Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Т.Дәрменбаевтың 2019 жылдың қорытындысы бойынша есебі

Құрметті  Бахтбек  Төленұлы! Құрметті ауыл тұрғындары!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан туындаған міндеттер мен осы жолдаулар аясында қабылданған  мемлекеттік  бағдарламалар, облыс аудан әкімдерінің берген тапсырмаларын орындау барысында, қоғамдық ұйымдармен, о.і тұрғын халықпен етене араласып жұмыс жүргізуде көшбасшы болып жүрген «Нұр Отан» партиясының 278 мүшесі бар жергілікті ұйымдары, ардагерлер кеңесі, ауыл билері, әжелер, аналар алқасы  өкілдерімен бірлесе отырып, Мыңбұлақ ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Осыған орай, 2019 жылдың негізгі көрсеткіштері мен алдағы тұрған міндеттерге тоқталуға рұқсат  етсеңіздер.

Мыңбұлақ ауылдық округі бойынша, 2020 жылдың  1 қаңтарына   662 отбасында  4583 тұрғын есепке алынып отыр.

р/с

Елді мекен атауы

Үй саны

Халық саны

Оның ішінде

Ер азаматтар саны

Әйел азаматтар саны

1

Мыңбұлақ

284

1832

906

926

2

Ақбұлақ

16

82

49

33

3

Бестоғай

57

431

212

219

4

Қосбұлақ

67

552

294

258

5

Қайнарбұлақ

139

1012

540

472

6

Мәдениет

76

528

263

265

7

Нура

22

146

73

73

8

Әкімшілік бойынша

662

4583

2337

2246

 

БЮДЖЕТ САЛАСЫ

Салықтың 4 түрінен ішкі кіріс 5666,5 мың теңгені құрап,  жоспар 114,0 пайызға артығымен орындалды,  бюджеттің шығыс бөлігі    100,0 пайызды құрады.

Салық түсімдерінің орындалуы (мың.тг)

қ/с

Салық түрлері

Жылдық жоспар (мың теңге)

Нақты орындалғаны (мың теңге)

%

1

Мүлік салығы

64,0

68,8

107,5

2

Жер салығы

499,0

510,4

103,0

3

Көлік салығы

3353,0

3894,2

116,1

4

Табыс салығы

1068,0

1193,1

112,0

 

Барлығы

4984,0

5666,5

114,0

Сондай-ақ, салықтық емес түсімдерден 100,2 мың теңге өндіріліп, (оның 25250 теңгесі әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты айыппұл, 75,0 мың теңгесі жеке және заңды тұлғалардан түскен ерікті алымдар), барлық кіріс-5766,7 млн.теңгені құрады. Осы жерде айта кетуіміз керек салық көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 624,0  м.т. артық түсті.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Мыңбұлақ ауылдық округі аумағында 2018-2019 жылдары шағын және орта кәсіпті дамытуға тартылған инсвестиция.

  Р/С

Инвестиция тартылған объект

Ауылы

Құрылыс қаржысы

Пайдалануға берілген мезгілі

Жұмысқа қамтылған азамат.

1

Мал бордақылау алаңы

Қайнарбұлақ

150,0 млн

2019 ж

6

2

Тұрғын үй

Қайнарбұлақ

5,5 млн

2019 ж

4

4

10 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй

Мыңбұлақ

85,0 млн

2019 ж

18

3

Асхана

Мыңбұлақ

9,0 млн

2019 ж

10

 

Мал шаруашылығы

Ауыл округі экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды, о.і. мал шаруашылығына тоқталсақ 2019 жылы белгіленген межелер толық орындалып,  1120,8 тонна ет, 2532,2 тонна сүт, 9306,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2020 жылғы мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі

Өндірілген өнім түрлері

Өндірілген өнім (тн)

Барлық сомасы (млн.т)

1

Ет (тн)

1120,8

8966,4

2

Сүт (тн)

2532,2

3291,8

3

Жұмыртқа (мың дана)

9306,0

1861,2

Барлығы

 

14118,11

2020 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша округтегі барлық санаттағы мал басы және құс есебі

қ/с

Малдың түрі

01.01.2019жылғы мал басы

01.01.2020 жылғы мал басы

%

1

Уақ мал

69753

70737

102,0

2

Жылқы

1661

1698

103,0

3

Түйе

135

138

103,0

4

Ірі қара      

3722

3812

103,0

5

Құс

7008

7089

102,0

Мал бастары алдынғы жылмен салыстырғанда барлық түрінен толық орындалды.        

