Жамбыл ауылдық округінің әкімі Е.Бориевтің 2019 жылдың қорытындысы бойынша есебі

Құрметті ауыл тұрғындары!

2019 жыл еліміз үшін тарихта орны қалатындай  өзінің тың жаңалықтарымен, үлкен жетістіктерімен ерекшеленді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қыркүйек күні Қазақстан халқына өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын жариялады. Ел Президенті өз жолдауында Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын арттыруды көздеп отыр.

  1. Жаңа заман талабына сай тиімді мемлекет .
  2. Азаматтардың құқықтарымен қауіпсіздігін қамтамасыз ету .
  3. Қарқынды дамыған және инклюливті экономика.
  4. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі.
  5. Қуатты өңірлер - қуатты ел реформаларынжүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз қажет.

Осылайша Қазақстан Республикасының Президенті өзінің алғашқы Жолдауында еліміздің одан әрі дамытудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігін тиімді пайдалануды көздеп отыр.

Жылды қорытындылай келе, 1-қаңтарға ауылдық округ халқының саны 3 321 адамды, ал аумағы 92 639 гектарды құрап отыр.

Округ бойынша 523 отбасы - 3 321 тұрғын, оның ішінде

Жамбыл елді мекенінде 253 отбасы - 1 600 тұрғын,

Жүзімдікте 98 отбасы - 633 тұрғын,

Тасқұдықта 69 отбасы - 501 тұрғын,

Шыбытта 79 отбасы - 485 тұрғын,

Қызылжарда 20 отбасы - 102 тұрғын халық тұрады.

 

Әлеуметтік-экономикалық даму

2019 жылы Жамбыл ауылдық округінің бюджеті 119млн 323мың теңгені құрады, барлық қаржы жоспарлы игерілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару қаражаттарының орындалуына келер болсақ

Салықтық түсімдердің орындалуы бойынша

Жеке тұлғалардың табыс салығы 1млн 54мың тг, 115%

Жеке тұлғалардың мүлік салығы 56мың тг, 106%

Жеке тұлғалардың жер салығы 498мың тг, 124.5%

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 47мың тг, 102%

Жеке тұлғалардың көлік салығы 2млн 827мың тг құрап, 104% орындалды.

Салықтық емес түсімдердің орындалуы бойынша

Жалға беру 126мың тг, 141.7%

Айып пұл 20 мың тг, 100%

Ерікті алым 110мың тг құрап, 115.8% орындалып отыр.

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Ауылдың экономикалық көрсеткіштерімен қатар, әлеуметтік салаларыда бірлесе дамып келеді.

 

Білім беру саласы

Ауыл округі бойынша 2 жалпы орта мектеп, 2 негізгі орта мектеп бар. Барлығы 719 оқушы болса, оның ішінде Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінде 365 оқушы, Жүзімдік жалпы орта мектебінде 145 оқушы, Тасқұдық негізгі орта мектебінде 107 оқушы, Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебінде 84 оқушы,  ал Қызылжар елді мекеніндегі 18 оқушы Ордабасы ауданына қарасты мектепте орта білім алуда.

Жағдайы төмен отбасылардың мектеп табалдырығындағы балалары мемлекет тарапынан ыстық тамақ қамтамасыз етілген.

Жыл сайын білім сапасы жақсарып келеді. Соңғы оқу жылында Жамбыл мектебінен 15 түлек, Жүзімдік мектебінен 5 түлек мемлекеттік грант иегерлері атанды.

Егемінді елімізде білім беру сапасына үлкен көңіл аударылуда. Округ бойынша оқушыларға білім беруде 145 мұғалім, оның ішінде Жамбылда 62, Жүзімдік 31, Тасқұдықта 28, Шыбыт мектебінде 24 мұғалім жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, округ бойынша 1 балабақша, 3 шағын орталық жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда, «Айсұлу» балабақшасында 110 бала, Жүзімдік ауылындағы шағын орталықта 20 бала, Шыбыт ауылында 25 бала, Тасқұдық негізгі мектебі жанынан 25 бала тәрбиеленуде.

