936,634

112,0

3

Көлік салығы

      2,702.000

3.245.000

120,0

4

Табыс салығы

992.000

1.30.000

104,0

5

Заңды тұлға көлік салығы

      4.089.000

4.089.000

100,0

6

Айыппұлдар

51.000

51.000

100.0

7

Ерікті алымдар

35.000

35.000

100.0

8

Мүлікті жалға беру

34.000

34.000

100.0

 

Барлығы

      8.830.000

   9,518.496

105,0

2018 жылғы салық түсімдері 5.930,000 теңге болса, 2019 жылы салықты арттыру есебінен  салық көлемі 3.588.496 теңгеге  артық түсті.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Мал шаруашылығы

Ауыл округі экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды, о.і. мал шаруашылығына тоқталсақ 2019 жылы белгіленген межелер толық орындалып,  1111,7 тонна ет, 2133 тонна сүт,  911 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2019 жылғы мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі

Өндірілген өнім түрлері

2019 жылғы

Өндірілген өнім

Барлық сомасы (млн.т)

1

Ет (тн)

1111,7

16675,5

2

Сүт (тн)

2133,0

25596,0

3

Жұмыртқа (мың дана)

911

2733,0

Барлығы

 

27372,5

2019 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша округтегі барлық санаттағы мал басы

қ/с

Малдың түрі

01.01.2019 жылғы мал басы

01.01.2020 жылғы мал басы

%

1

Уақ мал

46168

48476

105,0

2

Жылқы

2385

2624

110,0

3

Ірі қара      

6387

7036

110,0

5

Құс

10530

10540

100,0

Мал басы  барлық түрінен артығымен толық орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 300 аналық бас қой алу межеленіп, одан нақты  300 бас асыл тұқымды мал алынды, тапсырма 100,0 пайызға орындалып, 12 млн 778 мың 500 теңге субцидия алынды.

 «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 65 бас асыл тұқымды аналық бас алу межеленіп, одан нақты 175 бас аналық бас ірі қара мал алынды, тапсырма 269,0  пайызға орындалып,  6 млн 810 мың теңге субцидия берілді.  Мал бордақылау алаңдарын салу -2 дана, Жанұялық сүт фермаларын ашу – 1 дана толығымен орындалды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын  дамыту бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін 9 шаруашылықта 5122 бас уақ мал болса, 2019 жылы 3 шаруашылық 3397 бас аналық уақ мал алып жұмыс жасаса, мал шаруашылығында мал басын көбейту бойынша ауыл шаруашылығын қолдау қорынан  4 адам 11 млн теңге алып, жұмыс жүргізуде.

Округтегі  бірқатар шаруалары мен кәсіпкерлері қаржы ұйымдарынан несиелер алып, техника алу, қора- жай салу, мал шаруашылығын дамытуда жұмыстар жасаса, жеке кәсіпкерлер есебінен қора жай құрылыстары жүргізіліп, асыл тұқымды Ангус малдары  әкелініп жұмыс  жүргізілуде.

 

ВЕТЕРИНАРИЯ

Энзоотиялық аурулардың алдын алу, егу, залалсыздандыру жұмыстары

қ/с

Залалсыздандыру түрі

Мал түрі

І кезең, көктемде

ІІ кезең,

күзде

1

Тоғыту, бас

Уақ мал

82995

83760

2

Бүрку, бас

Ірі қара

5082

5255

3

Дезинфекция, ш/м

Мал қора

204500

204500

2019 жылы  жоспарланған   түрлі  жұқпалы  ауруларға қарсы  ірі қараны тоғыту - 9740 бас - 100 пайыз, уақ малдарды шомылдыру 56939 бас - 100 пайыз, дизенсекция - 200500 шаршы метр, 100 пайыз, мал иірімдерін, суаттарды залалсыздандыру - 85000 шаршы метр 100 пайызға орындалды.                                                                      

Сонымен қатар өткен жылы  374 ит, 28 мысық жойылып, 1 адамды кене шақса , 24 адамды ит қапқан. 

 

Егін шаруашылығы

2019 жылы  егілген егіс және өнім көлемі.

                                           Егістік  саласы   бойынша                                                                                   

қ/с

Елді мекен атауы

Егістік жер

Суармалы жер га

Барлы

ғы

га

Арна

йы жер қоры

Игеріл

гені

га

Игеріл-мегені

га

Барлы

ғы

га

Арнайы жер

қоры

Игеріл- гені

га

Игерілмегені га

1

Ақбастау

7254,54

215

5965,0

1153,70

1081,25

54

1009,85

125,4

2

Жолғабас

  892,32

-

766,75

  145,57

 79,5

-

  60,25

   19,25

3

 Кеңес

1029,5

-

925,25

  110,25

130,25

-

  56,25

  74,0

4

Тұрақты

1530,64

182

1106,7

 400,64

305

15

292,25

  12,75

5

Округ бойынша                      

10707

397

8757,7

1632,30

1596

69

   1418,6

 231,40

                       

Ауыл шаруашылық жерлерін игеру бойынша

Барлық егілген егіс көлемі  10176,2  гектарды құрап, жоспар 100,2 пайызға орындалды

9801 га егістік жердің 8757,7 гектары игеріліп, іске қосылса, электронды картаға енгені 7925 гектар  жоспар 81  пайызды,1596 гектар суармалы жердің 1418 гектары игеріліп, 777 гектары электронды қартаға еніп, жоспар 49 пайыз болса, 18311 га жайылымдық жер телімінің 9752 гектары электронды картаға енгізіліп, ол  53  пайыз болып отыр.  Бұл жұмыс жалғасын табуда.

