2020 жыл 13 шілде - ҚР Жалпыұлттық аза тұту күні

Борлысай ауылдық округі әкімі Г.Шабдезимнің 2019 жылдың қорытындысы бойынша есебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы халыққа есеп беру барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, өткен жылдағы әлеуметтік- экономикалық дамуы одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттарына байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан туындаған міндеттер мен осы жолдаулар аясында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, облыс, аудан әкімдерінің берген тапсырмаларын орындау барысында Борлысай ауылдық округінде де бірқатар жұмыстар атқарылды. Осыған орай, 2019 жылдың негізгі көрсеткіштері мен алдағы тұрған міндеттерге тоқталуға рұқсат етсеңіздер.

Жалпы, Борлысай ауылдық округінде 4 елді мекен, 444 отбасы,  2928 тұрғындар тұрады.

Округ бойынша халық саны                                                                                                              

Қ/с

Елді мекен атауы

Тұрғын үй саны

Халық саны

1

Ақтас

171

1057

2

Кеңсай

118

816

3

Қошқарата

143

976

4

Шұқыршақ

12

79

 

Барлығы:

444

2928

 

Қаржының орындалуы туралы

Округте қаралған бюджеттік қаржы әр ерекшеліктері бойынша өз мақсатында жаратылды, 100 % игерілді.  

Р/с

2019 жылға қаралған қаржы млн. теңге

12айда игерілгені млн. теңге

Игерілмегені

Орындалуы %

1

35 млн. 364 мың теңге

35 млн. 364 мың теңге

-

100 %

 Жергілікті бюджетке түсетін алымдар мен салықтың есебі мына төмендегіше болды: (теңгемен)                     

салық түрі

КБК

жоспар

орындалғаны

айырмасы

 %

Мүлік салығы

104102

19, 00

49,90

30,90

262,6

Жер салығы

104302

742,00

752,00

10

101,3

Жеке тұлғалардың көлік салығы

104402

1278,00

1714,22

436,22

134,1

Жеке кәсіпкерлердің табыс салығы

101202

550,00

622,83

7283

113,2

Айыппұл

204170

18,00

18,00

-

100

Ерікті алым

206115

40,00

40,00

-

100

Аренда

201510

15,00

15,00

-

100

Жиыны:

X

2662

3211,95

7760,12

100

 

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

Борлысай ауылдық округінің жалпы жер көлемі 34091  га оның ішінде елді мекен жері 7391 га,  жайылымдық жері 14941 га,  егістік жер  4317 га,  шабындық жері 4596 га,  басқа жерлер (авто жолдар, су, өзен,  дала жолдары) 2463 га, ерекше қорғалатын аймақ  жері 383 га құрайды.

Борлысай ауылдық округі көлемінде ауылшаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар саны 9, шаруа-шаруашылықтарының саны - 68  құрайды.

2018 жылдың өніміне егілген   дақыл түрлері                                                                             

қ/с

Дақыл түрлері

Егілгені, га

Алынған өнім, цент.

Орташа өнім, тн

1

Күздік бидай

910

20,0

1820,0

2

Арпа

577

15

865,5

3

Мақсары

1600

8

1280,0

4

Ескі жоңышқа

1023

25

2557,5

5

Жаңа жоңышқа

207

-

 

 

Жиыны:

4317 (егістік жер 100 % игерілді)

Жеке үй іргелік жерлеріне егілген дақылдар және оның өнімі                                                    

қ/с

Дақыл түрлері

Егілгені, га

Алынған өнім

Орташа өнім

1

Картоп

10

200тн

200 ц/га

2

Күнбағыс

5

20,0тн

10,0 ц/га

3

Көкөніс

20

195тн

390,0 ц/га

Мал азығын дайындау бойынша                                                                                      

р/с

 

Жоспар

Орындалуы

%

1

Мал азығы

16000 тн

22550 тн

Оның ішінде:

Пішен-20550

Жоңышқа-200

Сабан - 1800

140,9

Округтегі барлық  санаттағы шаруашылықтар  есебіндегі  мал басын  01.01.2019  жылмен салыстырғанда                                          

Малдың түрі

01.01.2018 ж

01.01.2019 ж

%

Ірі қара мал

4021

4067

101,1

Уақ мал

18807

18920

100,6

Жылқы

1414

1443

102

Құс

6966

6996

100,4

Үш жақты келісім шарт бойынша

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2019 жылы, жеке  шаруа Жарықбасов Р. 50 бас уақ мал бордақылауда.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 2019 жылы Борлысай ауылдық округі бойынша Жеке шаруа Иманалиев С. 30 бас жылқы

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Жарықбасов Р. 10 бас ірі қара мал бордақылауда. Иманалиев С. 15 бас ірі қара мал бордақылауда.

2018 жылмен салыстырғанда  2019 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көрсеткіші  мына төмендегіше болды.

Цент. есебімен

қ/с

Өнім түрлері

2018

2019

%

1

Ет өндіру

5310

5045

95

2

Сүт өндіру

25325

26016

102,7

3

Жүн

575

575

100,0

4

Жұмыртқа өндіру

724700

756800 дана

104,3

Округ бойынша мал шаруашылығының    көктем,жаз айларында  мал басын түрлі жұқпалы аурулардан залалсыздандыру және екпе жұмыстары мына төмендегіше жүргізілді. 

