Боралдай ауылдық округі әкімі А.Токтамысовтың 2019 жылдың қорытындысы бойынша есебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»Жарлығына сәйкес 2019 жылы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудегі негізгі көрсеткіштері мен алдағы тұрған міндеттерді баяндауға рұқсат етсеңіздер.

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  2019 жылдың 2-қыркүйектегі« Сындарлы Қоғамдық диолог - Қазақстан тұрақтылығымен өркендеуінің негізі »  атты дәстүрлі жолдауын халыққа жолдағанын білесіздер. 

Боралдай ауылдық   округінің халқы да бұл жолдауды зор қуаныш - ынтамен қарсы алды.  Ауылдық округте жолдауды талқылап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан туындаған міндеттер мен осы жолдаулар аясында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, облыс, аудан әкімдерінің берген тапсырмаларын орындау барысында Боралдай ауылдық округінде де бірқатар жұмыстар атқарылды.   

 

БЮДЖЕТ САЛАСЫ

Жыл басында  ішкі кірістерді ұлғайту бойынша арнайы іс-шара жоспары әзірленіп15 млн 313 мың теңге жоспарланса, нәтижесінде салықтық және салықтық емес түрінен ішкі кіріс 16 млн 018 мың теңгені құрап,  жоспар 104,6 пайызға орындалса, бюджеттің шығыс бөлігі  100,0 пайызға игерілді. 2018 жылмен салыстырғанда  1 млн 906  мың теңгеге артық түсті.   (2018 жылы нақты түсімі  14,112 мың теңге болса, 2019 жылы нақты түсімі 16,018 мың теңге)

Салық түсімдерінің орындалуы (мың.тг)

қ/с

Салық түрлері

Жылдық

жоспар

(мың теңге)

Нақты

орындалғаны

(мың теңге)

%

1

Мүлік салығы

220

229

104

2

Жеке және заңды тұлғалардың жер салығы

2187

2214

101

3

Жеке тұлғалардың көлік салығы

9927

10492

105

4

Жеке кәсіпкерлердің табыс салығы

2311

2386

103

5

Заңды тұлғалардың көлік салығы

352

364

103

 

Барлығы

14997

15685

104

Салықтық емес түсімдер

1

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл

156

173

110

2

Жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары

160

160

100

 

Барлығы

316,0

333,0

105

Салықтық және салықтық емес түсімдерді көбейту мақсатында елді мекендердегі  тиісті органдарға тіркелмей жүрген   ауыл шаруашылық және жүк, жеңіл автокөлігі техникаларын,  ауданның арнайы жер қорынан конкурспен  алған егістік, суармалы, жайылымдық жерлерді анықтап, тиісті  мекемелерге тіркетіп, салық төлемдерін  төлететін боламыз.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауылдық округі экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды, о.і. мал шаруашылығына тоқталсақ 2019 жылы белгіленген межелер толық орындалып,  1808 тонна ет, 8185 тонна сүт, 2676 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2019 жылғы мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі

Өндірілген өнім түрлері

2019 жылғы

Өндірілген өнім

 

1

Ет (тн)

1808

 

2

Сүт (тн)

8185

 

3

Жұмыртқа (мың дана)

2676

 

Барлығы

 

 

2020  жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша округтегі барлық санаттағы мал басы

қ/с

Малдың түрі

01.01.2019 жылғы мал басы

01.01.2020 жылғы мал басы

%

1

Уақ мал

59475

60396

101,5

2

Жылқы

2940

3010

102,3

3

Түйе

0

0

0

4

Ірі қара      

9731

9902

101,7

5

Құс

24197

25848

106,8

2020 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша округтегі барлық санаттағы мал бастары алдынғы жылмен салыстырғанда, жыл санап өсіп отырғанын байқаймыз. Қолда бар мал басының табиғи өсімі өз төлі есебінен артуына және жеке кәсіпкерлердің мал басын арттыруы арқасында қол жеткізіліп отыр. Мал басы жылдан жылға көбеюіне байланысты ортақ мал жайылымдары жетіспеушілігі артып келеді.

