Шаян ауылдық округі әкімі Б.Тиындықованың 2019 жылдың қорытындысы бойынша есебі

Ауылдық округі әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы 05 ақпандағы  «Орталық атқарушы органдардың басшылары, әкімдер Ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүейктегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты  жолдауынан туындайтын міндеттер мен  ауылдық округінің 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасын орындау үшін жұмыстар атқарып келеді.

Осыған орай  2019 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы тұрған міндеттерге тоқталуға рұхсат етіңіздер.

Қаржының игерілуі туралы

Округ бойынша қаралған қаржы 249320 мың теңге қаржы бюджеттік өтінімнің әр ерекшеліктері бойынша өз мақсатында 100 пайыз игерілді.

01.01.2019ж қаралған қаржы

31.12.2019ж игерілген қаржы

Орындалу пайызы

1

249320 мың теңге

249320 мың теңге

100

 

Бюджет саласы

2019 жылдың қортындысымен жергілікті өзін –өзі басқарудың 4-ші деңгейі бюджетіне салықтың 5 түрінен және салықтық емес түсімдер 23964 мың теңгені құрап, жоспар 108,8 пайызға орындалып, 2110716  мың теңгеге артық түсті.

Салық түсімдерінің орындалуы (мың.тг)

    Салық түрлері

                   2018 жыл

        2019 жыл

Жоспар (мың теңге)

орындалған (мың теңге)

%

Жоспар

(мың теңге)

орынд лға(мың теңге)

+,-

1

Табыс салығы                  

9751,0

10167,0

104,2

10784,0

11091,4

+307384

2

Мүлік салығы  

270,0

361,0

133,7

292,0

334,4

+42400

3

Жер салығы

1148,0

1194,0

104,0

1061,0

1226,7

+165,7

4

Заңды тұлгалардың көлік салығы

1321,0

1326,0

100,4

1245,0

1246,7

+1671

5

Жеке тұлғалардың көлік салығы

8093,0

8415,0

103,9

10208,0

11682,7

+1474,6

 

Барлығы

20583,0

21463,0

104,3

23590,0

25581,9

 

+1991,7

 

                                         Салықтық емес түсімдер

Атауы

2019 жылғы

 

Жоспар (мың теңге)

Орындалғаны (мың теңге)

+,-

1

Ерікті алым

 

144,0

148,0

+4,0

2

Әкімшілік айыппұл

 

230,0

344,8

+114,8

 

Барлығы

 

374,0

492,8

+118,8

 Сатып-сатып алу  бойынша кәсіпкерлік мақсатқа бөлінген жер телімдері

Атауы

2018 жыл  (мың теңге)

2019 жыл (мың теңге)

1

Үй іргелік жер телімдері ішінен бөлінген жер телімі

4962,7

4527,6

2

Сатып-сатып алу арқылы бөлінген жер телімдері

-

9494,0

 

Барлығы

4962,7

14021,6

Жергілікті өзін-өзі басқарудың төртінші деңгейі бюджетін толықтыру мақсатында елді мекендердегі жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүліктер,  жеке тұрғын үйлер мен жер телімдерін мемлекеттік тіркеуден өткізіп, қайта түгендеу жұмыстары жүргізілді. Әлі де жалғасын тауып,  жұмыстар жүйелі жүргізілуде.  Мүліктерді түгендеу салық базасын біршама арттыруға мүмкіндік беретін болады.

Есепті мерзімде жылжымайтын мүліктерді түгендеудің қорытындысы бойынша бүгінгі таңда округте тұрғын үй саны 1619.

 

Ауыл шаруашылық саласы 

Мал шаруашылығы

Ауданның 2017-2021 жылдарға арналған «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту»бағдарламасына сәйкес, аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды орындау мақсатында ауылдық округте мал басын көбейту, асылдандыру, мал бордақылау алаңдары жүйесін қалыптастыру және тамшылатып суғару, жылыжайлар салу  бағытында жұмыстар атқарылуда. Ауыл шаруашылық саласы оның ішінде мал шаруашылығына тоқталсақ 2019 жылы белгіленген межелер толық орындалып, 4721тн ет, 17926 тн сүт, 6305 дана жұмыртқа өндірілді.

