×
Полная версия сайта

Официальный интернет-ресурс

Бәйдібек
ауданы әкімдігі

Ашық әкімдік Конкурстар АҚ "БЖЗҚ" Материалдар Сұрақтар Ақпараттық хабарлама Нормативтік құқықтық актілер Әкім аппараты Басшылық Құрылым Бәйдібек ауданы әкімінің аппарат басшысы, бөлім бастығы Мемлекеттік қызметтің имиджі Кадрмен қамтамасыз ету Конкурстар Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілген кандидиттар Ауданның бірыңғай конкурстық комиссиясының оң қорытыныдысын алғандар Халықпен жұмыс Азаматтарды қабылдау кестесі Бөлімдер Ауылдық округтер Мемлекеттік қызмет Инфографика Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Мемлекет қызметтер тізімі Мемлекеттік сатып алу Өңір туралы Бәйдібек ауданының есептері 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Жаңалықтар Хабарландырулар Өңірдің даму бағдарламалары Eлді мекендердің бас жоспарлары Үй іргелік жер телімін алу үшін кезекте тұрған азаматтардың тізімі Мәслиxат Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімі Аудандағы білім саласының есебі Аудандағы мектептер Аудандағы балабақшалар Жоспар Аудан бюджетінің атқарылуының есебі Кәсіпқой емес медиаторлар Ауыл шаруашылығының субсидиясы №312 қаулы 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы Автомобиль жолдары Аудан әкімінің баяндамалары Аудан әкімінің және ауылдық округтері әкімдерінің жергілікті тұрғындарға есеп беру кездесулерінің кестесі Бюджет Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру


Құрметті әріптестер және БАҚ өкілдері!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтып, болашаққа деген тарихи шешімін қабылдаған болатын.

Қоғамда жаңа рухани дәстүр қалыптастырып, қазақстандықтардың ыстық ықыласы мен қызу қолдауына ие болған стратегиялық құжат міндеттер мен мақсаттар жүктеді.

Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бәйдібек ауданы әкімінің өкімімен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, орталық және жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіру үшін өңірлік Жобалық офис құрылды. Жобалық кеңседе қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мақсатында әр бөлімің жауапты қызметкерлеріне тиісті жұмыстары бөлініп берілген.



Өткізілген іс-шаралар туралы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында 3 бағдарлама бойынша 1039 түрлі форматтағы іс-шара өтіп, 44 950 аудан тұрғындары қатысқан. Бұл орта есеппен аудан тұрғындарының 83,98 пайызын қамтып отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларының желілік кестесі әзірленіп, бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «Атамекен» бағдарламасы бойынша - 42 іс-шара, «Рухани қазына» бойынша - 71 іс-шара, «Тәрбие және білім» бойынша - 926 іс-шара өткізілген. Өткізілген ауқымды іс-шаралар тұрақты түрде электронды және баспа БАҚ беттерінде жарияланып келеді.

І. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша

Бәйдібек ауданының аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 926 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

«Алтын адам» кіші жоба аясында 2018 жылы туған өлкесінің тарихы мен мәдениетін оқып, білу мақсатында қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география, музыка пәндері мұражайларда, кітапханаларда ұйымдастырылып өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда жасөспірімдер туризімін дамыту мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» жас экологтардың аудандық слеті өткізіліп 200 адам жұмылдырылды.

«Өлкетану сағаттары» бойынша әр сенбі сайын жергілікті өлкетану мұражайларында сабақтар жүргізілуде. Оқушыларға әр елді мекеннің тарихы, жер-су аттары, табиғаты, тарихи-мәдени ескерткіштері, сол ауылда туылған танымал тұлғалар туралы жинақталған оқу құралын пайдалана отырып, қосымша білім беру жұмыстары жүргізіліп үстінде.

Сонымен қатар «Алтын қазына», «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам», «Дарындылар елі», «Отбасы әлемі», «Кітап білім бұлағы», «Балалар мен жасөспірімдердің ерікті қозғалысы дамуы», «Сөз тілдің көркі» кіші жобалары аясында Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Алтын қазына» аудандық конкурсы, оқушыларды ғылымға, өнертапқыштыққа баулу мақсатында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» аудандық конкурсы өткізілді.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» атты облыстық керуен-шеру өткізілді. Керуен-шеруге аудан көлеміндегі 48 білім беру мекемелерінен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен озат оқушылар қамтылып, Түркістан, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Отырар аудандарында орналасқан тарихи орындарына 550 мектеп оқушысы саяхаттады.