Қазіргі таңда бірінші кезекте Қаратас, Жоғарғы Боралдай, Жыланды, Ақжар, О.Тайманов, Боралдай, Теректі елді мекендерінде ортақ мал жайылымдары мал басына шаққанда жетіспейді. Себебі,ауыл шаруашылығы мақсатындағы үлеске берілген егістік, жайылымдық жерлер және арнайы жер қорындағы жайылымдық жерлер конкурс негізінде алған азаматтардың иелігінде. Аталған егістік, жайылымдық жерлері  елді мекендердің ортақ мал жайылымдарына іргелес жатыр.

Аталған елді мекендердің ортақ мал жайылымдарын шешу жолдарын аудан әкімдігіне және аудандық жер қатынастары бөлімімен ұсыныс хат жіберіп,ортақ мал жайылымдарын кеңейтуге тиісті жұмыстар жүргізетін боламыз.

Үш жақты келісім шарт бойынша

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар 300 аналық бас қойды қолдан ұрықтандыру межеленіп, одан нақты  1568 бас  мал ұрықтанып, жоспар522 пайызға орындалды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 бас асыл тұқымды  бұқа алу межеленіп, одан нақты 3 бас «Авердин Ангус», 5 бас голштинбарлығы 8 бас бұқасатып алынып, жоспар 400  пайызға  орындалды.

Жалпы ауылдық округке қарасты елді мекендердегі тұрғындардың жеке тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізу жер телімдерінде 10-20 басқа дейінгі -22, 20-50 басқа дейінгі -9, 50-100 дейінгі -4 мал бордақылау алаңдарында уақ, ірі қара, жылқы малдары бордақылануда.

2019 жылы 200 бастан жоғары екі ірі мал бордақылау алаңдары іске қосылды. (Қызылсай аумағындағы мал қорасы бар Қаратаев Бақытжанның мал бордақылау алаңында  86 бас  ірі қара, 20 бас жылқы, 450 бас уақ малдары бордақылануда. Сондай-ақ Жыланды елді мекені тұрғыны Сағымбаев Ерғаттың  мал бордақылау алаңында 150 ірі қара, 60 бас жылқы, 235 бас уақ малдары бордақылануда.)

5-10 бастық шағын жанұялық сүт аулаларын құру жоспары 4-дана болса,  6-кәсіпкер жеке тұрғын үй аулаларында ашып, жиналған  сүтті  елді мекен тұрғындарына сатуда.Ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша жоспар 5-дана болса, ауылдық округке қарасты жеке кәсіпкерлер мен шаруа фермерлік қожалықтар ауыл шаруашылық техникаларын 7-данаға жаңартты.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша ауылдық округінде жеке кәсіпкер Назарбаев Максат 150 бас «Авердин ангус» , «Еңбек 1» шаруа қожалығы 46 бас,2019 жылға жеке кәсіпкер  Сиқымбаев Нұрсұлтан  410бас «Ақбас» асыл тұқымды ірі қара малдарын алып, мал басын көбейтуге жұмыс атқаратын болады.

«Құлан» бағдарламасы бойынша жоспар  40 бас болса, нақты орындалғаны«Айсұлтан» шаруа қожалығы 105 бас болып, жоспар 262 пайызға  орындалды.Тамшылатып суару әдісін енгізу, қарқынды бау, жылы жай, жаңғақ, бадам ағаштарын отырғызу, қайта өңдеу өндірісі орындарымен

шағын цехтар ашу тапсырмаларын іске асыру жұмыстары  орындалмаған болатын,алдағы уақытта инвестор тарту арқылы орындауға жұмыс атқаратын боламыз.

 

ВЕТЕРИНАРИЯ

Энзоотиялық аурулардың алдын алу, егу, залалсыздандыру жұмыстары

қ/с

Залалсыздандыру түрі

мал

І кезең, көктемде

ІІ кезең,

күзде

1

Тоғыту, бас

Уақ мал

64574

64860

2

Бүрку, бас

Ірі қара

12950

12115

3

Дезинфекция, ш/м

Мал қора

363500

367900

Ауылдық округ бойынша  жеке тұрғын үйлермен қора қопсылар залалсыздандыру, егу, қаналу  жұмыстары бекітілген жоспарларына сай жүргізілді.  Мал ауруларын тексеру бойынша 16 бас уақ, 2 бас ірі қара малдары  бруцеллезге оң белгі берген болса, барлығы санитарлық талапқа сай жойылды.                                                 

Егесіз ит пен жабайы мысықтарды аулау бойынша  427 ит, мысық ауланса, ауылдық округі бойынша  16 адамды кене шаққан. Аталған азаматтар тексеруден өткізіліп, нәтижесінде белгі бір ауру түрлері анықталмаған.  Сондай-ақ  56 адамды ит қапқан бұл жұмыстар дер кезінде тиісті емдік көмектер көрсетіліп,  иттерді 10 күндік бақылауға  алып, құтырық ауруының белгілері анықталмаған. 