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 300 аналық бас қой алу межеленіп, одан нақты  300 бас асыл тұқымды мал алынды, тапсырма 100,0 пайызға орындалды.  

 «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 бас бұқа,  60 бас асыл тұқымды аналық бас алу межеленіп, одан нақты 3 бас бұқа, 100 аналық бас ірі қара мал алынды, тапсырма 166,0  пайызға орындалды.  

Қазіргі таңда округте 38 шағын мал бордақылау алаңдар жұмыс жасайды, оның  2-і  2019 жылы пайдалануға берілді. Онда бір мезгілде 172 бас қара мал, 500 бас уақ мал, 35 бас жылқы бордақыланады. Өткен жылы осы мал бордақылау алаңдарынан 32,8 тонна  ет өндіріліп, сатылымға жіберілді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша  «Қуаныш» ш/қ асыл тұқымды 1515 бас қой, 184 бас ірі қара,  «ЖК Оңжігітовте» 24 бас қошқар, «Гүлназ» ш/қ 110 бас ірі қара, «Нурислам» ш/қ 165 бас ірі қара, 30 бас қошқар, «Әлі» ш/қ 8 бас қошқар, «Біржан» ш/қ 30 бас қошқар, «Шұқырбұлақ» ш/қ 39 бас қошқар, «Ел-Ырыс» ЖШС 2 бас ірі қара  малдары  өсірлуде.

Сондай-ақ, өткен жылы 700 бас уақ мал қолдан ұрықтандырылды (Әділет  ш/қ).

Мал басын көбейту және бордақылау үшін несие беру орындарынан 4 азамат 31 млн 500 мың  теңге несиелік қаржы алған.

р/с

Қаржы ұйымдары

Несие  алған азаматтар саны

Алынған несие көлемі

1

Бәйдібек несие

2

27 500 000т

2

Казагро

1

2 500 000 т

3

Ырыс несие

1

1 500 000 т

 

Барлығы

4

31 500 000т

Сондай-ақ, ауылдық округ аумағында 65 мал қорасы бар. Онда негізінен уақ мал ұсталады. Оларды сумен қамтамасыз ету үшін өткен жылы «жайылым жерлерді суландыру» бағдарламасы аясында жайылымдық жерден 10 жаңа құдық қазылса, ал биылғы жылға 5 жерден  құдық  қазу жоспарланып отыр.

 

ВЕТЕРИНАРИЯ

Энзоотиялық аурулардың алдын алу, егу, залалсыздандыру жұмыстары

қ/с

Залалсыздандыру түрі

Мал түрі

І кезең, көктемде

ІІ кезең,

күзде

1

Тоғыту, бас

Уақ мал

72671

72671

2

Бүрку, бас

Ірі қара

5156

5156

3

Дезинфекция, ш/м

Мал қора

204500

204500

Мал ауруларын тексеру бойынша брурцеллезге оң белгі берген 15 бас уақ мал анықталып, санитарлық союға өткізілді. (2018 жылы 8 бас уақ мал  анықталған) 

Сондай-ақ, өткен жылы 291 ит, мысық атылып (2018 жылы 235), 3 адамды кене шақса  (2018 жылы 5), 23 адамды ит қапқан (2018 жылы 22). 

 

Егін шаруашылығы

Егін шаруашылығыда негізгі саланың бірі болып есептеледі. Көктемгі дала жұмыстарында дихандарымыз егіншілік талаптарын сақтап, еселі еңбек етіп, дұрыс өнім алуға қол жеткізді. 2105 га суармалы жердің 2051,0  гектарына егіс егілген.

2019 жылы суғармалы жерге егілген егін және өнім көлемі

қ/с

Дақыл түрлері

2018 жылғы

Егілген егіс көлемі (га)

Орташа өнімі (цн)

Алынған өнім (тн)

Барлық сомасы (млн.тг)