Өткен жылы  бос игерілмей жатқан  361,76  га суармалы,        1867,32 га  егістік, 854,9 га жайылым барлығы – 3083,98 жер конкурсқа  қойылып, егелері анықталып, құжаттандырылып биылғы көктем айынан бастап  игеріліп, айналымға қосылатын болады.

Ауылдық округі шегінде орналасқан арабтар фирмасында 4,5 гектар жылыжай орналасқан, онда тиісті өнімдер алынуда.

2019 жылы жеке кәсіпкер Күзенбаева 13 гектар жер телімін алып, оның ішінде 3 гектар жер теліміне жылыжай құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар қарқынды бау егу үшін 16 га жер телімін конкурс арқылы жеңіп алып, осы жылдың көктем айында жұмыс жүргізеді.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАСЫ

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы туралы

  • Жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспары 139 адам болса, нақты 144 адам жұмысқа орналасты,  орындалуы  103,6 %.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған азаматтар жоспар 15 адам болса, нақты 17 адам жұмысқа орналасты, орындалуы 113,3 пайыз.
  • Шағын несиелеуді ұйымдастыру бойынша жоспар  6 адам, нақты 12 адам, орындалуы 200,0 % оның ішінде несиеленгені  12 адам 43,1 млн. тенгеге;
  • Жаңа механизмдер бойынша қайта даярлау курстарына 6 жұмыссыз азамат жіберіліп, олар ай сайын степендиямен қамтылды; 
  • Жастар практикасы бойынша жоспар 16 адам, нақты 26  жас маман білім беру мекемелеріне жіберілді, орындалуы 162,5 пайыз.
  • Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберудің жоспары 27 адам болса, нақты 29, орындалуы 107,4 %.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ   

Ауыл округінде 2 жалпы орта, 2 негізгі орта мектепте 179 мұғалім жұмыс жасайды. Мектептерде барлығы 1005 оқушы, Кенес, Тұрақты елді мекендерінде мектеп жанындағы шағын орталықтарда 50 бала тәрбиеленсе, сондай-ақ,  « Айгүл » бөбекжай-балабақшаларында мектеп жасына дейінгі  120 бала тәрбиеленуде.

2019 жылғы мектеп бітірушілер Ұлттық біріңғай тест тапсыру бойынша:

  • Ш. Уалиханов мектебі  – 50-39 (78) – 63,6 балл – Мектептер арасында 24 орын  иеленіп,  Жоғары оқу орнына  – 36, колледжге – 9 бала түскен.
  • Ө. Жолдасбеков мектебі – 11/4 (37) – 98,3 балл  – 49 мектеп арасында 5 орын (1-107б)

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Округ бойынша  1 емхана  3  Фельдшерлік акушерлік пункт орналасқан.   Онда 2 дәрігер, 17- орта буын қызметкерлері  ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. 2019 жылы Кеңес  елді мекенінде жаңа типті медициналық тірек ғимаратының құрылысы салынып,  пайдалануға берілді. Міндетті әлеуметтік медециналық сақтандыру жұмысы қолға алынып  жоспардағы 101 адам толық  тіркелді.

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Ақбастау елді мекенінде орталық мәдениет үйі жұмыс жасайды. Мұнда даталы күндер, мейрамдар арнайы аталып өтіліп, онда барлық елді мекендерден ауыл тұрғындары шақырылып түрлі салада еңбек етіп жетістіктерге жеткен  еңбек ардагерлері мен шаруашылық басшылары марапатталып отырылады. Ақын Ақмарал Леубаеваның «Анаға хат» атты шығармашылық кешінің аудандық қорытынды есебі өтіп онда елден шыққан айтыскер ақындар мен әншілер қатысып өнер көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларға сыйлықтар берілді. Сонымен қатар Ш. Әбіштің 75 жылдық кеші өткізіліп, оқыған өлеңдері үшін жастарға сыйлықтар таратылса, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы аудан бойынша өнерлі жастардан құрылған командаларды жинап ауыл әкімінің кубогы үшін өнерлерін сараптап, бағалы сыйлықтармен марапаттап,  өз өнерлерін көрсетті.