 

Егін шаруашылығы

Егін шаруашылығыда негізгі саланың бірі болып есептеледі. Күзгі-Көктемгі дала жұмыстарында дихандарымыз егіншілік талаптарын сақтап, еселі еңбек етіп, дұрыс өнім алуға жұмыс атқарып келеді.

Түрлері

Егілген егіс көлемі, га

Әр га жерден алынған өнім. цент

Алынған өнім, центнер

Күздік бидай

13323

21

28028

Арпа

1132

17,2

1949

Мақсары

9417,6

8,8

8369

Картоп

65,34

210

13732,9

Бақша

14

374

560

Күнбағыс

20,21

21,54

435,47

Жүгері

70,31

45,2

318

Көкөніс

81

220

1782

Егістік, жайылымдық жер телімдерін электронды картаға енгізу бойынша  конкурс негізінде алған егістік, суармалы, жайылымдықжерлердің құжаттарын заңдастырып, біткеннен кейін электронды картаға енгізу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жөнінде арнайы жер қорынан жер алған азаматтардың барлығына құжаттарын заңдастыруды тездетіп, аяқтау ескертілген. 2019 жылы «Боралдай 2050» өк жеріне 6 га дарбыз, сәбіз, қызанақ, тәтті бұрыш егіліп, өнімдері жиналып алынды.

Биылғы жылы 2 өнім алу бойынша агроқұрылымдарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып,картоп, сәбіз, қияр, құлпынай, бүлдірген,  капуста, бақша дақылдарынегу жұмыстарын қолға аламыз.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАСЫ

Ауылдық округі көлемінде 2019 жылға  атаулы әлеуметтік көмек  алуға  440 отбасы өтініш беріп, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек  алуға    27 отбасыға  (барлығы – 10 млн 037 034 теңге алса), шарттыға  283 отбасыға(138 млн 068411  теңге ) аудандық халықты жұмыспен қамту мекемесі арқылы өтініштері толық қанағаттандырылды.  Ауылдық округі бойынша аз қамтамасыз етілген 121 отбасыға  бюджет есебінен  жеке тұрғын үйлердегі пештердегі көмір, газдардың иіс шығаруының алдын алу мақсатында арнайы газа сигнализатор құралдары алынып, орнатылды.

 Елдің жанашыр азаматтарының қолдауымен, тұрмысы төмен жәнемүкіндігі шектеулі отбасыларға, тұрғын үй салу жұмыстары ұйымдастырылып, қазіргі таңда 1 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, Жоғарғы Боралдай елді мекенінен 1 тұрғын үй құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылдың  1 жарты жылдығында пайдалануға берсек, Жыланды елді мекенінен 1 тұрғын үй  құрылысы жұмыстарыаяқталса, пайдалануға беретін боламыз.Сонымен  қатар   18 отбасыға  қаржылай, 18 отбасыға азық түліктен, 4 отбасыға  қатты отын көмір әперілсе , аталған көмектің барлығы  демушілер тарапынан атқарылды.     Әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға көмек көрсету жұмыстарын басты назарда ұстап,  жылда көмек  түрлері көрсетілетін болады.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша

Аталған бағдарлама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 15 азамат оқыса, бағдарламаның екінші бағыты  бойынша  шағын несиелеу 21 азамат өздерінің бизнес жобасына сәйкес  несие алды.  Алғынған несие «Бәйдібек несие»ЖШС, ауыл шаруашылығын қолдау қорынан. Несие алған азаматтар негізінен мал басын көбейту және  шағын мал бордақылау алаңдарын ашып жұмыс жасауда. Сондай-ақ көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі, жастарға  мемлекеттік гранттар бөлініп, ауылдық округі бойынша 24 азамат  жеңімпаз болып танылды.