2019 жылғы мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі

 

Өндірілген өнім түрлері

Өндірілген өнім

2018 жыл

2019 жыл 

пайызы

1

Ет (тн)

4703

4721

100,4

2

Сүт (тн)

16586

17926

108,1

3

Жұмыртқа (мың дана)

6003

6305

105

 Мал бастары алдыңғы жылмен салыстырғанда барлық түрінен толық орындалды. Оның ішінде,  округімізде әсіресе жылқы малының жыл санап өсіп отырғанын байқаймыз.

қ/с

Малдың түрі

01.01.2019 жылғы мал басы

01.01.2020 жылғы мал басы

пайызы

1

Уақ мал

21850

22039

107

2

Жылқы

544

560

113

3

Түйе

-

3

-

4

Ірі қара

2612

2621

101,5

5

Құс

4604

4750

105,2

2020 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша елді мекендегі барлық санаттағы мал бастары алдыңғы жылмен салыстырғанда жыл санап өсіп отырғанын байқаймыз. Мал басының табиғи өсімі өз төлі есебінен артуда. Мал басының жылдан жылға көбейуіне байланысты ортақ мал жайылымдары жетіспеушілігі артып келеді. Ауыл тұрғындары соңғы уақытта иеліктеріндегі төрт түлік малға ауыл аймағында жайылымның жетіспейтіндігін, ауылға бөлінген ортақ жайылымның аздығына алаңдаушылық білдіріп, күнделікті келіп шағымдылуда. Бүгінгі таңда округ бойынша 1619 үй, 9744 тұрғын болса, олардың жеке қожалығында 22039 қой мен ешкі, 2621 ірі қара, 560 жылқы, 3 түйе, 4750 құс бар. Ендігі жерде осылардың ішінен мал жайылымына бөлек тоқталатын болсақ, халықтың ортақ жайылымы зоотехникалық нормативке тіптен сәйкес келмейді, яғни төмен. Норматив бойынша бір ұсақ малға кемінде орташа 2-2,5 га, ірі қара малдарға 9-12га жайылым қажет болса, нақты бұл елді мекенде ұсақ малдарға 44078га (22039х2), ірі қара малға 5040га (560х9), жылқыға 23589га (2621х9), барлығы 72707га болу керек, ал біздегі ортақ жайылым 1582га ғана. Сондықтан аудан әкімінен 71125га қосымша жайлымдық жер телімін беру туралы сұраныс хат берілді.

Үш жақты келісім шарт бойынша

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар 300 аналық бас қойды қолдан ұрықтандыру межеленіп, нақты 1699 бас мал ұрықтанып, жоспар 568 пайызға артығымен орындалды.

Ауыл тұрғындарының жеке тұрғын үй және жеке қосалқы шаруашылығындағы 10-20 басқа дейінгі -51, 20-50 дейінгі- 14, 50-200 дейінгі- 4 мал бордақылау алаңдарында уақ, ірі қара, жылқы малдары бордақылануда.

5-10 бастық шағын жанұялық сүт ауалаларын құру жоспары 1 дана болса, 5 кәспкер жеке тұрғын үй аулаларында ашып, жиналған сүтті елді мекен тұрғындарына сатуда. Ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша жоспар 1 дана болса, кәсіпкер С.Ыдырысбеков 1 дана , Д.Тулегенова 5 дана ауыл шаруашылығы техникасын алды.

Суғармалы жер теліміне Омаров Әбдіқадыр 7 га жүгері дақылын, 6га бидай, 5га жоңышқа, Қ.Адырбеков, Қ.Сейтқазиевтер 3га жүгері дақылын екті. Ауыл тұрғыны Аубакирова Айсұлу, Оспанов Арман, М.Туркелдиевалар     өз тұрғын үй іргелік жерінен құс өсіру шаруашылығымен  айналысуда.