Энзотикалық ауруларға қарсы атқарылған жұмыстар.                                                                 

Ірі қара малды бүрку

8322 бас

Жылқыны  малын бүрку

2400 бас

Уақ мал тоғыту

36735 бас

Кенеге қарсы қораларды залалсыздандыру

243000 шм

Жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары                                                                   

Аурудың түрі

Мал түрі

Мал басы

Сібір жарасы

Ірі қара мал

9000

              -//-//-

Жылқы

2150

              -//-//

Уақ мал

47000

Аусыл ауруы

Ірі қара

10006

             -//-//-

Уақ мал

50190

Күл ауруы

Уақ мал

18030

Оба ауруы

Уақ мал

6750

Бруцеллезге қарсы қан алу нәтижелері          

қ/с

Малдың түрі

Мал басы

Оң нәтиже бергені

Жойылуы

Ескерту

1

Ірі қара  мал

4099

-

 

 

2

Уақ мал

42000

9

«Замин» ЖШС өткізілді.

Мал егелері өтемақы қаржысын толық алды.

Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру бойынша.

Р/с

Малдың түрі

Бірдейлендірілгені

Ескерту

1

Уақ мал

11500 бас (сырғаланды)

 

2

Ірі қара мал

1000 бас(сырғаланды)

 

3

Жылқы

220 бас (таңбаланды)

 

                

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік сала бойынша 213 Зейнеткер,  33  тыл еңбеккерлері, І- топтағы мүгедектер 9, ІІ- топтағы мүгедектер 46,  ІІІ- топтағы мүгедектер - 41 және 16 жасқа дейінгі 16 мүгедек бар, 18 жасқа дейінгі -1. Округте 1 – ҰОС ардагері, 1-ҰОС –ның жесірі, 1- Семей полигонына, 1-Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер бар.  Көп балалы аналар-191,  төрт және одан да көп балалы 125 анаға мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде.

138 ана «Алтын және Күміс» алқаларының иегерлері, тиісті жәрдемақыларын алып отыр. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар о.і. шартты көмектегілер - 118 отбасы, шартсыз-3 отбасы тиісті жәрдемақыларын алды. Демалыс орындарына мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен батыр аналардан 7 адам жолданды.

Жыл басынан ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны – 24 азамат,  санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысты.

 

Ауыз су және байланыс торабы бойынша

Борлысай ауыл округіне қарасты Кеңсай, Қошқарата, Ақтас елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі жүргізіліп, пайдалануға берілгенімен, Ш.Қырықбаев,Д.Дүйсебайұлы,Ә.Бектібаев,О.Дауылбаев,Н.Тойжанов көшелерінде су жоқ, «Север-Юг» ЖШС басшыларына, Бәйдібек-Су ММ айтылғанымен бір рет қана келіп жөндеу жұмыстарын жүргізді,алайда қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігінен аталған көшелердегі су құбырларында су жоқ. «Теле-2» байланыс торабына Қошқарата елді мекенінен 400 кв/м тер телімі беріліп, наурыз айында орнатылады.

 Бағдарламаның 1 бағыты қысқа мерзімді кәсіби оқытуға жолданған азаматтар туралы мәліметтер.

Жоспар

нақты

%

7

16

228,6

Бағдарламаның 2 бағыты жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант берілді

Жоспар

нақты

%

5

4

80

Бағдарламаның 2 бағыты шағын несие алған азаматтар

Жоспар

нақты

%

3

4

133,3

Бағдарламаның 3 бағыты ақылы қоғамдық жұмыс

Жоспар

нақты

%

23

24

104,3

Жастар тағылымдамасынан өтуге жолданғандар

жоспар

Нақты

%

3

4

133,3

 Әлеуметтік жұмыс орынына жолданған азаматтар

Жоспар

нақты

%

23

27

117,4

Әлеуметтік жұмыс орындары

Жоспар

нақты

%

23

26

113,0

Әлеуметтік жұмыс орындары

тұрақты

уақытша

%

71

75

105,6

 

Білім беру саласы бойынша

Борлысай ауылдық округі бойынша 3 типтік мектеп жұмыс жасайды. Білім беру ошақтарында 627 оқушы білім алуда.       

Ақтас жалпы орта мектебі 2019 жылы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 20 оқушы қатысып- 68,7 балл, 10 оқушы грант, 19 бітіруші –ақылы оқу орындарында білім алуда.

Ақтас ЖОМ жеткен жетістіктері.

Айшахар Тулебековна Борсықбаева Қазақстан Республикасының білім министрі «Көп жылдық еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін» алғыс хатымен марапатталды.

Токпанбетов Калдыбек аудандық пәндік олимпиадасы информатика пәнінен олимпиадада белсенділік танытқаны үшін Аудандық “Құрмет” грамотасымен марапатталды.