Ауыл жастарын спортқа баулу мақсатында мектептердегі спорт залдарында, орталық стадионда шағын алаңшаларда жүйелі түрде жаттығулар мен жарыстар өтіп тұрады. Кеңес елді мекенінде жеке кәсіпкер М. Ешмұратовтың демеушілігімен ашық спорт алаңы ашылды. Ақбастау ауылындағы орталық стадионға демеушілер есебінен «сахна» салынып, айналасы жарықтандырылып, пайдалануға берілді.

 

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ

Ауылдық округ аймағында 2019 жылы 646,3 шаршы метр жерге 6 тұрғын үй салынып,  42 млн млн теңге, Ауылдық округі шегіндегі орналасқан «Интернешил Фанд Фо Хувара Консервейшн –Қазақстан» /арабтар/ мекемесінде  жұмыс  жасап жатқан мекемелер «ИНШААТ» 5 млр 543 млн 364 мың теңге, «Интеркубара» мекемесі 67 млрд  384 млн 949 мың теңгеге   инвестиция тартылды. Барлық тартылған инвестиция көлемі  72 млр 970 млн 313,000 теңге теңге болып отыр.

Демеушілер есебінен Жолғабас елді мекеніндегі көше жарығы толығымен жаңартылып, іске қосылды.

 

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ АҒЫН СУМЕН   ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ауылдық округіне қарасты 4 елді мекен орталықтандырылған артезиан ауыз су жүйесімен қамтылған. Ауыз су тұрғындарға тұрақты берілуде. Елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында елді мекенге баратын 6 канал  тұрғындардың ұйымдастырылуымен сенбіліктер өтіп, тазаланып ағын су жеткізіліп берілді.

 

АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ-КӨРКЕЙТУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ

Абаттандыру, көгалдандыру-көркейту және санитарлық тазалық бюойынша ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыстар өткізіліп жалпы жиналыс хаттамасымен іс-шара бекіліп, айлық-апталық жоспарлар белгіленді. Осыған орай  ауыл жастары, қоғамдық ұйымдар, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары  бірлесіп іс-шараға сай өз үлестерін қосты. Көктем күз айларында және де апта сайын жол бойлары мен көшелерге, мекеме аулаларына көркейту-көгалдандыру мен  санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Көше бойындағы билбордтар талапқа сай мерзімінде  жаңартылып, ілінді.

Елді мекендерге кіре берістегі ауыл аттары мен панолар қайта жасалып, жаңартылса, кәсіпкерлер есебінен Тұрақты, Жолғабас елді мекендеріне арка орнатылды.

 

ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРУ

Азаматтарды әскер қатарына шақыру бойынша барлық шақырылған азаматтар саны 263, жоспарлы зерделеуге – 102, орындалғаны – 66, әскер қатарына тапсырыс  17, іріктелгені -15,   әскер     қатарына   жіберілгені - 15 азамат. Тапсырма 88,8 пайызға орындалған.

 

ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Жалпы 2019 жылы 13 қылмыс тіркелген. Оның қысқартылғаны -2, ашылғаны -7, ашылмағаны – 4. Оның ішінде мал ұрлығы -5, ашылғаны -2, ашылмағаны -3. Анықталған қылмыстық теріс қылықтар -3, Әкімшілік шара көрілген тұлғалар – 70, оларға салынған айппұлдар көлемі – 157. 809 теңге, Әкімшілік қамау-3. Қылмыс санын азайтуға қатысты тиісті шаралар қабылданып, округтегі қоғамдық ұйымдар мен мекемелерде ерікті жасақшылар құрылып кезекшілік ұйымдастырылған. Оған аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлері, учаскелік полиция өкілі қадағалау жүргізіп отырды. Осыған қарамастан баяндамада айтылып отырған құқық бұзушылықтар мен мал ұрлығы тоқтамауда.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде халықпен бірнеше кездесу жиындар өткізіліп, профилактикалық жұмыстар  жүргізілгенімен нәтиже бермеуде. Мұның бірден бір себебі мал егесі мен бақташылардың жауапсыздығында болып отыр.

Малдар тиісті қораларға қамалмай өрістен ұрлануда. Осы мәселеге орай 2019 жылдың 21 желтоқсан күні Облыстық полиция департаментінің басшысы генарал майор Қайрат Дәлбековтың өзі ауылымызға арнайы келіп тұрғындармен кездесу диынын өткізіп, азаматтарды осы мәселе бойынша жеке қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ауылдық округі әкімі аппараты қызметін жолға қоюда құжаттамалық жұмыстар жүргізіледі. 2019 жылы жыл бойына 56 шешім, 89 өкім шығарылды. 105 өтініштер мен арыз-шағымның барлығына тиісті шаралар қабылданып, толық қанағаттандырылды.

                     

Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің  саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және ауылдық округі тұрғындарының әлеуметтік-мәселелелерін шешуде ауыл әкімі аппараты қызметкерлері қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, барлық мүмкіншіліктерді  пайдаланатын боламыз.