 

Денсаулық сақтау саласы

Елімізде медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын көтеру - салауатты өмір салтының алға басуы болып табылады. Әр адамның денсаулығы, әр сәби мен ананың өмірі біз үшін өте маңызды. Осы мақсатта, тұрғындарға 1 отбасылық дәрігерлік емхана, 3 фельдшерлік-акушерлік тіректе 14 қызметкер, 1 жедел жәрдем машинасы халыққа медициналық қызмет көрсетеді.

Жыл басынан бері округ бойынша 64 нәресте туылып, 11 адам қайтыс болды. Диспансерлік есепте тұрған 280 адам бар. Мақсатты бағытталған скринингтер, қан айналым, қант диабеті, онкологиялық науқастарға жоспарлы тексеру жүргізіліп отырады. Есепте тұрған азаматтарға  кепілденген тегін дәрі-дәрмектер беріледі.

 

Мәдениет және ішкі саясат

Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында округі аумағында 1 мәдинет үйі, 1 ауылдық клуб және 2 кітапхана жұмыс істейді. Мәдениет саласындағы қызметкерлерінің мереке күндері іс-шара жоспарлары бекітіліп, жыл бойына барлығы 48 түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді.

Округте бүгінгі күні  4 ұлт өкілдері тұрады. 4 мешіт жұмыс жасап тұр. Құрбан айт, Мәуліт, Рамазан айы секілді қасиетті мейрамдар діни басқарманың бекіткен ережесіне сәйкес өткізіледі. Осы уақытқа дейін өзге ағымдардың жолына түскен азаматтар анықталған жоқ. Әрбір ауылдың билер алқасы мен ардагерлер, әжелер және әйелдер кеңесі мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауына қолдау көрсетіп, насихаттау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Жастарды салауатты өмір салтына, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді, ұлтаралық қарым–қатынасты нығайту бағыттарында арнайы жоспар негізінде округ көлемінде іс–шаралар, дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді.

 

Спорт саласы

Жамбыл ауылындағы Жамбыл орта мектебінің 20 жылдық түлектерінің демеушілігімен 3млн 500мың теңге қаржыға Кіші футбол алаңын салып пайдалануға берілді,  ауыл жастары күнделікті бос уақыттарында спортпен шұғылдануда.

Ауылдық округте спортты дамытуда №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды, онда әр түрлі спорт түрлерінен үйірмелер бар. Үйірмелерге 45 жас өспірімдер қатысады.

2019 жылдың 26 тамыз күні Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруы және кәсіпкерлердің демеушілігімен жастар арасында кіші футболдан біріншілік ұйымдастырылды, жарысқа 4 команда қытысып, жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында округте түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады.

 

Әлеуметтік сала

«Атаулы әлеуметтік көмек»  бағдарламасы бойынша 193 отбасы өтініш білдіріп, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 167 өтініш жолданды. Соның ішінде 9 отбасыға 3 534 365 теңге көлемінде шартсыз атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, 123 отбасыға 136 333 014 теңге көлемінде  шартты  ақшалай көмек тағайындалып, оның 56 491 517 теңгесі төленді. 35 отбасының табысы асып кетуіне байланысты кері қорытындысы берілді. Қалған 26 өтініш иелеріне мұқтаждық деңгейіне жатпайтындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп хабарланды.

Округ бойынша аз қамтамасыз етілген 54 отбасыға қысқы жылу маусымы кезінде уланып қалудың алдын алу үшін газоанализатор құрылғылары қойылды.

Округтегі «Рысбек-Нұр» ЖШС төрайымы І.Шардарбекова Жамбыл және Шыбыт елді мекендерінің тұрмысы төмен 5 отбасыға азық-түлік тарапынан көмек көрсетті.

Жамбыл ауылдық округі бойынша мемлекет марапатын алған көп балалы 159 ана бар. Оның 21-і он және одан да көп бала өсірген «Батыр аналар», қалғандары Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен   51 «Алтын алқа» және 87 «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған.

 

 «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасының орындалуы туралы

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша, қысқа мерзімді кәсіби оқытуға  жоспар 11 адам болса, 22 азамат түрлі мамандықтар бойынша оқып шықты. 15 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

2-бағыт бойынша, шағын несиелеуді ұйымдастыру  жоспар 3 адам болса, 6 азамат 16млн тенге несие алып жаңадан 6 жұмыс орны ашылды.    