Бағдарламаның   3-ші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алған 16 азамат,  жастар тағылымдамасына 23 азамат, ақылы қоғамдық жұмыспен қамтуға 57 азамат қатысты.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Ауылдық округте 11 мектеп, (оның ішінде жаңа типтегі 10 жалпы орта, 1 негізгі орта мектеп),  1 өнер және саз мектебі, 2 бөбекжай балабақша жұмыс жасайды. Жалпы мектептерде 2523 оқушы,  10 мектептің жанындағы шағын орталықтарда 365 бала   сондай-ақ  бөбекжай-балабақшаларында мектеп жасына дейінгі  150  бала тәрбиеленуде.                       

Ауылдық округке қарасты білім ошақтарында қосымша жайды қажет ететіні  (Боралдай, Домалақ ана, Теректі  мектептері)3 мектебіміз бар.  Оның ішінде Амансай ауылындағы Домалақ ана жалпы орта мектебінің қосымша жай құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылы пайдалануға берілетін болады.Ақжар ауылындағы  мектеп, жаңа құрылысты қажет етеді.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

1 ауылдық аурухана, 1 амбулатория, 9 медициналық акущерлік  тірек тұрғын халыққа қызмет көрсетеді. Ауруханада  14 орын, (8 тәулік, 6 күндізгі)       2 дана көлікпен қамтамасыз етілген. (1 Жедел жәрдем, 1 санитарлық 3 шофер 3 фелдьщер бар)

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Боралдай ауылдық округі бойынша  Қаратау мәдениет үйі, 1 орталық  кітапхана халыққа қызмет жасайды. Жыл басында бекітілген іс-шара жоспарларына сәйкес концерттік бағдарламаларын өткізіп тұрады. Сондай-ақ, ауыл жастарын спортқа баулу мақсатында мектептердегі спорт залдарында жүйелі түрде жаттығулар мен волейбол, үстел тенисі,  елді мекендердегі ашық алаңдарда футбол жарыстары өтіп тұрады. Боралдай  елді мекенінде аудандық спорт мектебі жанындағы  филиалы жұмыс жасайды.  Елді мекендердегі жастарымыз, облыстық, аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінген. Бұл дегеніміз біздің округте спортқа деген қызығушылықтың жоғары екендігін білдіреді.Жалпы біздің ауылдық округі орталығына жастарды тұрақты спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету  мақсатында  Боралдай ауылына қосымша волейбол, баскетбол, футбол, т.б ойындар өткізу үшін спорт зал қажет екенін аудан әкімдігіне ұсыныс жолданатын болады.

 

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ

Боралдай елді мекенінен жеке кәсіпкер Игембаев Ботакөз Сауда үйі, 110 және 60 орындық түрлі шаралар өткізетін залдар,  ішкі  4 бөлмелі тамақтану орындары мен сыртта 6 тапшан қойылып толық пайдалануға берілді.

2019 жылы  жеке кәсіпкердің өз қаржысына шағын  маусымдық демалыс орнының құрылыс жұмыстары басталып, 2020 жылы пайдалануға берілетін болады.

 

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ

Округке қарасты елді мекендерге баратын жолдар мен ауыл ішіндегі көшелер мемлекеттік бағдарламалар аясында жөнделіп дұрыс жолға қойылып келеді. Жалпы ауылдық округ бойынша 36 көшенің ұзындығы 58852 шақырым  болса, асфальтталғаны  24032 шақырым, қалған 17520 көшеге тас  төселген, 12300 шақырым  көше топырақ жол. Округ бойынша асфальтталғаны 40 пайыз ғана. Бұл дегеніміз біздің округ үшін өте төмен көрсеткіш. 2019 жылы О.Тайманов  елді мекеніндегі Үміт, Теректі елді мекеніндегі Қостұра көшелері  асфальтталса, жалпы ауылдық округтен 9 көшені (К.Бердиев, Ә.Жұмаділләұлы, О.Мамеков ,Балтай ата, Жамбыл, Жоғарғы Боралдай елді мекеніндегі орталық  Қазбанбет көшесі, Амансай елді мекеніндегі Бәйдібек би көшесі, Қаратас, Теректі елді мекендеріндегі №1 көшелерді)асфальттауға,Боралдай елді мекеніндегі  орталық Д.Батыршаев, О.Тайманов елді мекеніндегі Үміт, Теректі елді мекеніндегі Қостұра көшелерін абаттандыруға жобалық сметалық құжаттары жасалып, қаржыландыруға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс берілді.

Аталған көшелердің ішінде бірінші кезекте Қаратас,  Жоғарғы Боралдай елді мекендерінің орталық көшелерін асфальттау қажет.