Жылы жай салу бойынша ауыл тұрғындары А.Мейманбаев  тұрғын үй іргелік жерінен 0,03 га жер теліміне, М.Сахов 0,04 га тұрғын үй іргелік жер телімінен жылыжай ісін қолға алып жүргізуде. 2020 жылы М.Мақұлбеков 0,05 га үй іргелік жер теліміне жылы жай салу құрылысын жүргізуде.

Сонымен қатар, округіміздің бірқатар шаруалары мен кәсіпкерлері қаржы ұйымдарынан, атап айтқанда «Бәйдібек несиеден» 4 жобаға 27200 мың теңге, «Ырыс» шағын несие орталығынан 10 адам 68500  мың теңгеге нисеиленіп, мал басын көбейту, қора-жай салу мал шаруашылығн дамытуда біршама жұмыстар жасауда.                                       

 

Ветеринария

Энзоотиялық аурулардың алдын алу, егу, залалсыздандыру жұмыстары

қ/с

Заласыздардыру түрі

мал

1 кезең көктемде

2 кезең күзде

 

1

Тоғыту, бас

Уақ мал

20668

20668

 

2

Бүрку, бас

Ірі қар

3124

3124

 

3

Дезинфекция, ш/м

Мал қора

273800

273800

 

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларына егілетін вакциналарды егу жұмыстары барлық түрінен жоспарға сәйкес жүргізілді. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі бруцеллез ауруын анықтау мақсатында серологиялық тексеру нәтижесінде «оң» белгі берген 14 уақ мал басы анықталып, арнайы комиссия құрамының қатысуымен жойылды. Есепті мерзімде көктем  айында  конго-қырым қанды қызбасы ауруының алдын алу және болдырмау мақсатында  273800 мың шаршы метр  қора жай мен мал шоғырланатын 812000 шаршы метр иірімдерге залалсындандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 344 ит мысық ауланып жойылды, 52 азаматты кене шаққан. Аталған азаматтар тексеруден өткізіліп, пәтижесінде белгілі бір ауру түрлері анықталмаған.

 

Әлеуметтік саласы

«Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 13 отбасы 2716298 теңге көлемінде шартсыз атаулы көмек алса, 101 отбасы 33862628 теңге шартты ақшалай көмек алды. Есепті мерзімде Е-халық бағдарламасына 1644 отбасы енгізілу керек болса,бүгінгі таңда 1570 отбасы енгізілді. Жұмыстар әлі де жалғасын табуда.  Мемлекеттік атаулы көмек алуға 124 отбасы өтініш білдірді. Бүгінгі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Демалыс орындарына 34 тыл ардагерлері мен батыр аналарға жолдама беріліп, шипажайға мүмкіндігі шектеулі 73 азамат сауықтыруға жіберілді. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарын анықтап олармен жұмыс жүргізілуде. Кедейшілікпен күресудің тиімді жолдарының бірі демеушілер есебінен көмек көрсету болса әлеуметтік жағынан әлсіз 301 отбасыға қайырымдылық және заттай  әлеуметтік көмек көрсетілді. Есепті мерзімде ауыл тұрғындарының әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарын анықтап олармен жұмыс жүргізілуде. 2019 жылдың ақпан айында тұрмысы төмен отбасылар үшін «Ақниет» дүкені ашылып, әлеуметтік жағынан әлсіз 52 отбасыға қайырымдылық және заттай  әлеуметтік көмек көрсетілді. 8-наурыз, 9-мамыр Жеңіс күні мерекесі, 1 қазан қарттар күні, Тәуілсіздік  күні мерекелерінде Батыр аналар мен көп балалы аналарға, тыл ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасыларға, жеке басты қарттарға  мерекелік сый-сияпаттар жасалынды Сонымен қатар 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне 286 адамға қайырымдылық мерекелік дастархан жайылды. Бұл іс-шараларды ұйымдастыруға елден шыққан кәсіпкерлер мен ауыл аумағындағы мекемелер демеушілік танытты.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының орындалуы туралы