3-бағыт бойынша, жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарына сәйкес, тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасу бойынша жоспар 90 адам болса, нақты жұмысқа орналасқаны  98  адам.    

4-бағыт бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған азаматтар, жоспар 9 адам болса, нақты жұмысқа орналасқаны       10 адам.

Жастар тағылымдамасынан өту бойынша жоспар 18 адам болса, 25 жас маман білім беру және басқада мекемелерге жіберілді.

Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберудің жоспары 30 адам болса, нақты жұмысқа тартылғаны 29 адам.

Жаңа бизнес идеяларын іске асыруға мемлекеттік грантқа жоспар 10 адам болса, 2019 жылы 20 адам грант иегері атанып 505мың теңгеден ақша алды.

 

Ауыл  шаруашылығы саласы

Ауылымыздың дамуының басты бағыты ретінде – ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларын дамытуға аса назар аударып отырмыз. Округ бойынша 128 агроқұрылым бар, оның 10-ЖШС, 20-ӨК, 98-ШҚ құрайды.

Жылма-жыл ауылымызда мал басы саны артып, егін аумақтарының көлемі кеңейтілуде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникаларыда жаңартылуда. 2019 жылы жоспар бойынша 3 техника алу болса, жоспар толығымен орындалып отыр.

 

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығына келер болсақ, 2019 жылдың қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара малының саны 5399 бас, қой мен ешкі 68202 бас, жылқы 2 133 бас, түйе 36 бас, құс 7890 басты құрады. Аталған мал бастары бойынша жалпы өсім байқалады. Бұл оң нәтижелі көрсеткіштерге «Алтын асық», «Сыбаға» бағдарламалары арқылы жетіп отырмыз.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2019 жылғы жоспар 300 бас қой алу керек болса, 300 бас асыл тұқымды мал алынып, тапсырма 100 пайыз орындалды. Жеке кәсіпкерлер Қ.Қодренов, Г.Ержанова, Ж.Күмісбекова, Л.Сарыпбеков және Есен, Арман, Пірімжар, Әрекет, Құмет-К шаруа қожалықтары уақ малдарды асылдандыруды.  

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар, 65 бас асыл тұқымды аналық бас алу межеленіп, одан нақты 143 бас аналық  ірі қара мал алынып, тапсырма 220 пайызға орындалды. Дөненбай-Ата, Құрмет-К, Ж.Күмісбекова, Рауан шаруа қожалықтары іқм асылдандырып, жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда округте 28 шағын, 1 үлкен мал бордақылау алаңы жұмыс жасайды,  онда бір мезгілде 30 бас қара мал, 500 бас уақ мал, 70 бас жылқы бордақыланады. 2019 жылы осы мал бордақылау алаңдарынан     35 мың тонна ет өндіріліп, сатылымға жіберілді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша ауыл округте  "Ержан" ш/қ  2400 бас асыл тұқымды қой өсіруде. 

«Ауылшаруашылық қаржылай қолдау» қорынан 34 млн теңге несие алып, атап айтсақ, Жүзімдік е.м  «Омарбеков Жанғали» ӨК 44 бас, ЖК «Тобажанов Мейрамбек» 48 бас, Тасқұдық е.м ЖК «Төлегенов Алибек»     46 бас, барлығы 138 бас аналық ІҚМ әкеліп өз істерін ілгерілетуде.

Сондай-ақ, ауылдық округ аумағында 68 мал қора жұмыс жасайды. Онда негізінен уақ мал ұсталады. Оларды сумен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы «Жайылым жерлерді суландыру» бағдарламасы аясында жайылымдық жерден 3 жаңа құдық қазылып, 12 күн электр станциясы орнатылды.

Округімізде мал басынан алынатын өнім де өсіп, артығымен орындалды: 823 тонна ет, 1 912 тонна сүт, 6млн 305мың дана жұмыртқа өндірілді.