Сонымен қатар, облыстық іс-шараға 155 оқушы қатысып, 78 оқушы лауреаттық дипломдар мен бағалы сыйлықтар жеңіп алды.

«Саналы азамат» бағыты бойынша ауданымызда 250 іс-шара өтіп, 5300 адам қамтылды. Ауданымыздағы 7 мектепке 41 795,6 мың қаржыға робототехника құралдары қойылған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 2019 жылдың қаңтар, ақпан айларында «Бәсекеге қабілеттілік» бағытындағы кіші жобалар «Оқытушы өзгеріс жаршысы», «Балалар мен жасөспірімдердің ерікті қозғалысы дамуы» арқылы «Жас мамандар», «Ең үздік педагог» байқаулары, «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декадасы, «Ерікті мектеп лигасы» өткізілді.

Сонымен қатар «Білімнің салтанатты құруы» бағытында «Сөз тілдің көркі» кіші жобасы бойынша «Абай даналығы» әдеби жоба қаңтар-ақпан айларында барлық білім беру мекемелерінде жүргізіліп, жалғасын табуда. «Абайтану», Абайдың қара сөздерін жаттау» байқаулары өткізілді.

«Сананың ашықтығы» базалық бағытындағы «Мамандықтар әлемі» кіші жобасы бойынша «Жаңартылған білім беру бағдарламасының математика пәнінде оқытылу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізіліп сарапталды.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы базалық бағытындағы «Алтын адам» кіші жобасы бойынша «Алтын адам» жобасы бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, азаматтық мәдениетті,адами қасиетті мол терең түсінетін тұлға етіп тәрбиелу өмір талабы, қоғам қажеттілігі мақсатында өткізілді. Осы орайда тарих пәнінің мұғалімдері мектеп мұражайларында «Өлкетану» пәнінен «Өлкенің аңшылық өнері туралы», «Халқымыздың салт-дәстүрлері» және т.б. тақырыптарда кіріктірілген сабақтар өткізіп, киелі тарихи орындарға саяхат сабақтары ұйымдастырылды.

ІІ. «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша

Бәйдібек ауданында «Атамекен» кіші бағдарламасын «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобалары бойынша жүргізді.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында демеушілер есебінен 2018 жылы 1млрд 701 млн 10 мың теңгеге көмектер көрсетілген.

«Атамекен» жобасы аясында аудан аумағында кәсіпкерлер, демеушілер тарапынан жүзеге асырылып жатқан 60 жобаның тізімі жинақталып, оның құны 1 млрд 701 млн 10 мың теңгені құрады. Қазіргі таңда 59 жоба іске қосылды. Ауыл жастарын спортқа баулуға – 10 жоба, елді мекендерді көркейту – 20 жоба, мешіттерге демеушілік – 8 жоба, балабақша – 2 жоба, қайырымдылық – 20 жоба. /қосымша кесте-1/

Сондай-ақ, Борлысай ауылдық округінде Оралбек Ботбайдың демеушілігімен елді мекендер арасында көше бойларына электр жарығы жүргізілді. Шаян ауыл округінде «Интернешнл Фонд Хубара Консервейшн-Қазақстан»корпоративтік қоры аудан орталығынан «Спорт кешені» жанынан жабық бассейн, жабық ойын алаңы салынды.

«Сенімді болашақ» жобасы бойынша «Денсаулық» фестивалі, «Нашақорлыққа жоқ де!», «Діни экстремизм мен терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп», «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» және тағы сол секілді іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Еріктілер корпусы» жобасы бойынша аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бәйдібек өлкесі киелі мекен» атты экскурсиясы, «Ардагерлерді ардақтайық», «Рухани жаңғыруды өзіңнен баста» акциялары, «Атадан қалған асыл сөз» видео-эстафетасы, «Жылдың үздік жасы» үздік жас еріктілерді марапаттау іс-шарасы өткізілді.

«Табысқа апарар жол» жобасы бойынша ауданның әлеуметік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлесін қосқан, мұқтаж азаматтарға демеушілік жасап жүрген жергілікті кәсіпкерлермен 6 шебер-сыныптары ұйымдастырылды.

 «Жомарт жүрек» базалық жобасы бойынша

«Білімге бастар жол» жобасы аясында кәсіпкерлерді жастардың арнаулы және жоғары білім алуына, оқу төлемақысын төлеп беруге ниетті кәсіпкерлермен 5 кездесу өтті. Кездесу нәтижесінде 2 студенттің оқу төлемақысын ауыл кәсіпкері өз мойнына алып, төлеп берді.