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға  арналған» бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші бағытында қысқа мерзімді оқуға жолданған азаматтар 31 адам (жоспар 32 адам 96,9пайыз), екінші бағыты шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар бойынша  несие алған 106  азамат, (жоспар 26 адам 407,7 пайыз) оның ішінде несиеленгені 106 адам, 505 мың теңге, несие алған 14  азамат, (жоспар 14 адам 100 пайыз) оның ішінде несиеленгені 14 адам, 1млн  мың теңгеден жоғары.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша  уақытша жұмыс орындарымен қамтуға есепті мерзімде жұмыс берушілердің өтініштеріне сәйкес, шаруашылық субъектілері мен кәсіпорындарға 21 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.(жоспар 19 азамат 110,5 пайыз).  Сонымен қатар, жұмыс берушілердің сұраныстарына мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға және кәсіпкерлік субъектілерге 61 азамат жастар парактикасынан өтуге жолданды.(жоспар 36 азамат 169,4 пайыз). 77 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. (жоспар 75 азамат  102,7 пайыз)

Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес, 537 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты. (жоспар 314 адам 171 пайыз).

 

Білім беру саласы

Ауыл округінде 1 кәсіптік колледж, 4 жалпы білім беретін мектепте, 2140 оқушы мен 621 студент, 4 мектепке дейінгі мекемеде, яғни бала-бақшада 600 бала тәлім-тәрбие мен білім алуда. Мемлекет тарапынан сапалы білім, тәрбие беруге барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалынған, мектептер толық компьютермен қамтылып, оның ішінде 33 компьютер интернет жүйесіне қосылған. 2019 жылдың 19 наурызда аудан әкімінің №90  қаулысымен М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі, М.Әуезов атындағы IT-лицей мектебі болып өзгертілді. Ауыл тұрғыны А.Арынбек өз қаржысы есебінен 220 орындық «А.Арынбеков» ЖШС бастауыш мектебі ашылды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында мектептер мен «Аружан», «Шапағат» «Айсұлтан», «Тауасар» бала-бақшаларында түрлі танымдық іс-шаралар өткізілуде.

 

Мәдениет және спорт саласы

2019 жылдың әрбір атаулы күндеріне орай мерекелік спорттық іс-шаралар өткізілді. Мектеп және ауыл жастарын спортқа балу мақсатында спорт залдары мен ойын алаңшаларында жаттығыулар мен жарыстар өткізілді.

 

Тұрғын үй инвестициясы                         

Ауылдық округтегі тұрғындардың әл-ауқатының жақсара түскендігі тұрғындардың өз есебінен салынған тұрғын үйлер саны мен тұрғын жай көлемінің арта түскендігінен байқалады. Халықтың өз қаржысы есебінен 14 тұрғын үйдің құрылысы жаңадан салынып, құрылыс объектісінің қабылдау актісі жасалынып, жалпы тұрғын алаңы 1861,4 шаршы метр пайдалануға берілді және статистика басқармасына есепке алынды. Жалпы құны 120991 мың теңгені құрайды.

Шаян ауылының бас жоспарына сәйкес «Нұрлы жер бағдарламасы» аясында 55 га жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізіліп, есепті мерзімде пайдалануға беріліп, есепті мерзімде тұрғын үй іргелік жер телімінде кезекте тұрған 245 азаматтарға босатылуда, 27 азаматқа ауыл әкімінің шешімі берілді.

 

Инвестиция тарту

Ауыл аумағынан жеке кәсіпкер Жолдыбайұлы Серік «Дос» кафесін, жеке кәсіпкер Бахова Айғаным «Балдырған» әлеуметтік сауда дүкенін, жеке кәсіпкер Айтымбетов Ұлан май ауыстыру бекетін, жеке кәсіпкер Қарауылова Гүлбайран сауда дүкенін, жеке кәсіпкер Арыстанбекұлы Анарбай, жеке кәсіпкер Әлиева Дүйсенкүл сауда дүкендерін ашып, халыққа қызмет көрсетуде. Жеке кәсіпкер Ахметов Қанат қыш (шлокоблок) шығару цехын іске қосты. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 1989 жылғы түлектерінің демеушілігімен қорымның алдына 80 адамға арналған бастырма орнатты