1

Мақта

140,0

25

350,0

52,5

2

Бақша

80,0

450

352,0

75,4

3

Дәндік жүгері

130,0

45

53,6

21,4

4

Ескі жоңышқа

1423,0

25

3557,5

50,3

5

Жаңа жоңышқа

250,0

-

-

-

6

Бау

20,0

-

-

-

Барлығы

2043,0

-

-

200,7

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың   2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 2019 жылы  ауыл  округінде  инвестициялық  жоба бойынша әлеуметтік жұмысқа 5 азамат  қабылданып,  «Жастар  практикасы»  негізінде  15 жас маман   жұмысқа  тартылды. Сондай-ақ, 110 азамат жолдамамен тұрақты жұмыспен қамтылса, 6 азамат қысқа мерзімді оқуға жіберіліп, 35 жұмыссыз жүрген азаматтар ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Сонымен қатар, «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 6 отбасы 2 611033,0  теңге көлемінде шартсыз атаулы әлеуметтік көмек алса, 159 отбасы 14 749314,0 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек алды. 2019 жылы Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, көп балалы аналарды қорғауға байланысты мемлекеттік  жәрдемақы алуға сәуір айында 81 отбасы, мамыр, маусым айларында 70 отбасы, маусым, шілде айларында 40, яғни барлығы 191 отбасы құжат өткізіліп, базалық есептеу нәтижесіменен алуға жататын отбасылардың қаржысы аударылуда. Сонымен қатар, 2019 жыл басынан бері аудандық аурухана ұжымының демеушілігімен,  тұрмысы төмен  5 отбасы, аудандық ішкі істер бөлімі арқылы 2 отбасы, жергілікті өрт сөндіру бекеті демеушілігімен  2 отбасы, ауыл әкімшілігінің ұйымдастырумен жергілікті кәсіпкерлер жәрдемімен 9 отбасы, бірінші кезектегі қажетті азық түлікпен қамтамасыз етілді.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ   

Ауыл округінде 4 жалпы орта, 1 негізгі орта мектептерде 195 мұғалім жұмыс жасайды. Барлық мектептер пәндер бойынша мамандармен толық қамтылған.  Мектеп қабырғасында барлығы 1049 оқушы, Қайнарбұлақ, Бестоғай елді мекендерінде мектеп жанындағы шағын орталықтарда 70 бала, «Бақыт», «Гүлсая», «Балауса» бөбекжай-балабақшаларында мектеп жасына дейінгі  210 бала тәрбиеленуде. Жалпы округте 14-28 жас аралығындағы жастар саны 838 болса,оның  272 -і  14-17 жас аралығындағылар 2019 жылы  Қосбұлақ ауылындағы  «Қосбұлақ» жалпы орта мектебіне жаңа мектеп салуға мемлекет есебінен 772,0 млн теңге бөлініп,  құрылыс жұмыстары басталып, 2020 жылдың қыркүйек айына дейін бітіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл  «Досан» негізгі орта мектебінің құрлысы басталады  деп  күтілуде.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Округтегі 1 ауылдық аурухана, 6 медициналық тіректе 3 дәрігер, 4 фельдшер, 24 мед бике, 10 кіші қызметкерлер жұмыс жасайды. 2019 жылы Қосбұлақ елді мекенінде облыстық бюджет есебінен жаңа типті медициналық тірек ғимаратының құрылысы пайдалануға берілді. Мұндай медициналық тірек биылғы жылы Ақбұлақ елді мекенінде басталмақ

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Жылда, ауылдық мәдениет үйінде түрлі мерекелер қарсаңында мерекелік іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Сондай-ақ, мектеп және ауыл жастарын спортқа баулу мақсатында мектептердегі спорт залдарында жүйелі түрде жаттығулар мен жарыстар өтіп тұрады. Мәдениет елді мекенінде №5-ші балалар және жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Мыңбұлақ ауылынан демеушілер есебінен «балалар және жас өспірімдер спорт сауықтыру алаңшасы» салынып, айналасы жарықтандырылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Мәдениет ауылында жергілікті кәсіпкерлер өз қаражаттарына ауыл жастарына жазғы спорт алаңын салып берді. Сонымен қатар, спорт саласында табыстарымызда жоқ емес, атап айтсақ, «Қайнар»ЖОМ оқушылары Қуандық Бекнұр Досымханұлы қазақ күресінен Республикалық турнирде 2 орын, облыс аралық жарыста 1 орын иеленсе,Тастан Бақдәулет Республикалық жарыста 2 орын, Қуандық Бибінұр қазақ күресінен облыстық «Жас барыс» турнирінде 3 орын, Қуандық Ермахан Сейітжанұлы облыстық турнирде 3 орын, Қуандық Талғар Досымханұлы облыстық жас өспірімдер арасындағы турнирде 2 орын иеленді.

Мұндай жетістіктердің «Досан» НОМ болып жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Олардың ішінде, осы мектептің түлектері Әбдисамитұлы Сардар Қ.Р. мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің жүлдесіне арналған қазақша күрестен Республикалық турнирде 1 орын алып, спорт шеберлігіне кандидаттықты қорғап шықты. Сондай-ақ, ол жақында ғана қазақ күресінен Түркістан олбысы бойынша өткен «Жас барыс» біріншілігінің жеңімпазы және «Жас барыс» Республикалық турнирінде 3 орын иеленді.