Егін шаруашылығы

Мал шаруашылығымен қатар, егін шаруашылығыда жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Көктемгі дала жұмыстарында дихандарымыз егін егіп, дұрыс өнім алуға қол жеткізді. 2019 жылы түрлі дақылдар егілді, атап айтсақ күздік бидай, жаздық бидай, жаздық арпа, жүгері, мақсары, көкөніс, күнбағыс, картоп, ескі жоңышқа, жаңа жоңышқа, бақша дақылдары егіліп, өнім алынды.

Ауылымызда кәсіппен айналысамын деушілерге барынша жағдай жасалуда. Кәсібін дөңгелетемін дейтін агроқұрылымдарға кәсіптік нысандарды салу үшін жер телімдері еш кедергісіз берілуде.    

Ауыл шаруашылық жерлерін игеру бойынша. Округтегі барлығы 14 393 га егістік жердің 3 130 гектарының санаттары жайылымдыққа ауыстырылды. Одан бөлек, игерілмей жатқан 337 гектар ауданның арнайы жер қорына өткізілді ("Тастөбе" ЖШС 180 га, "Нышан" ш/қ 39,2 га, "Матей - Ата" ш/қ 30,8га, "Сиқым" ш/қ 28 га, "Адырбек" ш/қ 16,8 га, "Күзенбай" ш/қ 22,4 га, "Молшылық" ш/қ 19,6 га барлығы 7 ш/қ ).

Егістік жер телімін электронды картаға енгізу 116,5 пайызды құрап отыр.

Тасқұдық елді мекеніндегі 520га жайылымдық жер аудандық маслихаттың сессиясында қаралып, 520га жер Тасқұдық елді мекенінің орта жайылымдық жеріне өткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жылыжай салу бойынша Жамбыл ауылының тұрғыны "Бақыт-Ислам" ЖШС төрағасы Тынысбаев Нұржан «Ауылшаруашылығын қолдау» қорынан 750 млн теңге несие алып, 5га жердің 3 гектарына  жаңадан жылы жай салу үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың ақпан айында аяқталады. Жылыжай іске қосылса 80 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

 

Ветеринария

Ауылда мал басы санының артуына байланысты, ветеринариялық қызмет жұмысына талап күшейтілді. Осы бағытта жаз айларында қора-жайларды залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп отырады. Қырым-Конго қанды безгегінің алдын алу шарасыда ойдағыдай жүргізілді.

2019 жыл 68 037 бас уақ мал тоғытылса, 6 840 бас ірі қара малына бүрку жұмыстары жүргізілді. 168 500 шаршы метр қора жайларға, 82 000 шаршы метр суаттарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Жамбыл ауылдық округі бойынша 310 ит, 23 мысық атылып, арнайы орындарға тасталды.

 

Құрылыс саласы бойынша

Елді мекендерді дамыту және құрылыс (оңайлатылған бас жоспар) салу жоспарлары аудан бюджеті есебінен әзірленіп, аудандық мәслихаттың сессиясында қаралып бекітілді.

Жүзімдік елді мекенінің қазіргі аумағы – 117,9га болса, дамыту және құрылыс салу  жоспарына сәйкес 31,26гектарға ұлғайды. Оның ішінде 21,63 гектары (143 тұрғын үй) үй іргелік жер және қалған 9,63га жер телімдері әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарға бағытталған.

Тасқұдық елді мекенінің қазіргі аумағы – 52,76га болса, дамыту және құрылыс салу  жоспарына сәйкес 27,81гектарға ұлғайды. Оның ішінде 17,57 гектары (136 тұрғын үй) үй іргелік жер және қалған 10,24га жер телімдері әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарға бағытталған.

Шыбыт елді мекенінің қазіргі аумағы – 69 га болса, дамыту және құрылыс салу  жоспарына сәйкес 37,49 гектарға ұлғайды. Оның ішінде 11,90 гектары (73 тұрғын үй) үй іргелік жер және қалған 25,59га жер телімдері әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарға бағытталған.

Қызылжар елді мекенінің бас жоспарын жасауға 1млн теңге бөлінді. 2020 жылы жоспар бекітіліп елді мекеннің аумағы кеңейту жоспарлануда.