 

Жарықтандыру мәселесі

Өздеріңізге мәлім өткен жылы М. Әуезов атындағы көшесіндегі тозығы жеткен ескі  бағаналар мен электр желілерін кәсіпкер Оралбай Ботбайдың демеушілігімен 3 шақырымға жаңа бағаналар қойылып, заманауи электр жарықтары орнатылды. Сонымен қатар орталық көшелердегі ескірген лампалар ауыстырылды. Есепті мерзімде «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 402324,0 мың теңге қаржыға елді мекендегі 9 көшеге Б.Қарашаұлы, М.Әуезов,Е.Шөкеев, С.Әлжанов, Б.Жылқышиев, Шәкәрім, Тәуелсіздік, Қ.Сәтпаев, Күлтөбе, Айналма жол көшелеріне барлығы 18,77 шақырым көше жарықтары мен жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жолдар салынды.

 

Ауыз су мәселесі

Ауыл тұрғындарына ауыз су Қапшағай су қоймасынан «Дегромон» су тазартқыш құрылғысы арқылы 1812 абонент пайдаланады. Ауыл ішіндегі ауыз су құбырларының ескіріп, тозығы жетуіне байланысты су құбырлары жиі-жиі жарылуда. Кәзіргі таңда елді мекеннің ауыз су құбырларына 2020 жылы қайта құру (реконструкция) жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттар әзірленуде.

 

Газ мәселесі

Тұрғын үйлерге көгілдір отын тарту жұмыстары жалғасуда. Ауыл тұрғындарының көгілдір отынға қосылмаған тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру  және оны тіркеу жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 1300-ден аса тұрғын үйлер көгілдір отын пайдалануда.

 

Әскер қатарына шақыру

Ауылдық округ бойынша 2019 жылы әскер қатарына шақырылатын азматтар саны 404, оның ішінде зерделеуге жататыны 147 азамат, зерделеуге барғаны 136, әскер қатарына шақырылушыларға жататыны 30, аудандық комиссиядан өткені 136. Әскер қатарына алынатын жылдық жоспары 30 азамат болса, көктем мезгілінде 5, күз мезгілінде 7, барлығы 12 азамат әскер қатарына алынды.

 

Қылмыстың тіркелуі

Ауыл округінде 2019 жылы барлығы 18 қылмыс орын алу фактісі тіркелді. Оның ашылғаны 11, ашылмағаны 7 (ауруханадан ұрланған ұялы телефон).

 

