2020 жыл 13 шілде - ҚР Жалпыұлттық аза тұту күні

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барша қоғамның міндеті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және алдын алу елдің әл аухатын экономикасын жақсарту Елбасымыздың алға қойған негізгі саясаты. Осы Елбасымыздың саясатын іске асыру мақсатында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда.

     Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында аудан әкімдігі жанынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия» құрылған. Комиссия өз кезегінде тоқсанына бір рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес, комиссия отырысын өткізіп отырады. Комиссия отырысының күн тәртібінде қаралатын өзекті мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратына бағынысты барлық дербес бөлімдер мен барлық ауылдық округі әкімдерінің осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары  талқыланып тиісті тапсырмалар беріліп отырады.

       Сонымен қатар, аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлерінің лауазымдық қызметтерін атқару барысында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жол берілмеуіне және лауазымдық қызметтерін өз пайдасына пайдаланбауына, мемлекеттік қызметкерлерге заңмен белгіленген шектеулер мен тыйымдардың, еңбек тәртібінің сақталуын және Әдеп Кодексінің талаптарының  орындалуын бақылау мақсатында аудан әкімі аппараты жанынан «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» құрылған жұмысшы топ  әр жарты жыл сайын мониторинг жүргізіп отырады.

        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бастамасымен республика көлемінде  сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алуға бағытталған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізіндегі «Адал жол-Честный путь» марафоны  мега жобасы қабылданған.                 

        Осы «Адал жол-Честный путь» марафоны мега жобасы аясында ауданымызда 02 қараша мен 19 қараша аралығында түрлі іс-шаралар өткізілгеніне  өздеріңіз куә болдыңыздар.

Еліміздің және ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына бірден бір кедергі келтіретін ол сыбайлас жемқорлық пен  жеке бас пайдасын ойлау. Құрметті аудан тұрғындары сыбайлас жемқорлықпен күресу барша қоғамның міндеті.