Округке қарасты елді мекендерге баратын жолдар мен ауыл ішіндегі көшелер мемлекеттік бағдарламалар аясында жөнделіп дұрыс жолға қойылып келеді. Жамбыл ауылы мен Шыбыт елді мекенінің арасындағы 1,500 метр топырақ жолға  "Берке" ЖШС демеушілігімен тас төселіп, көпір салынып ауыл тұрғындарының көлікпен қатынауына жағдай жасалынды.

Тасқұдық елді мекеніне кіре берісндегі  көпірді қайта салу үшін жалпы сомасы 78,8 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тасқұдық ауылының жұмыссыз  3 тұрғыны жұмысқа тартылды.

Жамбыл ауылының тұрғыны Алтаев Пердебектің  үйіне баратын        350 метр топырақ жолға тас төселініп тегістелді.

Шыбыт елді мекенінде 100 орындық жаңа мектеп салу үшін 1,2 гектар жер телімі бөлініп берілді. Жобалық сметасын жасау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жамбыл ауылындағы Жамбыл орта мектебін 1983 жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен  3млн 900мың теңге қаржыға Жамбыл ауылына кіре беріс жеріне «Жастар Аллеясы» салынып пайдалануға берілді.

Жүзімдік елді мекеніндегі "Кәрітоған" каналының 2 шақырымдық жеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

 

Жарықтандыру бойынша

Жамбыл ауылдық округінде көше жарықтарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жамбыл елді мекеніндегі Ж.Кертайұлы көшесінің                         11, А.Көкішұлы көшесінің 9, Тәуелсіздік көшесінің 5, А.Айнақожа көшесінің 12, № 3 көшесінің 7,  барлығы 5 көшенің 47 дана көше жарықтарының лампалары ауыстырылды.

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне қарасты Жамбыл су қоймасына 16 дана бейне бақылау камерасы және 2 дана су есептегіш құралы орнатылды.

 

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Жамбыл ауылдық округіндегі газ жүйесін жеке үйлерге тарту үшін                 5 жекеменшік фирмалар тұрғындармен келісім шартқа тұрып  жұмыстарын жүргізді. Округ бойынша барлығы 238 тұрғын үйге газ жүйелері жүргізілді. Жамбыл ауылынан 253 үйдің, 172 үйге ішкі газ кіргізу жұмыстары жүргізіліп, 145 тұрғын үйдің құжаттары рәсімделген. 50 үйге газ қосылып пайдалануда.  Тасқұдық елді мекені бойынша барлығы 78 үйдің 30на газға қосылу үшін құжаттары рәсімделуде, қазіргі таңда 27 тұрғын үйдің құжаттары рәсімделген. Шыбыт елді мекені бойынша барлығы 79 үйдің        36 на  газ кіргізу жұмыстары жүргізіліп, 9 үйдің құжаты рәсімделді.  Округтегі елді мекен тұрғындарымен газ қосу жөнінде жиналыстар бас қосулар жиі өткізіліп тұрады. Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының мамандры округтегі елді мекендерге бөлініп, газ қосу үшін келісім шартта көрсетілген ақшаны төлеу керектігі жөнінде ауыл тұрғындарына үйіме үй түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының «Фейзбук» әлеуметтік желісіне газ қосу жөнінде түсіндірме мақалалары жарияланып тұрады.

Жүзімдік елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, жеткізуші және ішкі газ құбырын жүргізуге 46млн 144 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып, 2019 жылы толық аяқталды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге ішкі газ кіргізу жұмыстары жүргізуге дайын.

 

Азаматтарды әскер қатарына шақыру

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге Жамбыл ауылдық округінен 142 бала мединициналық сараптамадан өтуге шақырылды. Оның ішінде тексеруден өткені 101 бала, ал әскер қатарына кеткені 5 бала.

 

Қоғамдық тәртіп бойынша

2019 жылы 2 қылмыстық іс тіркелген, оның 1 қылмысы ашылған. Ашылмаған 1 қылмыс бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде (мал ұрлығы-2).

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 20 әкімшілік хаттамасы толтырылып, мемлекетке 141мың теңге айыппұл өндірілді.