Сондай-ақ, округіміздің Мәдениет ауылының жастары Садық Әпжаппаров атындағы волейболдан аудан аралық турнирде командалық есепте 1 орынды иеленді. Бұл дегеніміз, біздің округте спортқа деген қызығушылықтың жоғары екендігін білдіреді

 

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ

Округке қарасты елді мекендерге баратын жолдар мен ауыл ішіндегі көшелер мемлекеттік бағдарламалар аясында жөнделіп дұрыс жолға қойылып келеді.    Ауылдарымызға «көгілдір отынның» тартылуына байланысты бұл жұмыстар уақытша  саябырсып қалды. Бірақ, соның алдында Мыңбұлақ елді мекенінің Амангелді көшесі, Маметова мен Ералиев көшелерін қосып тұрған жолдарға асфальт салып, Қайнарбұлақ, Қосбұлақ  ауылдарының ішкі көшелеріне тас төсеп үлгердік.

Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» аясында биыл және келесі  жылы Мыңбұлақ елді мекенінің Абай, Диірмен, Уалиханов, Абдраманұлы, Жұманова көшелері орта жөндеуден, осы ауылдың орталық 4 көшесі А. Ералиев, 1 Мамыр, Н.Байниязов, Ш. Алдабергенов абаттандырудан өтетін болады. Барлығының ЖСҚ-лары дайындалып, тапсырыс беріліп қойды.

 

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты 5 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен, Ақбұлақ елді мекені жер асты суымен 24 сағат,  жалпы халықтың 96,4 пайызы  ауыз сумен  қамтылған. Өткен жылы аудандық «Бәйдібек су» мекемесі Бестоғай елді мекеніндегі орталық су торабы мен мұнарасына  2 493,0 мың тенгеге, Қосбұлақ елді мекеніндегі су торабына 4 777,0 мың тенгеге, Мыңбұлақ елді мекенінідегі су торабына 2 800,0 мың тенгеге  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Ақбұлақ елді мекенінің тұрғындары өз күштерімен тозығы жеткен ауыз су цистернасын жаңаға ауыстырды.  Сондай-ақ, биылғы жылы Мыңбұлақ ауылының жер асты суының  тартылып кетуіне байланысты ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы есебінен жаз айларында берілетін су көлемін арттыру мақсатында, ауылда орналасқан ұңғымалардың жанына 2 дана су цистерналары орналастырылып, ол ауыл үйлерге тартылған  құбырларға  жалғанды.

 

ЖАРЫҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Электр  жарығының қуатылығын арттыру мен көшелерді жарықтандыру жұмыстары да біртіндеп қолға алынып келеді. Мұның алдында Мыңбұлақ елді мекеніндегі А.Ералиев, Н.Байниязов, Абай, 1 мамыр көшелеріндегі тозығы жеткен ескі бағаналар мен оның электр желілері толығымен  жаңартылып, 2 жаңа трансформатор орнатылғанын білесіздер. Сондай-ақ, Мыңбұлақ елді мекеніндегі подстанциядан Қайнарбұлақ елді мекеніне дейінгі 18 шақырым жерге де жаңа бағаналар қойылып, электр желілері ауыстырылды және Қайнарбұлақ ауылындағы трансформаторға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл шағын аудандар мен елді мекендердегі электр жарығының қуаттылығы біршама қалпына келтіріліп, халықтың талаптары орындала бастады. Сондай-ақ, өзімізден өндірілетін салық түсімдері есебінен Қайнарбұлақ елді мекенінің Қайнар көшесі және жергілікті тұрғындардың ұйымдастырумен Ақбұлақ елді мекені жарықтандырылса, Мыңбұлақ елді мекенінің орталық көшелері мен  Мәдениет  ауылының  көше бойында орнатылған  жарық  шамдарына ауылдық бюджетке  салықтан  түсетін қаржы есебінен 300,0 мың .теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескірген лампалары ауыстырылды. Сондай-ақ, тұрғын үйлердегі электр қуатылығын арттыру мақсатында Қосбұлақ, Қайнарбұлақ елді мекендерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бюджет және демеушілер есебінен, биылғы жылы Қайнарбұлақ ауылының Ақтас, Бөкен, Ақата және Қосбұлақ елді мекенінің  Қарабұлақ , Көлбай би, Мыңбұлақ елді мекенінің Амангелді,  Абай, Ержанов, Оңжігітұлы көшелеріне   жарық  шамдарын  қою  жоспарлануда.