Демеушілердің есебінен Жыланды, О.Тайманов, Боралдай елді мекендерінің ішкі көшелеріне  тас төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілді.

2019  жыл  Боралдай ауылынан 1 көше, Қаратас ауылынан 1 көшені тас төсеп тегістеуге жобалық сметалық құжаттары жасалынып, аудандық бюджетке  ұсынылды. Аталған ұсыныс бюджеттен қаржы қаралып, осы жылдың 1 жарты жылдығынан бастап, тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ Боралдай елді мекеніндегі Боралдай өзенінің шығыс, батыс  жағындағы бөгет дамбаларының жылжыған  плиткаларын астына зуб құю, плиткаларды ретке келтіру, өзен суы шайып кеткен бөгетті қайта орнына келтіру жұмыстары жүргізілді.

 

ЖАРЫҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Биылғы жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвест жоспарына сәйкес ауылдық округке қарасты Ақжар елді мекенінде электр бағаналары жаңартылды.    

Өз бетінше ағаш бағаналармен электр жүйелерін  тартып алған  Ақжар, Амансай,  Боралдай, Жыланды, Сарыбұлақ, О.Тайманов, Теректі, Түйетас елді мекендеріне байланысты ауылдық округі әкімі аппаратынан, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс беріліп, аталған мекеменің сұратқан қажетті құжаттары бойынша ситуациялық схемасы мен ауылдық округі әкімінің шешімдері берілді. Тиісті мекемелер тарапынан қаржылануы қолдау тапса, аталған елді мекендерге электр желілері тартылатын болады.

 

ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Елді мекендері газбен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы округке қарасты Боралдай  елді мекенінде ішкі оралым жұмыстары жүргізілді.

Алайда Сайрам ауданы Көмешбұлақ елді мекеніндегі  АГРС іске қосылмай, тұрғындарға пайдалануға берілмей отыр.

Сондай-ақ Жыланды, Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ, Ақжар, Жоғарғы  Боралдай, О.Тайманов, Теректі, Қаратас елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалық құжаттарын жасатуға,  аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс берілді. Алдағы уақытта шешімін тауып жатса кезең кезеңімен елді мекендерге газ жүйелері тартылатын болады. 

 

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Боралдай ауылдық округіне қарасты 9 елді мекен ауыз су жүйесімен қамтамсыз етілген. Жалпы халықтың 80 пайызы  ауыз сумен  қамтылған болса 2019 жылы  Талап елді мекенін ауыз су пайдалануға беріліп, ауылдық округі тұрғындарын ауыз сумен қамту деңгейі 91 пайызға жетті.

Алдағы уақытта Ақжар елді мекені ауыз сумен қамтылатын болса, ауылдық округке қарасты 11 елді мекен толық  100 пайызға қамтылатын болады. 

 Ауыз суға байланысты О.Тайманов ауылындағы ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта қайта жарылуы жиілеп және құм жиналуының салдарынан   су айдау бекетіндегі су ұңғымаларының қазіргі таңда бір су ұңғымасы ғана жұмыс атқарып отыр.  Екінші су ұңғымасы істен шыққан. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен толық қамтамасыз ету бір жүйеге қойылмай отыр. Сондай-ақ  Амансай елді мекеніндегі жоғарғы жағында тұратын 40 отбасы  ауыз су пайдалана алмай отыр.  Себебі су жинайтын мұнарасы пәсте орналасуына байланысты биікте орналасқан тұрғын үйлерге шықпайды.Аталған мәселеге байланысты «Бәйдібек су» мкқк ұсыныс берілген. Алдағы уақытта, тиісті жұмыстар атқарылатын болса, мәселе оң шешімін табады.   

 

АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ-КӨРКЕЙТУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ

Ауылдық округі көлеміндегі елді мекендердегі  жеке тұрғын үйлерге, денсаулық, мәдениет, білім беру мекемелерінің аулаларына және көше бойларына көктем, күз айларында барлығы  6000  түп ағаш көшеттерін отырғызу  жоспарланса, бүгінгі таңда 6515түп ағаш көшеттері отырғызылды. 