Сәулет, абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық

Елді мекендегі көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Іс-шараларға қоғамдық ұйымдар, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары бірлесіп атқаруда.Әрбір мекемеге, жеке тұрғын үйлерге нақты тапсырмалар беріліп, оның сапалы орындалуын тиянақты қадағаланып отырылды. Шаян ауыл округі бойынша ақпан айының 20 жұлдызынан бастап бекітілген кестеге сәйкес 45 рет сенбіліктер өткізілді. Бұл сенбіліктерде мекемелерге бөлінген аумақтар мен Екпінді-Шаян, Шаян-Бөген, Таңатар, Боралдай және Созақ ауданына шыға берістегі жол бойындағы қоқыстардан тазартылды. Жеке кәсіпкер Г.Сенбекқызы ауыл аумағындағы ретсіз тасталған күл-қоқыстарды атап айтқанда, Мыңбұлақ көшесінің бойы, Шаян өзенінің бойы, Ж.Сарыпбеков көшесінің бойы, Тәуелсіздік көшесінің бойы, Е.Шөкеев көшесінің бойыларын және елді мекен ішіндегі көше бойларындағы қапқа және ретсіз қоқыстарды шығарып, арнайы орынға тастады. Ауыл аумағында дүкендер мен тұрғын үй иелеріне санитарлық тазалықты сақтау жөнінде жеке-жеке  182 ескерту хаттары таратылып, оның ішіндегі 22 үйге хаттама толтырылып 22 үйге айыппұл салынып, 344842 теңге өндірілді. Сондай-ақ өзімізден өндірілетін салық түсімдері есебінен  Шаян ауылынан Алғабас ауылына шыға беріске 8000 дана қара тал және 100 түп туя көшеттері отырғызылып, 1200 метр жерді арнайы сым шарбақтармен қоршалып, жасыл бояу түске боялды. Көше бойларындағы ретсіз құрылыс материалдарынан (тас, топырақ) тазартылды. М. Әуезов, А. Нысанов, Е. Шөкеев, Т. Рысқұлов, О. Жандосов, Ғ.Мүсірепов көшелерінің арықтары тазартылып, Комсомол каналынан ауылға дейінгі аралақтағы лоток арықтардың іші қамыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Есепті мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 45 рет сенбіліктер өткізілді. Бұл сенбіліктерде мекемелерге бөлінген аумақтар мен Екпінді-Шаян, Шаян- Бөген, Таңатар, Боралдай және Созақ ауданына шыға берістегі жол бойыны, Шаян өзенінің жағалары қоқыстардан тазартылды. Ауыл аумағында дүкендер мен тұрғын үй иелеріне санитарлық тазалықты сақтау жөнінде жеке-жеке  84 ескерту хаттары таратылды.  Шаян ауылынан Алғабас ауылына шыға беріске , «Мәңгілік Ел» аллеясына, «Аппақ Ишан» мұражайының жанындағы бауға 2000 дана қара тал және 950 түп сәндік ағаш барлығы 3069 дана ағаш көшеттері отырғызылды. М.Әуезов, Қ.Спатаев, Б.Қарашаұлы көшелерінің бойындағы гүлзарларға 2300 дана роза және көп жылдық 14 дана шамшит, 100 дана түп шырша   көшеттері отырғызылды. Бұл гүлзарларды суландыру мақсатында  266 метрге су құбыры тартылып, қосылды.   Көше бойларындағы ретсіз құрылыс материалдарынан (тас, топырақ) тазартылуда. М. Әуезов көшесінің бойына 166 метр жер қоршау шарбақ орнатылды.Көше қиылыстарына көше атаулары жазылып,12 дана аншлагтар орнатылды. Т.Рысқұлов көшесі мен М.Әуезов атындағы көшелерінің қиылысына биіктігі 7 метр сағат орнатып, айналасын қоршап, көгалдандырылып, абаттандырылды. Ағын су жүретін ақтамман бастап бетон арықтардың қамыстары өртеліп, тазаланып 18 сәуірден бастап ауылға ағын су әкелінді. «Аппақ Ишан» мұражайының жанынан «Қуғын-сүргін құрбандарына арналған» биіктігі 7 метр мрамордан монумент қойылып, Б.Қарашаұлы көшесі жағына 115 метр шарбақ орнатылып, 70 түп туя көшеттері отырғызылды. «Аудандарды дамыту» жобасы бойынша облыстық бюджеттен 250697 мың теңгеге орталық саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Т.Рысқұлов көшесіндегі 2 қабатты тұрғын үй аппатты жағдайда болуына байланысты, 8 отбасыға мемлекеттен тиісті өтемақылары төленіп, ауыл аумағынан тұрғын үйлер алып, қоныстанды.

 

Құжаттар айналымы

Есепті мерзімде «Түркістан –адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында ауыл әкімдігі ғимаратында болып, ауыл тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді.  «Түркістан –адалдық алаңы» жобасы әр айдың үшінші аптасының жұмасында өткізіліп отырады.      

2019 жылдың 12 айында  ауылдық округі әкімінің атына жеке және заңды тұлғалардан 166 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштерге өз мерзімінде жауап берілді. 2019 жылдың 12 айында ауылдық округі әкімімен 236 нормативтік-құқықтық акті (106 шешімі, 130 өкімі) қабылданды.  Цифрландыру жүйесі негізінде ауыл әкімі аппаратының құжат айнылымына «Е Халық», «Е Қызмет» жүйелері іске қосылды.

Назарларыңызға РАХМЕТ!