 

ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Елді мекендері газдандыру жұмыстары басталып, өткен жылы округке қарасты Қайнарбұлақ, Ақбұлақ, Мыңбұлақ, Қосбұлақ, Мәдениет елді мекендерінде ішкі оралым жұмыстары жүргізіліп бітсе,  биылғы жылы магистралды газ құбырларын тарту жұмыстары толық  аяқталатын болады.

 

ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРУ

Әскери міндеттілік әскери қызмет, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша көктем мезгілінде 7, күз мезгілінде 5, барлығы 12 азамат әскер қатарына алынып, аудан көлемінде бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарлардан көріндік. Оның алдындағы жылы әскерге 8 азамат жіберілген болатын.

  

ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Қылмыс санын азайтуға қатысты тиісті шаралар қабылдап, жыл бойына  округтегі қоғамдық ұйымдар және аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлескен құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде халықпен бірнеше кездесу жиындар өткізіліп, профилактикалық жұмыстар тоқтатылмай  жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, 2019 жылы 6 қылмыс орын алып, оның 5 ашылды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны азайған. (2017 ж-26, 2018 ж-7 қылмыс орын алған болатын).

 

АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ-КӨРКЕЙТУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ

Елді мекендерде  абаттандыру, көгалдандыру-көркейту және санитарлық тазалық  айлықтары ұйымдастырылып, бұл іс-шараларға  ауыл жастары, қоғамдық ұйымдар, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары  бірлесіп атсалысты. Мыңбұлақ елді мекені Ш.Алдабергенов, А.Ералиев көшелерінің бойына биіктігі 2 метр болатын барлық ұзындығы 669 метр сәнді темір шарбақтар қойылып, олар жасыл түске боялды.  Сондай-ақ,  А.Ералиев көшесінің бойына ұзындығы 300 метр, ені 15 метр аллея жасалып, айналасы темір шарбақтармен қоршалып, ішіне 100 түп шырша ағаштары мен 500 түп роза гүлдер отырғызылды. Жасыл аймақ көгалдандыру іс-шарасына сәйкес көктем айларында жол бойлары мен көшелерге, мекеме аулаларына, аллея-саябақтарға 1500 түп қара ағаш,  80 шырша, 185 мәдени ағаштар егіліп,  2500 жуық түрлі гүлдер отырғызылды.  Көше бойындағы билбордтар негізінен жаңартылып, орталыққа 2 жерден көлемі 3х6 және 3х5

болатын  үлкен билбордтар жасалып,  ілінді. Сонымен қатар, өткен жылы жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен Қайнарбұлақ ауылының кіре берісіне үлкен арка салынып, көше бойында орналасқан баннерлер толығымен жаңартылса, «Нұра» мәдениет үйінің қоршауына жергілікті бюджеттен 1200,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға қоршау жұмыстары жүргізілді. Қосбұлақ ауылындағы 3,0 га бау демеушілік есебінен  сым шарбақпен  толық қоршалды.

Сондай-ақ, санитарлық тазалықты жақсарту мақсатында арнайы техникамен Мыңбұлақ, Қосбұлақ, Мәдениет, Бестоғай елді мекендеріне қарайтын қоқыс  полигондардағы қоқыстар бір жерге жинақталып, айналасы ретке келтірілді және ескерту тақтайшалары ілінді. Сондай-ақ, Мыңбұлақ ауылының көше бойында орналасқан тас арықтары саз балшықтан тазартылды. Барлық елді мекендерге кіре берістегі ауыл аттары мен панолар қайта жасалып, жаңартылды.

Ауыл әкімдігінің қызметін жолға қоюда құжаттамалық жұмыстар маңызды орын алады. 2019 жылы жоғарғы органдар мен мекемелерден 170 құжат келіп түссе, 214 құжат бізден тиісті орындарға жіберілді. Жыл бойына 54 өтініштер мен арыз-шағымдар түсіп, оның 48-не тиісті шаралар қабылданып, толық қанағаттандырылды.

Округ көлемінде атқарылып  жатқан барлық игі істерде түрлі салада еңбек ететін тұрғындардың ортақ мақсат жолындағы еселі еңбектері зор. Ең бастысы қол жеткен жетістіктерді тұрақтандырып, экономикада, әлеуметтік-мәдени салаларда белгіленген  шараларды нақтылы іске асыру міндеті тұр. Алдағы уақытта Елбасы және ел Президенті саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және Мыңбұлақ ауылдық округі тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуде ауыл әкімі аппараты, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, барлық мүмкіншіліктерді пайдаланатын болады.

Тыңдағандарыңызға   рахмет!