 Борлысай жалпы орта мектебінен 13 оқушы ҰБТ қатысып, орташа балл-74,4  грант иегері - 8, ақылыда – 2 оқушы. «Алтын белгі» иегерлері Садуақас Нұрсара, Әсілбек Жансая, Есіркеп Балжан .

Кеңсай жалпы орта мектебінен ҰБТ-ға 5 оқушы қатысып - 51,2 балл алды. 1 оқушы «Алтын белгі» иегері Әбдіқадыр Жомарт, 1-үздік аттестатты Өмірбай Ақнұр қорғап шықты. 2 оқушы грант иегері, ақылыда-4 оқушы.

                

Денсаулық  сақтау  саласы

Медицина  саласында  1 емхана,   2 медициналық тірек  жұмыс істейді. Ана мен бала өлімі жоқ. Аға дәрігер саны- 1, орта білімді медбикелер- 17, кіші буын қызметкерлер- 15 адам халыққа қызмет етеді. 2019 жылы туылған бала саны -52.

Округте туберкулезбен ауыратын  - 1 адам  есепте тұрады.

 

Мәдениет және спорт саласы

Ауыл округінде  мәдени  көпшілік  жұмыстары  да алға  қойылған. Атап  айтқанда Наурыз мерекесі, Жеңістің - 74 жылдығын атап өтуге көп балалы аналар мен ҰОС ардагеріне  сый-сияпат,дастархан мәзірі демеушілілерімізбен ұсынылды, Қарттар күні өз деңгейінде атап өтілді Еңбек күні мерекесіне орай ауыл округіне еңбегі сіңген 5 азаматқа ауыл әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылды.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына, орай іс-шаралар, спорт ойындары мен көкпар ойындары өткізіліп тұрады..

 

Діни ахуал

Округте 1 кесене, 1 мешіт, 1 намазхана жұмыс істейді. Құжаттары рәсімделген. Жұма намазы өтіп тұрады. Оқушыларға баруға тиым салынған. Округте теріс ағымдағы азаматтар тіркелмеген.

Округтегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны басшылыққа алынып тиісті жұмыстар атқарылды.

 

Жасыл ел бойынша

Елді мекендерді көгалдандырудың «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша іс-шара жасалып, елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалаудан өткізу жөнінде бір қатар жұмыстар атқарылды. Аталған бағдарламаға сәйкес округ көлеміндегі елді мекендерде денсаулық,білім беру мекемелері, бюджеттік мекемелердің аулаларына және көше бойларына ағаш көшеттері егілді.    Барлық елді мекендерде  атқарылып жатқан санитарлық –тазалық  жұмыстарының іс-шарасы бекітіліп,сенбілік жұмыстары  ұйымдастырылды.Округ бойынша барлығы 2482 әртүрлі көшеттер егілді.

 

Әскер қатарына шақырылу бойынша                                                           

р/с

Округ атауы

Медициналық байқаудан өтуі тиіс азаматтар саны

Нақты тексеруден өткені

Орындалу проценті

Әскер қатарына баруға іріктелгені

Әскер қатарына аттанған азаматтар саны

1

Борлысай

38

38

100 %

6

5

 2019 жылдың жылдық есебі бойынша ауыл әкімі аппаратына:

Округке жоғарғы органдар мен мекемелерден келіп түскен кіріс құжаттары- 247 болса, шығыспен - 252 құжат тиісті органдарға берілді. Барлығы  10 арыз-шағымдар түсті, оның ішінде 2 шағым тұрғын үй және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер сұраған, 8-і  бұрынғы тұрғын үйі орналасқан жеріне мемлекеттік акт алуға шешім сұраған,  өтініштер толық қанағаттандырылды.  

Әкімдік бойынша 53 өкім, 31 шешім қабылданды.

Борлысай ауыл округінде 2020 жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталсам: 

1.Борлысай ауылдық округі Қошқарата  елді мекеніндегі Ш.Қырықбаев, Ақтас ауылындағы А.Тойшыұлы көшелеріне асфальт жол төсеу.

2.«Инвест 2020» бағдарламасы бойынша Ақтас, Қошқарата ауылдарындағы электр бағандарының 45% жаңаға ауыстыру.

3.С.Пәшенұлы, Н.Тойжанов, О.Дауылбаев көшелеріне көше шамдарын орнату.

4.Т.Әжібекұлы,  О.Дауылбаев көшелеріндегі жаңа салынған үйлерге электр бағаналары мен трансформатор қою.

5.100 бас абердин-ангус асыл тұқымды ірі қара мал әкеліп өндіріске алу.

6.Асыл тұқымды Дорпер қойларын әкеліп, ауылдағы ұсақ малдарды асылдандыру.

7.Наурыз-тамыз айларында әр ауылдың қара мал падаларына асыл тұқымды Қазақтың Ақбас бұқаларын қосу.

8.Көкпар шабатын алаңды заманға сәйкес белгілеп іске қосу.

9.Балық шаруашылығын одан әрі дамыту.

10.Қоқыс қалдықтарын тастайтын палигонды іске қосу.

11.Мал қораларына күннен энергия алатын жарық беру станцияларын орнату.