«Аялы алақан» жобасы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бар мейіріміміз- балаларға» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасына жеке кәсіпкер тарапынан жалпы саны 23 адамға көмек көрсетілсе, «Мектепке жол» акциясы бойынша жергілікті кәсіпкерлердің тарапынан 25 балаға көмек қолы созылды. Сондай-ақ, І топ мүгедегі Эльмира Омарбекованың «Өмірге ынтық өлеңім» атты шығармашалық кеші өтті.

«Алтын ұям» жобасы аясында өңірдегі түлектерді өздері оқыған білім ұяларындағы материалдық-техникалық базасын жақсартуға және мұқтаж білім алушыларға әлеуметтік жәрдем көрсетуге ынталандыру мақсатында аудандағы білім беру мекемелерінен түлеп ұшқан азаматтар қол ұшын созып, 2018 жылы құны 28 млн 035 мың теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылды. /Қосымша кесте-2/

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі аудандық көлемде өткізіліп, облыстық деңгейдегі салтанатты марапаттауға «Жыл меценаты» номинациясы бойынша Ысқақов Талғат, «Батыл жүрек» номинациясы бойынша Бердібеков Еркінбек ұсынылып, марапатталып, республикалық деңгейдегі «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» номинациясымен Ысқақов Талғат Жүнісбекұлы марапатталды.

ІІІ. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша

Бәйдібек ауданында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 71 іс-шара өтіп, 15 637 аудан тұрғындары қамтылған.

Оның ішінде, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған ел – туған жер» жобасы аясында 51 іс-шара өткізіліп, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлеріміз дәріптелген.

Атап айтқанда, республикалық 1 іс-шара: О.Таймановтың 150 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы, облыстық 3 іс-шара: «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық фестивалі, «Шаянға барсаң әншімін деме» облыстық ән байқауы, «Туған жерге тағзым» атты З.Көпбосынұлының ұйымдастыруымен ұлттық көкпар ойыны өткізілді.

Бәйдібек ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Бәйдібек би» анимациялық фильмі түсірілді.

 «Ажарлы үй ырысты» жобасы аясында 2018 жылдың даму жобалық бағыты аясында «Ажарлы үй-ырысты» жобасы әзірленіп, елді мекендердегі көшелер, жеке үйлер мен жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттардың аулаларын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бәйдібек ауданында 13 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішіндегі ретке келтіруді қажет ететін 9 нысан бүгінде қайта қалпына келтірілді.

Жалпы, «Ажарлы үй ырысты» жобасы аясында 2018 жылы 6 сенбілік өткізілсе, көктемгі тазалық жұмыстарына байланысты елді мекендерде қайта қолға алынуда.

Анықтама үшін :

Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың наурыз айында «Көктем-тазалық бастамасы» атты облыстық сенбілік өткізу акциясының аясында 17.03.2018 жылы сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбілік күні елді мекендерде 45 шқ. көше бойлары мен 4,1 шқ. автожол жиектері, 10,5 шқ. аяқ жолдар, 2250 м2 үйіргелік аулалар, 50 тн күл-қоқыстар арнайы орындарға тасымалданып шығарылды. Сонымен қатар саябақтар, аллеялар ретке келтіріліп, 1370 ағаш көшеттері әктелінді. 1340 м2 көпқабатты үй қасбеттері әктелініп, сырланды. Сенбілік шарасына 2470 адам қатысып, 31000 дана көктемгі ағаш көшеттері отырғызылды.

«Алғабас» газетінің 02.03.2018 жылғы №9 санында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында аудан тұрғындарын, ауыл билерін және ауыл жастарын жоғарыда аталған шараларға шақыру туралы мақала жарияланды.

«Тазалықты өзіңнен баста» атты облыстық сенбілік акциясын аудан көлеміндегі барлық елді мекендерде өткізу (жергілікті тұрғындар, дүкен иелерін тарту) аясында 11 ауылдық округтерде сенбіліктер ұйымдастырылды.

Ауыл округі әкімдері тарапына сәйкес жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстардың нәтижесіне сай номинациялар үміткерлерін анықтау жүргізіліп, келесі номинациялар бойынша анықталатын болады. Атап айтқанда: «Үздік елді мекен», «Үздік көше», «Үздік аула», «Үздік коммуналдық қызметкер», «Үздік көпқабатты тұрғын үй».