 

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету

Жамбыл, Шыбыт, Тасқұдық, Жүзімдік ауылдарының тұрғындары ауыз суды орталықтандырылған ауыз су жүйелері арқылы пайдаланады. Ал, Қызылжар елді мекені Омега су қондырғысы арқылы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Түркістан облысы  Бәйдібек ауданы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің іс – шара жоспарына сәйкес 2020 жылы Жамбыл, Шыбыт, Қызылжар елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында сметалық құжаттарын әзірлеу үшін  қаржы бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілуде.  

 

Абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық

Ауылдың сәні – әр ауладан басталатыны белгілі. Тазалық – денсаулық кепілі демекші, елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыру және санитарлық тазалығын ретке келтіру  мақсатында тұрақты түрде жұмыс атқарылды.

Аудан әкімнің тапсырмасына сәйкес елді мекендердің қас-келбетін ретке келтіру бойынша ауыл тұрғындары жаппай сенбілік шараларына қатыстырылды. Елді мекендерде абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы өткізіліп, шара шеңберінде тал-теректерді кесу, әктеу, жолдарды тегістеу жұмыстары жүргізілді. Ақылы қоғамдық жұмысқа 29 адам тартылып түрлі жұмыстар атқарды. Ауыл ішіндегі ретсіз жатқан тас, цемент қалдықтары тазаланды. Лотоктар қоқыстан тазаланып, облыстық маңызы бар жол бойы автакөлік иелерінің тастаған көлік дөңгелектері алынып, аялдамалардағы қоқыс тастайтын жәшіктер тазаланды.

Округтегі көрнекі құралдар жаңартылды, Жамбыл ауылының А.Көкішұлы, Ж.Кертайұлы, Тәуелсіздік көшелерінің көрнекі құралдары және аркасы жаңартылды. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес елді мекендердегі үй жайларының қас – келбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп Жамбыл ауылының 7 тұрғын үйдің сым шарбақтары жаңартылып көшелерге тазалық жұмыстары жүргізілді. Жүзімдік елді мекеніне кіре беріс көшеде орналасқан 16 дана көрнекі құралдары ауыстырылды. Шыбыт елді мекеніне кіре бері жолдың екі жағындағы тал бұталардың түптері әктеліп көше бойындағы қоқыстар тазаланды.

Округте алдағы уақытта Ардагерлер алқасының қолдауы мен көшелерді таза ұстау мақсатында «Таза көше», «Таза аула» атты ауыл тұрғындарының арасында байқау ұйымдастыру жоспарлануда. Атқарылған жұмыстар жайлы аудан әкімдігіне мәлімет беріліп, әлеуметтік желіге мақала жариялануда.

«Жасыл аймақ» көгалдандыру іс-шарасы аясында 2019 жылдың көктем айында 2,5 га жерге 1600 түп көшет егілді.

 

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспары

  1. Жүзімдік елді мекеніне кіреберіс 2 км авто жолды ағымдағы жөндеуден өткізу.
  2. Жамбыл ауылынан өтетін тозығы жеткен Шымкент-Шаян бағытына жүретін 13 шақырымдық жолды күрделі жөндеуден өткізу .
  3. Жамбыл елді мекеніндегі көшелердің лоток ауыстыру, көше жарығы, аяқжол салу, арка орнату.
  4. Жамбыл елді мекеніндегі "Көкарық" каналына бөгет (шлюз) салу.
  5. Тасқұдық, Шыбыт, Жүзімдік елді мекендерін газға қосу.
  6. Елді мекен көшелерін абаттандыру.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға өткен 2019 жылда атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілді. Өздеріңіз естіп отырғандай, ауылымызға көгілдір отын келіп, мәселелер өз шешімін тауып жатыр. Халықтың игілігі үшін жасалатын шаралар әрқашанда жалғасын таба бермек.

Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және тұрғындардың әлеуметтік-мәселелелерін шешуде ауыл әкімі аппараты қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, барлық мүмкіншіліктерді  пайдаланатын боламыз.

Біз бекітілген жоспарларға сәйкес жұмысты жалғастыра береміз және Сіздермен бірге бұл жылды да ойдағыдай, табысты аяқтайтынымызға сенемін.

Назарларыңызға рахмет!