Тазалық сенбіліктері  ұйымдастырылып арық–атыздар  тазаланып,  ретсіз жатқан күл қоқыс үйінділерден   тазартылғанымен,  алайда Түйетас, Жыланды, О.Тайманов, Жоғарғы Боралдай, Қаратас елді мекендерінде арнайы белгіленген орын болмауына байланысты  2019 жылы аталған елді мекендерде арнайы техникамен  ретсіз жатқан  күл қоқысты үйінділерден тазарту жұмыстары  3 реттен жүргізілгенмен, тұрғындар тарапынан белгіленген орынға шығарып тастау бір жүйеге келмеуде.

Бұл жұмыстарды ретке келтіру мақсатында өз тарапымыздан  8 азаматқа 173 000  теңге  айыппұл салынды. Сондай-ақ  ауылдық округ  бойынша 1837  жеке тұрғын үй болса, елді мекендердегі  586 жеке тұрғын  үйдің қас келбеттерін ретке келтіру жұмыстары бойынша ретке келтірілгені 324 жеке тұрғын үй.

Елді мекендердегі жеке тұрғын үй қас келбеттерін ретке келтіру жұмыстары бойынша  быйылғы жылыда жалғасын тауып, аталған жұмыстарға елді мекен тұрғындарын  ұйымдастырып,  жұмыссыз жүрген азаматтарды «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»  бағдарламасының  3 бағытты бойынша   ақылы қоғамдық жұмыспен қамту арқылы жүзеге асырылатын болады. Әрбір жеке тұрғын үйдің иесі өзіні маңайына апта сайын тазалық жұмыстарын және көше жақтарында орналасқан қабырғаларын сылап, әктеп, қақбаларын сырлау жұмыстарын  жүргізсе елді мекеннің қас келбеті ретке келер еді. Сондықтан барлығымызда тазалық жұмыстарымен айналысуымыз керек деп ойлаймын.

Боралдай елді мекенінен жастар саябағын абаттандыру  үшін жобалау сметалық құжаты (ЖСҚ)  жасалынып, 2019 жылы Жастар саябағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ «Алтын адам», «Үш бидің» панносы жаңартылса, С.Ерубаев жалпы орта мектебінің 20 жылдық түлектерінің  демеушілігіменI IOVE youBORALDAI,О.Тайманов, Жоғарғы Боралдай  елді мекендердегі көшелерге  белгі орнатылды. Алдағы уақытта облыстық маңызы бар үлкен жол бойында орналасқан  Боралдай жазуын, Қызылсай аумағындағы ауылдық округі атауын  жаңарту және Боралдай ауылындағы Д.Батыршаев, Қаратас, Теректі елді мекендерінің көшелеріне белгі орнату жұмыстарын жүргізетін боламыз.

 

ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРУ

Ауылдық округі бойынша  2019 жылы  әскер қатарына шақырылатын азаматтар саны 1105, оның ішінде зерделеуге жататыны  545 азамат, зерделуге барғаны  326 , әскер қатарына шақырушыларға жататындар саны -208, аудандық комиссиядан өткені 192. Әскери міндеттілік әскери қызмет, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша әскер қатарына алынатыны  жылдық жоспарланғаны 30 азамат болса, көктем мезгілінде 13, күз мезгілінде 15, барлығы 28 азамат әскер қатарына алынып, аудан көлемінде бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы қатардан көріне білдік.

 

ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Қылмыс санын азайтуға қатысты тиісті шаралар қабылдап, жыл бойына  округтегі қоғамдық ұйымдардың және аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлескен құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде халықпен бірнеше кездесу жиындары өткізіліп, профилактикалық жұмыстар  жүргізіліп келеді.                          

Ауылдық округі әкімі аппартына түскен арыз-шағымдар туралы

Жалпы ауылдық округі әкімі аппаратына 2019 жылы  елді мекендер бойынша жеке тұлғалармен заңды тұлғалардан 105 өтініш түсіп, 97 өтініш толық қанағаттандырылса, 8 өтініштің мерзімдері бар.

Округ көлемінде атқарылып жатқан барлық игі істерде  түрлі салада еңбек ететін тұрғындардың ортақ мақсат жолындағы еселі еңбектері  зор.

Алдағы уақытта Мемлекеттік  саясаты жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және  Боралдай ауылдық округі тұрғындарының әлеуметтік-мәселелерін шешуде ауылдық округі  әкімі аппараты қоғамдық ұйымдармен және кәсіпкерлермен бірлесе отырып, барлық мүмкіншіліктерді  пайдаланатын болады.