«Қазақ тілінің латын қаріпіне көшуі» жобасы бойынша Бәйдібек ауданы тұрғындарының арасынан, мемлекеттік мекеме қызметкерлердің қатысуымен жалпыхалықтық диктант өтті. Бір мезетте ұйымдастырылған шараға 5088 аудан тұрғыны белсене атсалысты. Атап айтқанда педагог кадрлар саны – 1780, кіші қызметкерлер саны – 820, ата-аналар саны – 509, оқушылар саны – 1979 болды. Жалпы халықтық диктанттың тексеру қорытындысымен жалпы 1343 қатысушы – «өте жақсы», 1913 қатысушы – «жақсы», 1813 қатысушы «қанағаттанарлық» деген көрсеткішпен бағаланды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері ауданда латын харіпіне көшу мәселесі бойынша аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығы 6 көлемді іс-шара ұйымдастырса, аудан тұрғындары да шет қалмай түрлі форматтағы іс-шараларға қолдау көрсетті.

«Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында ауданымыздағы қасиетті, киелі нысандардың тізімі іріктеліп, өңірлік карта жобасы дайындалды. Аудан тарапынан іріктелген 185 археологиялық, 5 зиярат ету орындары, (Домалақ ана, Бәйдібек би, Ақмешіт үңгірі, Теректі әулие, Қосана) 2 табиғи-ландшафтты нысандар, (Ақмешіт үңгірі, Теректі әулие) 9 сәулет құрылыс нысандары облыстық мәдениет басқармасына ұсынылды. Оның ішінде бүгінгі таңда елімізде іріктелген жалпы ұлттық маңызы бар қасиетті орындардың тізіміне «Аппақ Ишан» сәулет кешені мен «Ақмешіт» үңгірі сондай-ақ, «Бәйдібек ата», «Домалақ ана» кесенелері енгізілді. Қалған объектілер жергілікті маңызы бар қасиетті орындардың тізімінде.

Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қасиетті орындардың жол картасы көпшілік шоғырланатын және үлкен жол бойына орнатылды.

Ауданда оқушылар туризмін дамыту мақсатында мектеп оқушылар облыс көлеміндегі және Бәйдібектегі тарихи нысандарды аралап, саяхаттар ұйымдастырылды. Нәтижесінде саяхатқа 3580 бала қамтылды.

ІV. «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жариялануына байланысты Бәйдібек ауданында БАҚ-да зиялы қауым, дін, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің сөз сөйлеуін, мақалалар жариялауын және материалдар шығарылуын ұйымдастыру жөнінде медиа жоспары әзірленіп, бекітілген. Бекітілген жоспарға сәйкес зиялы қауым, дін, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің 15 мақала әзірленіп, баспа бетінен жарық көрді.

Жыл басынан бері «Алғабас» газетінде 85 мақала, Бәйдібек ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында 120 мақала, облыстық, республикалық телеарналардан 38 бейнекөрсетілім, ақпарат агенттіктері мен сайттарда 119 мақала жарық көрген. Сонымен қатар Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының ресми сайты мен дербес бөлімдердің «facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшаларында бағдарламалардың аясында күнделікті өткізілген іс-шаралар туралы мерзімінде ақпараттар жарияланып отырады.

Өңірлік, республикалық телеарналарда

Баспа БАҚ беттерінде

Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда

38 бейнекөрсетілім

85 мақала

120 мақала

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралар белгіленген үлгіге сәйкес облыстық жобалық офисіне тұрақты түрде әр аптаның бейсенбісінде жолданып отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында арнайы топ құрылып, топ мүшелері аудан әкімімен бекітілген желілік кестесіне сәйкес 11 ауылдық округтерінде насихаттық жұмыстары жүргізді.

Бәйдібек ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Бәйдібек би» анимациялық фильмі ауданымыздағы мектептерде, мәдениет үйлері мен аудандық мәдениет сарайында 9 рет көрсетіліп, анимациялық фильмді 1800 бәйдібектік көрермендер тамашалаған.

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларына қатысты және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңіске жеткен жеңімпаздарды аудан көлемінде кеңінен насихаттау мақсатында 25 көрнекілік құралдары ілінген.

Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде атқарылатын жұмыстар әлі де көп. Жаңа жаһандық үрдістер бел алған заманда жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұрған міндет екені баршаңызға белгілі. Осы шақта қазақстандықтарға түбегейлі жаңғыру мүмкіндігі беріліп отыр. Әсіресе, бұл жас ұрпақ үшін қажетті. Біздің атқаратын жұмасымыздың ең басты қағидасы – жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс болуға тиісті.

Ұлт Көшбасшысының сындарлы саясатын насихаттай отырып, бағдарламалық мақаладан туындаған міндеттерді барша іңкәр өлкенің тұрғындары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, жұмыла көтеріп, еңсеріп шығатынына сенімім мол.

Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!